АЛТЫН К?З!(14 Мад тобы)
Мақсаты:Куз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.Күз өнімдерімен таныстыру,олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.Мерекелік көңіл-күй орнату.Балаларды ән салуға ,би билеуге ,түрлі іс-әрекеттерге тарту,бейімділігін арттыру.Шығармашылық ой-қиялдарының дамуына ықпал ету.Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру.
Барысы:Зал мерекеге сай безендірілген.
Тәрбиеші:Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Құрметті қонақтар!Құрметті ата-аналар!Алтын күз мерекесіне қош келдініңздер!
№14 «Ақбөбек» МАД тобының бүлдіршіндерін шақырамыз!
Ән: «Аспаным –ау, аспаным»
1-бала:Тоқтаңдар,тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп демейді)
2-бала:Енді,енді не істейміз?!
(құлаған баланың атын атайды)қалай көмектесеміз?
3-бала:Сабыр сақта ,саспайық.Дәрігер шақырайық!
1-бала:Жо-жоқ!Дәрігер керек емес.Қазір өзім тұрамын тез!
4-бала:Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
1-бала: Ах!
Бәрі бірге:Дәрігер,дәрігер!(«Жедел жәрдем»машинасының дыбысы естіледі.Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер:Мені неге шақырдыңдар
Қандай шағым арыздарың бар?
Бәрі бірге:(Әлсіреп құлаған баланы атайды)дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер:Қазір қарап шығайын
Неден ауырғанын ұғайын...(Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер:-А-а-а-деп кане,аузыңды ашшы.....(Тексереді)
Тістерің орнында,тамағың іспеген
Қол аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспейді!
1-бала :Енді не істеймін?
Дәрігер :Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс
Көп-көп көкөніс ,жемістер жеуге тырыс!
2-бала:Қазір күз мезгілі түстіғой,
Жемістер мен көкөністер пістіғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
3-бала:Дұрыс айтасың!(Қалта телефонымен қоңырау шалады)
-Алло,алло!Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Көлікке тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Көліктің дыбысы естіліп,Алтын күзбен бірге жемістермен-көкөністер кіріп келеді)
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар
Молшылыққа кенеліп
Шаттық әнге салыңдар
Балалар,сендер ауырмасын деп мен көптеген жемістер пен көкөністерді ала келдім.Сендерге бір шартым бар:маған ән салып ,би-билеп бересіңдер,ал мен сендерге себет толы жемістермен көкөністерімді беремін.
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе ,Күз ханшайымы!Қош келдіңіз!Балалардың өнерін тамашалаңыздар!
Сағира:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Айару:
Жемісі мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген
Іңкәр:
Алтын сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
О алақай !Тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма едім жата қап.
Ардақ:
Жетті желмен Алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз
Жиып-теріп болған соң
Той жасайды халқымыз
Мол өнімді жинаймыз
Елге бәрін сыйлаймыз.
Күз ханшайымы:Жарайсыңдар балалар!
Жүргізуші:Ән: «Күз бояуы»
Күз ханшайымы біздің балалар күз меезгілінің айларына байланысты да тақпақтар да біледі.
Азамат:
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен.
Қош келіпсіз күз дескен
Диас:
Қазан айы болыпты
Қамбаға астық толыпты
Даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы
Бұл мен қазан айы
Кәусар:
Мол байлық тергені
Шаттығы қаншалық
Қараша өрледі,қараша ән салып
Би: «Ха- фа на- на»
Жүргізуші:Арпа, бидай ас екен
Алтын күміс тас екен-демекші біздің балалар дақылдар туралы тақпақтар айтады.
Иброхим:
Нан атасы бидаймын
Елге астық силаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма симаймын
Нұржан:
Ақ,қарамын,сарымын
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын.
Исламбек:
Күнді сүйген күрішпін
Күллі жұртқа ырыспын
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар!
Би: «Үнді биі»
Жүргізуші:Өркендерің өссін балалар!
Күзде өздері пісетін
Тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сіздерге
Жемістер мен көкөністер сан түрлі
Диана:
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін-ай
Менің атым құлпынай
Арайлым:
Тіл үйірген алмұртпын
Таңсығымын бар жұрттың
Жақсы өсіре алмайды
Қараса егер салғырт кім
Лаура:
Өрікпін мен өрікпін
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң
Талды бойлап өрікпін.
Гүлназ:
Мен моншақты шиемін
Құмарсыңдар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім
Аружан:
Тал шыбығым бұралып
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып
Нұрислам:
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар! Тақпақтарың тамаша екен.
Би: «Вальс»
Ән: «Белая березинка»
Күз ханшайымы:Бәрекелді балалар!Өте тамаша!
Жүргізуші:Ал, ендеше құрметті ата-аналар сіздермен ойын ойнайық.
Ойын: «Кім ұқыпты?Кім жылдам?»
Би: «Қуыршақ биі»
Жүргізуші:
Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік,ойнайық.
Би: «Флешмоб»
Алтын куз:Керемет! Қандай әдемі!Балалар,менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.Мен енді кетейін,сау болып тұрыңдар!Келесі жылы кездескенше аман болыңдар!
Жүргізуші:Күз ханшайымының сыйы-жемістерден дәм тататын кез келген сияқты,тобымызға баруға жиналайық.
Құрметті қонақтар,ата –аналар бүгінгі «Берекелі-Алтын күз!»-атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып,күз берекелі,астықты болсын демекпіз.
«Берекелі бақ-дәулет,арта түссін тойланып
Сау болыңдар қонақтар,келгенше жыл айналып..»
«Бекітемін»
№21 «Назерке» балабақшасы
жедел басқару құқығындағы
МКҚК-ның әдіскері:
________Ж.А.Сарыева
«Берекелі -Алтын күз!»
(ертеңгілігі)
№14 «Ақбөбек» МАД тобының
Тәрбиешісі:Клычева С
2016-2017 оқу жылы