Сауат ашу Таби?ат?а саяхат Ж дыбысы мен ?рпі


Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа саяхат.
Ж дыбысы мен әрпі. 112-сабақ. Мектебі: Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы ОМ МДШО КММ
Күні: 24. 01. 2017. Мұғалім : Турумбетова С
Сыныбы : 1 «Ә» сынып Қатысқаны: Қатыспағаны:
Оқу мақсаттары 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Ойлау деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критериийлері:
1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді таба алады.
2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.
3. Жж әрпін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.
Алдыңғы білімдер
2 мин (Ұ) «Сөз тізбегі» ойыны
Ойынның шарты: Сөздің соңғы әрпі қандай болса, келесі сөздің бастапқы әрпі де сол болу керек.Сөйтіп жаңа сөздер ойлап, сөздерден тізбек жасау керек.
Мысалы: Май, йогурт, тақта, Алматы, ырыс, саяхат. Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Дереккөздер
Сабақтың басы
3мин Психологиялық дайындық. Ертеңгілік шеңбері
Қара достым жан-жаққа,
Дайынсың ба, сабаққа?
Орнында ма, қарағын,
Кітап, дәптер, қаламың?
Сабақтың ұраны:
ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН,
ЖАМАННАН ЖИРЕН .  
Жұмбақтар шешу:
1.Бос жер қалмай аспаннанТүнде шешіп тасталғанМоншақтардың аты не?Қайсы әріптен басталған. (Жұлдыз)
2.Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс)                                     Шаттық шеңбер
Сабақтың ортасы
20 мин
15 мин
1.Оқы.
Жаға жалау жасыл жақсы жылтыр
Жаса жасау жайлау жаман жауын
2. Оқулықта берілген суреттердің астындағы жасырынған сөздерді тапқызу. Олардың қандай сөз болу мүмкін екеніне басқа суреттердің астындағы жазуларды оқытып, болжау жасату. Сөздің мағынасын түсінбеген жағдайда суреттер немесе мысалдар арқылы түсіндіру.
Мысалы, жуан – жіңішке,жақын – алыс.

3. Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. Диалогті сыныптасыңмен рөлге бөліп оқы.
-Жолға шығатын адамды кім дейді?
-Жолаушы.
-Жолаушыға айтылатын тілек сөз қандай?
-Жолың болсын, жолаушы!
4. «Жолға шығу» ойыны. Ойын айналадағы заттарға талдау жасауға мүмкіндік береді. Жолға шыққан жолаушы қандай заттарды алады? деген сұрақ қойылады.Бір топ керекті заттар тізімін айтады, екінші топ ол заттар не үшін қажет екенін айтып беруі керек.
Дескриптор
- Ж әріпті таниды,ажыратады және дыбыспен сәйкестендіре алады
- Суреттердің көмегімен сөздер оқи алады
Сергіту сәті
Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
(МК, Ө) Дәптермен жұмыс
-дәптер бетіндегі суреттерді бояу
-әртүрлі (түзу, қисық, сынық) сызықтар сызу
-үзік сызықтарды бастырып жүргізу
-әріп элементтерімен таныстыру, оларды жазуға үйрету.
Дескриптор
- Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады
5. «Ұйқасын тап» ойыны.
1.Іші толған шәрбат, Дәмі қандай әйбат, Үзесің бірден жүзін, Оның аты - …( жүзім ) 2.Сырты қандай қатты,Дәні сондай тәтті,Шағып қара таңдап,Оның аты - …( жаңғақ )3.Құйрығы он қарыс,Бұл - айбатты …(жолбарыс )
Жазда тұрып жоғары,Күзде жерге қонады.     (  Жапырақ )
Шыққан сөздерді орысша, ағылшынша айту:
Жүзім – виноград - grapesЖаңғақ – орех - nutЖолбарыс – тигр - tigerЖапырақ – лист - sheet Суреттер
Оқулық, сызба
Аяқталуы
Қорытындылау
5мин Ж әрпіне сөздер табады
Ойын: «Кім тапқыр?»
Балалар, ж дыбысының таңбасы неге ұқсайды?Көбелекке кәдімгі,Қарасаңыз анықтап.Жаны бар Ж ұшып жүр.Жапырақша қалықтап.суреттер
Қосымша ақпарат
Дифференциация: Рефлексия
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ-мен байланыс
Бейнелеу өнері
Орыс тілі