Саба? жоспарыны? та?ырыбы Сурет бойынша есептер Мектепалды даярлы? тобы
Мерзімі ….........................
Пәи: Математика
Сабактың тақырыбы: Сурет бойынша есептер.
Сабақтың мақсаты: 1-ден 5-ке дейінгі сандарды, олардың таңбалануын, құрамын қайталау. Білімдерін бақылау. Қосу алу амалдарын пайдалана отырып есептер шығару.Суреттер бойынша есептер шыгарып білімдерін әрі қарай дамыту.
Сабактың көрнекілігі: 0-31
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды түгендеу
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру:
Дәптерлерін тексеру.
0-санының жазу және 0 caнын бояу
3. Өткенді пысықтау:
1-ден 5-ке дейін санап бер.
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау.
0 саны қалай жазылады?
4. Жана сабаққа даярлық:
Оқушылардың назарын сабаққа аударып, қай сабак екенін, тақырыбын хабарлау.
5. Жаңа сабақ:
Оқулық дәптердегі ондағы жануарлардың орналасуына қарай олардың әрқайсысының қайда мекендейтінін анықтау.
1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура кері санау.
Жеміс жидектерді пайдалана отырып есептер шығару.
1 + 2 = 3 2 - 1 = 1 3 + 1 = 4
2 + 2 = 4 3 - 2 = 1 4 + 1 = 5
Ойын: «Кім жылдам»
Сандардың алдыңғы және артқы көршілерін табу.
Жоғалған санды табу
6. Сергіту сәті.
Бір дегенде тұрайық
2,3,4 алақанды ұрайық
Сол жаққа бір бұрылып
Он жаққа бір бұрылып
5-дегенде асықпай
Орнымызды табайық.
7. Сабакты қорытындылау. Сабаққа жаксы қатысқан оқушыларды мадақтау, мақтау, бағалау.