Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері ( т?рік, со?да,араб).


ҚҚазақстан тарихы 10-сынып
43-сабақ 18.02.14 ж.
Сабақ тақырыбы: & 22. Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері (түрік, соғда, араб).
Сабақтың мақсаты: -VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету;- тарихи санасы қалыптасқан, қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру;
- ұлтжанды, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқу құралын тексеріп, түгелдеу;
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: & 14. Қазақстан аумағында ислам дінінің таралуы.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
VI-XII ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.
XIII-XV ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.
XV-XVII ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.
VIII-X ғғ.- түркілерде араб тілі кеңінен қолданылды. Түркілердің жазуы туралы алғашқы деректерді Менандр Протектор қалдырды (VI ғ. ІІ жартысы).
Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері- Солтүстік Моңғолиядағы Орхон, Толы, Селенга өзендерінің бойынан табылған тастағы жазулар. Бұл жазулар Білге қаған, Күлтегін (732 ж., 735 ж.), Тоныкөк (716 ж.) құрметіне жазылған. 1893 жылы 15 желтоқсан- дат ғалымы В.Томсон руна жазуын тұңғыш оқыды. В.В.Радлов руна жазуын оқудың кілтін тапты.
Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады.
Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері-«Күлтегін», «Тоныкөк» жазулары.
Қазақстандағы түрік жазуларының ескерткіштері Талас, Іле, Сыр, Ертіс бойынан табылды.
VIII ғасыр- түріктердің жазба әдебиеті шықты.
VIII-IX ғғ. Әдеби шығармалар- «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны.
VIII-IX ғғ.- Сырдария алқабында қыпшақ-оғыз арасында «Қорқыт ата» эпосы тарады. Эпос 12 жырдан тұрады.
«Оғызнама» эпосы ел арасында кең тараған. VI ғ. парсы тіліне, IX ғ. араб тіліне аударылған. XIII ғасыр- Рашид ад дин ескі нұсқасын бірінші жазып қалдырған. XVII ғасыр- Әбілғазы хан толық жазған. «Оғызнама» жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады.
XI-XII ғғ.- әдеби түркі тілі 3 топқа бөлінді: қарлұқ-ұйғыр(шағатай тілі), ұйғыр-оғыз, оғыз-қыпшақ.
Жазу 2 жүйе негізінде қалыптасты: руна жазуы, ұйғыр әліпбиі.
XIV-XV ғғ. Түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы қыпшақ-ноғай тармағынан қазақ тілі бөлініп шықты.
XIV-XV ғғ.- қыпшақ тіліндегі жазба әдебиеттің дамыған кезеңі.
«Кодекс куманикус» (Қыпшақ кітабы)- фольклор үлгілері сақталған жинақ (1303 жыл). Венециядағы қасиетті Марк шіркеуінде сақталуда. Халықаралық сөздік ретінде пайдаланылған.
1245 жыл- араб графикасымен жазылған «Терджуман түркі уа-араби» (араб-қыпшақ сөздігі) кітабында шамамен 2,5 мыңдай сөз енгізілген.
1310 жылы жазылған «Қисса Рабзиди» еңбегі аңыздар мен әңгімелерден тұрады.
XIV ғ. 30-ж. Алтын Орда түркі тіліндегі әдеби ескерткіш- «Хұсрау мен Шырын» (авторы Қутб).
1353 жыл- Хорезмидің қыпшақ және парсы тілдеріндегі «Мұхаббатнама» атты дастаны жазылды.
XIII ғ.- «Жүсіп-Зылиха» дастаны, авторы Әли.
XV-XVII ғасырларда- Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде көне қыпшақ тілі ресми, әдеби тіл ретінде қолданылды.
XV ғасыр- қазақ тілі өзіне тән ерекше белгілерімен дербес тілге айналды.
XVІ-XVII ғасырларда- қазақ тілінде тарихи шығармалар жазыла бастады.
XVІ-XVII ғасырлардағы қазақ тарихы жайындағы маңызды шығарма- Қадырғали Жалайыридың (1530-1605 жж.) «Жамиат Тауарих» («Шежірелер жинағы») шығармасы. Кітап араб әліпбиімен жазылған (1600-1602 жж.).
Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 жж.)- 1541-1546жж. парсы тілінде жазылған «Тарихи Рашиди» еңбегін Абдар Рашид ханға тарту еткен.
Өтеміс қажының «Шыңғыснама» шығармасы XVI ғ.ортасында жазылған.
XVI ғ. 40-жылдары- Масуд ибн Усман Кухистанидің «Тарихи Әбілхайр хани» еңбегі жазылды.
Шах Махмуд Шорастың «Тарих» шығармасында Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Жәңгір хандар туралы тарихи деректер келтірген. XVІ-XVII ғасырларда қазақ-моңғол қатынастарының тарихы баяндалған.
XVII ғасыр- Әбілғазы Баһадүр (1603-1664 жж.), Әкесі Арабмұхаммед- Жошы ханның ұрпағы, Хорезм ханы. 1661 ж. «Түркмен шежіресі», 1665 ж. «Түрік шежіресін» жазған. Еңбектері шежірелік сипатта жазылған. «Түрік шежіресі» кітабында шыққан тегінен бастап өзіне дейінгі әулет тарихын жазған.
IV. Сабақты бекіту:
Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері қай жерлерден табылды?
XIV-XV ғғ. жазба шығармалары қандай?
XV-XVII ғасырларда Алтын Орда, Ақ Орда дәуірінде қандай тіл ресми, әдеби тіл ретінде қолданылды?
V. Үйге тапсырма беру: & 22.
Қазақстан тарихы 10-сынып
44-сабақ 19.02.14 ж.
