Консультация для родителей ,,Развитие речи 3 летнего ребенка,, (вторая младшая группа)



Баланың 3 жасқа толғанында нені біліп-түсінуі керек мәселесі әр ата-ананы толғандыратыны сөзсіз. Әр баланың қабілеті әр түрлі келеді, осыған орай олардың дамып жетілуі де әркелкі. Дамуындағы бұл ерекшеліктері ата-ананың балаға көңіл бөлуіне, олардың баланы толыққанды дамытуға бөлген уақыттарының көлеміне де тікелей байланысты. 
Сонымен қатар, баланың дамып-жетілуіне ата-анасының ықпалысыз даруға тиісті нақты дағды-қабілеттердің тізімі де кездеседі. Олар:
1.     3 жастағы бала өз денесін тіке ұстап, қимыл-қозғалысын үйлестіре білуі;
2.     Негізгі 6 түсті (қара, ақ, қызыл, жасыл, көк, сарыны) ажырата білуі және атауы, негізгі нышандарды (шаршы, текше, шеңбер, үшбұрыш, дөңес және ромбты) айыра білуі;
3.     Оң және сол ұғымдарын түсінуі;
4.     1-ден 10-ға санай білуі;
5.     Логиканы дамытуға бағытталған қарапайым ойындарды (пирамиданы құрастыру, пазлдарды, кубиктерді, конструкторларды жинау) ойнай білуі;
6.     5-10 минут көлемінде басқаға алданбай ойнап отыра алуы.
Аталған көрсеткіштердің барлығы ата-ананың баласын би немесе ағылшын тілін үйрету немесе тағы да басқа үйірмелерге қатыстыру мәселесінде ескерілуі керек.
3 жасында бала еркін сөйлей білуі және «Сұрақ қойғыш» болуы тиіс. Берген жауабыңызға қайтадан сұрақ қойып мазаңызды алуы мүмкін. сіздің берген қарапайым жауабыңыз оны мүлдем қанағаттандырмайды. Оған үлкен адамға секілді толығымен жауап қайтару керек. дүниеде болып жатқан барлық құбылыстар мен өзгерістердің барлығы оған өте қызықты. Дәл осы сәттерде «Қойшы, балам, мазамды ала бердің ғой», - тәріздес сөздермен баланың көңілін басып тастамауыңыз аса маңызды.
Үш жастағы баланың сөздік қоры шамамен 300-ге жуық болады. Оның көбісі түсініксіз келеді. Ойындағысын түсіндіре алмай, баланың налуы (ызалануы) да мүмкін. Ондайда баланы қолпаштап, айтқанын түсінген кейіп танытуды ұмытпаңыз. Бұл баланың болашақта ызақор болып кетпеуіне өте ықпал етеді.
Ол суретке қарап әңгіме құрастырғысы келеді, киім-кешек, кейбір жеміс-жидектердің, көкөністердің, аңдардың және үй жануарларының, жыл мезгілдерінің, олардың төлдерінің атауларын, шығаратын дыбыстарын ажырата және айта алады.
Заттардың 3-4 айырмашылығын айыра, көптеген әріптерді дыбыстай, суық-ыстық, ауыр-жеңіл, ұзын-қысқа тағы да басқа қарама-қайшылықтарды ажырата біледі.
Өз бетімен өзімен тетелес балалармен тіл табыса алады, ойыншықтарымен бөліседі, жасы кіші балаларды ренжітпеу керек екендігі, оларды бағу және ойнату керек екендігін түсінеді.
Осымен тәмамдай келе, жасы үшке толған баланың бірсыпыра дүниені білуі тиіс екендігін түсінеміз.
Балаңыздың тілі енді шығып, дүниені тануына жалықпай және шаршамай қолғабысыңызды беруді ұмытпаңыз.
Бұл сәттер болашақта ата-анамен баланың арасындағы байланыстың үзілмеуіне, араларында сенім орнауына аса ықпалын тигізеді.
15709135800200