Конспект на тему Тарма?талу операторлары


Сабақтың тақырыбы: III тарау. Алгоритмдеу және программалау.
Тармақталу операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шартты операторлардың жазылу тәртібімен
таныстыру және тармақталған алгоритмдерді
бағдарламалау жайлы түсіндіру. Сабақтан алған
теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде
көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Бағдарламалау тілінде жұмыс жасай білу
дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін
сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген
қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау
мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара
көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: Топтық
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптер.
Пән аралық байланыс: Математика
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі – 1 мин
Үй тапсырмасын қайталау – 5 мин
Жаңа сабақты түсіндіру – 13 мин
Жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары – 3 мин
Оқушылардың қызығушылығын арттыру – 5 мин
Есептер шығару – 15 мин
Оқушыларды бағалау – 2 мин
Үй тапсырмасы – 1 мин
I. Ұйымдастыру бөлімі: 1.Сәлемдесу
2.Сабаққа қатысын тексеру
3.Үй тапсырмасын сұрау
II.Жаңа сабақты баяндау:
Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Программа тілі программаны құрайтын жазбалар жүйесін анықтайтын ережелер жинағы.
Паскаль тілінде басқару операторларына шартты операторлар жатады. Егер есептің мазмұнында шарт беріліп, шешімі сол шартқа байланысты болса, шартты көшу операторы қолданылады.
Тармақталу операторы дегеніміз – шарттың орындалуына және орындалмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді. Шарт ретінде логикалық қатынастар қолданылады. Логикалық шарт тексеріледі, егер орындалса, онда бір жолмен , ал егер орындалмаса , онда екінші жолмен жүзеге асады да, соңында екі тармақ бірігеді. Мұндай алгоритмдерді шарт тексеру, яғни тартақталу операторы деп атайды. Блок – схемасында шарт тексеру блогы ромб қолданылады.
177736541910шартттттттттттттт
0шартттттттттттттт
жоқ ия
347281512700129159012700129159012700301561512700
29197303365501 оператор
01 оператор
4438653365502 оператор
002 оператор

34823403270251291590327025
12820652222502377440222250
Тармақталу алгоритмдерінде мынадай қызметші сөздер қолданылады. IF – егер , THEN – онда, ELSE – әйтпесе.
Оператор прогаммадағы іс – әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің ең көп тараған тәсілі болып табылады. Шартты көшу операторының толық түрі, паскаль тілінде жазылуы
1 шарт 2 оператор
If < шарт > then < 1 оператор > else < 2 оператор >
Егер шарттың мәні “ ақиқат ” болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән “ жалған ” болса, ELSE сөзінен кейінге оператор орындалады.
Шарттың өрнегін жазу үшін мынадай салыстыру белгілерін пайдаланамыз:
= Тең
< Кіші
≤ Кіші немесе тең
> Үлкен
≥ Үлкен немесе тең
<> Тең емес

Мәселен, өмірден қарапайым мысал. Егер демалыс күні ауа райы жақсы болса, онда біз саябаққа серуендеуге барамыз, қолайсыз болса үйде теледидар көреміз.
283464092710
101536534925Ауа райы жақсы ма?
0Ауа райы жақсы ма?

5073015349256343653492563436534925463486534925
4044315120650Теледидар көреміз
Теледидар көреміз
-222885168275Саябақта серуендейміз
00Саябақта серуендейміз

28346402057406343652057405073015-3810634365-3810
Жаңа сабақты қорытындылау сұрақтары:
1.Алгоритм дегеніміз не?
2.Тармақталу операторы дегеніміз не?
3.Тармақталу алгоритмінде қандай қызметші сөздер қолданылады?
4.Шарт өрнегін жазу үшін қандай салыстыру белгілері қолданылады?
III.Оқушылардың қызығушылығын арттыру, сергіту сәті. Жұмбақтар
шешу,мақал сөздің мәйегі. Топтық жарыс.
1.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамын,
Ең қажетті құралмын. (тышқан)
2.Жұртты өзіне қаратқан
Ақпаратты сақтап, таратқан. (компьютер)
3.Мәліметті сұраған,
Экранға шығарған. (монитор)
4.Егер білсең, айта қойшы
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізеді. (сканер)
5.Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (курсор)
6.Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер бұл ... (бит)
7.Байт биттен құралады (теңге тиыннан құралады)
8.Компьютерде 2 колонка,дауысы оның жер жарады
(айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)
9.Вирустан қорыққан, интернетке шықпас.
(шегірткеден қорыққан, егін екпес)
10.Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы оданда жақсы.
(бір бас жақсы, екі бас оданда жақсы)
11.Антивирусы күштіні – вирус ала алмайды.
(досы көпті жау алмайды)
12.Білмесең «анықтамадан» сұра. (білмесең білгенннен сұра).
IV.Есептер шығару. Екі топқа тапсырма
I топ. Екі санның үлкенін табатын программа және блок сызбасын құру.
II топ. у = x+2 x<02x3 x≥0

Программа және блок сызбасын құру.
V. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысында әр оқушының сабақ соңында өздерінің қаншалықты дәрежеде тақырыпты меңгергені анықталады, үй тапсырмасын, есеп шығару, тест парағы, бүгінгі жаңа сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды өз деңгейлеріне қарап бағалау.
VI. Үйге тапсырма
Тармақталу операторлары.
Тест сұрақтары.
1.Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше
жолдарға бөліну тобын ....
а) сызықтық алгоритм
б) тармақталған алгоритм
в) циклдік алгоритм
2.Қандай жағдайда тармақталу алгоритмі қолданылады?
а) кейбір командалар бірнеше рет қайталанғанда
б) шарттарға байланысты
в) кестелік функцияны есептеуге
3.Тармақталу операторының толымды түрі?
а) FOR – NEXT
б) IF – THEN – ELSE
в) IF – THEN
4. Тармақталу операторының толымсыз түрі?
а) FOR – TО
б) IF – THEN – ELSE
в) IF – THEN
5.Шартты көшу операторының дұрыс нұсқасын көрсет
а) if < шарт> then <1-оператор> else <2- оператор >
б) if <1- оператор > then < шарт> else <2- оператор >
в) if < шарт> then <2- оператор > else <1- оператор >
6.IF сөзінің баламасы
а) егер б) онда в) әйтпесе
7. THEN сөзінің баламасы
а) егер б) онда в) әйтпесе
8. ELSE сөзінің баламасы
а) егер б) онда в) әйтпесе