Сабақ тақырыбы: & 22.Ғылым мен әдебиет. Әл-Фараби .
Сабақтың мақсаты: -VI-XII ғасырлардағы қазақ жеріндегі рухани мәдениеттің дамуын, оның бағыттарын көрсету. Ғылым мен әдебиеттің дамуына өз үлесін қосқан ғалымдар, әдебиет өкілдері туралы мәліметтер бере отырып білімдерін тереңдету;- тарихи санасы қалыптасқан, қызығушылығы жоғары тұлға қалыптастыру;
- ұлтжанды, білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: баяндау, сұрақ жауап, оқулықпен жұмыс.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқу құралын тексеріп, түгелдеу;
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: & 22. Тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері (түрік, соғда, араб).
VI-XII ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.
XIII-XV ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.
XV-XVII ғасырлардағы тіл мен жазу, ежелгі жазба ескерткіштері.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Қожа Ахмет Йассауи.
Сүлеймен Бақырғани.
Ахмет Иугнеки.
Әбу Наср әл-Фараби.
Әбу Райхан әл-Бируни.
Сайрам мен Түркістан қалаларынан шыққан даналар.
Сыр бойының даналары.
1.Қожа Ахмет Йассауи XII ғ. (1103-1167 жж.) Испиджабта (Сайрамда) дүниеге келіп, Йассыда өмір сүрген. Бұхарада Юсуф Хамаданидан діни білім алған. Рухани ұстазы Арыстан бабты пір тұтқан. Ислам дінін уағыздаушы-сопы болған.
«Диуани Хикмет» («Даналық кітабы») шығармасы- тарихи, этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Кітап түрік тілінде араб әліпбиімен жазылған. Еңбек даналыққа, адалдыққа, кішіпейілдікке, имандылыққа шақырады. Ғұламаның бұдан басқа «Мират ул Кулуб» («Көніл айнасы») және «Пақырнама» деген еңбектері бар.
2. Сүлеймен Бақырғани. XII ғ. (Хакім ата).(1104-1186 жж.). Ахмет Йассауидің шакірті. Йассыда дүниеге келіп, Бақырған қыстағында қайтыс болды.
«Дүниенің ақыры» («Ақыр заман») еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. Халықты имандылыққа шақырады.
3.Ахмет Иугнеки. XII ғ. Шын есімі- Әдіб Ахмет Махмұдұлы. Йассы маңындағы Иугнек қыстақта дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін меңгерген. (Хибат ул хакайк) «Ақиқат сыйы» дастаны 14 тараудан 235 өлеңнен тұрады. Білім, әдеп, адамгершілік, еңбек туралы. Оны халық «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деп бағалаған. Дастан қазақ тіліне аударылып, 1985 ж. жарық көрді.
4.Әбу Наср әл Фараби. IX-X ғ. (870-950 жж.). Фараб маңындағы Отырарда дүниеге келіп, Бұхара мен Шашта, Бағдатта білім алған. Отырарда қыпшақ тілінде білім алып, Исфахан, Бағдат, Дамаск (Шам) қаласында араб тілін игерген. Ол шығармаларын араб тілінде жазған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді.
Философ, математик, музыкант, ғалым дүниеге көзкарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Ол адам дүниені және оның мәнін сезім мүшелері мен ақыл-ой арқылы таниды деп түсіндірді.
Ғылымның барлық салаларын меңгеріп, 50-ге тарта трактаттар жазды:
«Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы», «Жұлдыз бойынша болжаулар», «Вакуум туралы трактат», т.б.
Әсіресе философия ғылымындағы еңбегі ерекше. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Аристотель, Евклид, Птолемей шығармаларын сол тілде оқыған. Аристотельден кейінгі екінші ғұлама атанған ғалым.
5.Әбу Райхан әл Бируни. X-XI ғ. (973-1050 жж.)- энциклопедист-ғалым. Астроном, математик, географ, геолог, философ, тарихшы, дәрігер, ақын. 22 жасында әйгілі ғалым ретінде танылып, парсы, араб, грек, үнді тілдерін меңгерген.
150-ден астам еңбек жазған: «Ежелгі халықтардың хронологиясы», «Астрономияның кілті», «Бұрыңғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар», т.б.
Бируни тұңғыш рет жердің күнді айналып қозғалатыны жөнінде болжам айтты. Планеталардың қозғалу заңдылықтарын анықтады. Жер глобісының пішінін жасап, 600-ден астам қалалардың координаталарын анықтады. Дүниенің гелиоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын айтқан. Денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтқан.
6.Әбу-л-Хасан әл-Испиджаби- ұстаз, ғалым.
Жамал ад-дин Саид- математикамен айналысқан түркістандық ғалым, «Жоғары математика кітабына түсініктеме» трактаттың авторы.
7.Ғиас ад-дин Женди- ақын.
Хусам ад-Дин әл-Баршынлы- әдебиетші, ақын, ойшыл ғалым.
Жамал Қарши- ақын, «Ас-Сихахқа арналған таза қосымша» еңбектің авторы.
Шайқы Баба.
Баласағұн қаласы- Әбу Абд әл-Баласағұни, Тараз қаласы- Махмұд бин Әли ат-Тарази, Таһир Мұхаммед ат-Тарази, Шамс Тарази сияқты ғалымдар өмір сүріп, еңбек еткен.
IV. Сабақты бекіту:
Ахмет Иугнекидің шығармасы?
А.Йассауидің Бұхара қаласында діни білім алуына көмектескен ғұлама?
Қожа Ахмет Йассауидің өмір сүру жылдары?
V. Үйге тапсырма беру: & 22.