Открытый урок Дауыссыз дыбыстар


Сабақтың тақырыбы: Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі Орындаған: Каиева Л.У. а)Білімділік: Фонетика саласы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру, дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдарын түсіндіру.ә)Дамытушылық: Сабақ мазмұны, дидактикалық материалдар арқылы оқушылардың ақыл ойын дамыту, фонетикалық талдаулар жүргізе отырып, тақырыптық, ізденімпаздық қасиеттерін, танымдылығын арттыру. б)Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу. Үй тапсырмасын тексеру Е дыбысынан басталатын бірнеше жер-су атын тауып жазыңдар. Өткен тақырып бойынша білім тексеру. Фонетика саласы нені зерттейді?Әріп дегеніміз не?Дауысты дыбыстар дегеніміз не?Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары нешеу?Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қалай атаймыз?Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қалай атаймыз?Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар қандай боп бөлінеді?Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс қалай аталады? Еріндік дауыстыларды ата. Дауыссыз дыбыстар дегеніміз- өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстарды айтамыз. Салдыр Үннен салдыр басым Салдырдан үн басым Қатаң( қ,к,п,с,т,х,ф,ц,ч,ш,щ) Ұяң(б,в,г,ғ,д,ж,з,һ) Үнді(й,л,м,н,ң,р,(у)). Мына сөздерге көрсетілген жұп дауыссыздардың тиістісін жазыңдар. п-б: ...айдасыз, ...аласыз, ...алың,...са...ар, са...тау, қа...ылда, ла...ылда, са...ақт-д: ба...пақ, қа...ақ, са...ақ, ...ақ, ...абыс,...алап,...әрі,...аналық.к-г: ә...е, е...ін, кө...тем, кө...ер, ...үл,...еремет, тө..., тер...еу.қ-ғ: қа...аз,қа...ты, ба...ғдарлама, ба...ыр,...асыр,...арыш,...асық,қа...;с-з: а...амат,ба...тыр,сү...бе,сү...істі,...ағыз,қа...;ш-ж: ша...пау,қа..ымас,қа...қын,...апырақ,...иен,...аттық,...алтылда. “Кім тапқыр?” Әзіл жұмбақ. Фонетикалық екі ұғым Бірімен-бірі сыбайлас: Бірі-айтылады да, естіледі, Екіншісі-жазылады да көрінеді. 2. Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар, Жалпы қарауындағы әріптері Құрамындағыдан алты есе көп. 3. Бір ағашта отыз жеті алма,Оны алып жемек болсаң,Оншақысы тамағыңнан еркін өтіп кетеді.Қалғандары қақтығып барып өтеді. 4. Тауда жоқ, сайда бар, Атта жоқ, тайда бар, Биеде жоқ, түйеде бар, Қозыда жоқ, қойда бар, Жиында жоқ, тойда бар, Осындай тағы қайда бар? 268-жаттығу Мына өлең шумақтарындағы һ,ч дыбыстары бар сөздер қандай сөздер? Мағыналық жағынан талдау жасаңдар. Кітапқұмар Қаһарман, Таппаған соң шаһардан, Аттай қалап “Қаһарды” Сұрап алдық Гауһардан. Чех баласы-нар-талап Чемоданын арқалап, Үймеге келіп ақырын, Чемпион болды батырың. “Кім шапшаң?” ойыны “Кім алғыр?” ойыны “Кім сөз жасай алады?” тапсырмасы Төмендегі дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жасаңдар. 1.) р,о,б; 2) а,ш,а,ғ; 3) т,р,е,м; 4) а,б,л,ы,қ; 5) қ,ы,а,з,қ; 6) а,қ,я,т,и; 7) л,х,ы,қ,а; 8)р,п,д,ә,т,е; 9) б,а,с,қ,а; “Топтастыру” стратегиясыМына жер-су атауларынан сөздер құрастырЖезқазған-Көкшетау-Түркістан- 277- жаттығу Мәтінді оқып,туынды сөздерді теріп жаз.Жағалауда тұрып, шалқар айдынға көз жіберген кезде, теңіз дегенің судан басқа ештеңесі жоқ тұлдыр, тіршіліксіз дүниедей болып көрінеді. Бірақ, шын мәнінде, оның тұңғиығы қайнаған тіршілікке толы. Орман-тоғайда мекендейтін жан-жануарларды хайуанаттар бағынан кездестіруге болады. Ал теңіз “тұрғындарын” қайдан көреміз? Бұларға арналған хайуанаттар бағы да бар. Олар тек басқашалау-мұхитбақ деп аталады. Міне, су патшалығының небір асылдары мен құпия-жұмбақтарына қаныққыларың келсе, мұхитбақты тамашалаңдар.-Қосымшалы сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.-Қатаңнан басталып, қатаңға аяқталған 3 дыбыстан тұратын бірнеше сөзді тауып атаңдар. Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар Мен білемін Мен білдім Білгім келеді Үйге тапсырма. П