?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді жоспар Дауыссыз дыбыстар


Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі
Сынып: 5 «Ә» Пән мұғалімі: Г. Әбіқай
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстар
Сілтеме: стандарт, қазақ тілі пәнінің бағдарламасы, орта мерзімді жоспар
Мақсаты: Даыссыз дыбыстардың жасалу жолдарымен таныстыру
Міндеттері: 1 Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдары туралы оқып білу.
2. Берілген теориялық мағлұматтарды зерттеп, сыни көзқарастарын
қалыптастыру
3. Оқушы бойында өз бетімен білім алу дағдысын реттеу
Күтілетін нәтиже: 1. Ізденімпаздығы мен АКТ-ны пайдалану құзіреті артады
2. Дауыссыз дыбыстардың жасалу жолдары туралы біледі
3. Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды
4. Топпен, жұппен жұмыс жасай отырып, бір-біріне үйрете отырып
үйренеді.
5. Бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе
алады
6. Алған білімдерін өмірде қолданады
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Ой шақыру», «Мағынаны ажырату», «Ыстық орындық»

Дереккөздер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, АКТ, диалогтік оқыту, көшбасшылық
Ресурстар: Оқулық, и/а тақта, электронды оқулық, таблица, постер, стикер, маркер
Сабақтың жүру барысы:
Уақыты Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1мин Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу , сынып оқушыларын түгелдеу Жинақталады
2 мин Шаттық шеңбері Өзге ұлт өкілдерінің амандасу дәстүрі бойынша сәлемдесу:
-бразилия халқы бір-бірінің иығын қағады
- никарагуа халқы иықпен амандасады
- македондықтар баспен амандасады
- қазақ халқы қол беріп амандасады, ендеше қазақша амандасып, бір-бірімізге сәттілік тілейік
2 мин Топтастыру Сандар арқылы топқа бөлу Сандар арқылы 3 топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды
5 мин Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақты қорытындылау «Семантикалық карта» О Қ У Ш Ы
Дауысты Жуан Жіңішке Ашық Қысаң Еріндік Езулік Сұрақтарға жауап беру арқылы ойларын нақты жеткізеді, талқылайды
10мин Жаңа сабақ. «Ой шақыру»
Электронды оқулықты тыңдау Антоним дегеніміз не еді?
а-б, ә-в, о-п, ө-р берілген дыбыстардың айтылуындағы өзгешеліктерді салыстыра отырып, дауыссыз дыбыстың ережесін шығару Оқушылар берілген тапсырманы орындайды
2 мин Сергіту сәті «Қырағы болсаң тауып көр»
Бірімен-бірі сыбайлас
Бірі-айтылады, естіледі
Екіншісі-жазылады, көрінеді
Бір ағашта отыз жеті алма
Оны алып жемек болсаң
Он екісі тамағыңнан еркін өтеді
Қалғандары кедергімен өтеді
Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар
Жалпы қарауындағы әріптер
Құрамындағыдан алты есе көп Жұмбақтың шешуін табады
10 мин Жаңа сабақты бекіту. «Мағынаны тану» Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы оқушылардың білімдерін тереңдету Оқулықпен жұмыс 258- жаттығуды орындайды.
1-топ: 1-сөйлем.
2-топ: 2,3- сөйлем.
3-топ: 4-сөйлем
259-жаттығу
1-топ: п-б
2-топ: т-д
3-топ: к-г
5 мин Ой толғаныс 1-топ: Бірдей дыбыстан басталатын сөздерден сөйлем құрау (Қойдан қалып қойған қара қозыны Қайрат қораға қамап қойды)
2-топ: Сыныптағы аты дауыссыз дыбыстан басталатын оқушылардың есімдерін жазады.
3-топ: Дауыссыз дыбыстан басталатын қазақтың ұлттық киімдері мен музыкалық аспаптарын жазады
3 мин Сабақты қорытындылау «Ыстық орындық» Сұрақтарға жауап береді
1 мин Үйге тапсырма беру 260-жаттығу Үй тапсырмасын жазып алады.
1 мин Бағалау Формативті, суммативті бағалау Топ басшысы әр топ мүшесіне, топ жұмысына баға береді
3 мин Рефлексия Оқушылар бүгін не оқып-үйренді? Мен сабақ құрылымын сәтті дайындай алдым ба? Мен уақытты тиімді пайдалана алдым ба? Мен жоспарға қандай өзгеріс енгіздім? Мен сынып оқушылары туралы не білдім. Келесі сабақта не туралы айтамын ? Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады
Топты бағалау парағы:
№ Топ мүшелері Үй тапсырмасы Ой толғаныс Мағынаны тану Ыстық орындық Қорытынды
1 2 3 4 Бағалау критерийлері: 1-тапсырманы толық орындауы,2-сұраққа дұрыс жауап
беруі, 3- оқушылардың дәлелді түсіндіруі. Әр тапсырмаға
2 ұпай беріледі.
8-10 ұпай-5, 6-7 ұпай-4,4-5 ұпай-3, 1-3 ұпай-2