Механикалы? ?оз?алыс, тепе – те?дік (5 сынып)


Тексерілді

Директордың
оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
Сабақ № 23
Сынып: 5
Пән: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: Механикалық қозғалыс, тепе – теңдік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларғаға механикалық қозғалыс жалпы қозғалыс жайлы,адамдардың тепе-теңдікті сақтауы туралы  түсінік беру.
Дамытушылық: Жалпы оқу іскерліктерін үйрену,оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне,қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: атлас, оқулық, кескін карта т.б

Сабақ барысы :
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс – әрекеті
1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 1.Табиғатта физикалық-химиялық құбылыстарға нені жатқызуға болады?
2.Физикалық және химиялық құбылыстардың қандай айырмашылығы бар?
3.Қандай құбылысты физикалық құбылыс дейміз?
3. Жаңа материалға көшу кезең
1. .Қазша қанатын жаядыҮйрекше мойынын созадыҚұсша қонады (ұшақ)2.Қос күйрекпен еседіСу көлігі деседі 3.Күндіз – түні күрсінеді,Жүрген жері сілкінеді(поезд)4.Аузында орақҚолында тарақ Аңызда келедіАқ маржан төгеді (комбайн)5.Тырылдап көкте инелекИнелек емес,үй делік (вертолет)6.Екі аяқты шайтанМаймаңдар қайқаң - қайқаң (велосипед)
4. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық Адам қозғалыссыз өмір сүре ала ма? Қозғалыс дегеніміз не? Кеңістікте дененің салыстырмалы түрде басқа денеге қарағанда орналасқан жерін өзгертуі. Жалпы айтатын болсақ табиғаттағы кез келген  өзгерісті қозғалыс деп түсінеміз.Бір орыннан үнемі қозғалмайтын дене жоқ. Мысалы, адам пойызда отырғанда салыстырмалы түрде орындықта қозғалмай отыруы мүмкін,бірақ ол белгілі бір бағытта пойыз арқылы жүріп бара жатыр. Яғни дененің жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауын-инерция дейді.
5. Жаңа білімді меңгеру Дененің немесе дене уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады Яғни балалар, табиғатта кез келген өзгерісті қозғалыс деп білеміз.Бір орыннан ұдайы қозғалмайтын дене жоқ.
Табиғаттағы кез –келген дененің өзіндік инерциясы бар. Дененің массасы үлкен болған сайын оның инерциясы да жоғарлайды.Мысалға,автобус қозғалған уақытта адамдарды белгісіз бір күш кері қарай шалқайтады немесе қозғалтады.Бұл адамның инерциясының тепе- теңдікті сақтауға деген ұмтылысы.Автобус кенеттен тоқтай қаллса адамдар алдыға қарай жылжиды. Бұл адам инерциясының әсерінен болады. Кез – келген қозғалмайтын тұрған денеге белгілі бір мөлшерде сыртқы күш әсер етеді. Дененің қозғалмай тұруына бір күш екінші күшті ығыстырып тепе – теңдікті сақтайды. Жануарлар денесінің тепе – теңдігі миға баланысты болады.Ал адамдардағы тепе – теңдікті сақтайтын құлақ түбі органдары.біз жүрген кезде құлақ түбіндегі органдардағы сұйық қозғала бастайды.Егер сендер бір орында тұрып бір жағына қарай бірнеше рет айналып тоқтасаң – басыңның айналып тұрғанын байқайсын.Себебі құлақ түбіндегі сұйықтық әлі қозғалып тұрады.Ол тоқтаған кезде біз кәдімгі қалпымызға келеміз. Альпенистер, гимнасттар,акробаттар,спортшылар үшін құлақ саулылығы өте маңызды. Олардың әр түрлі қозғалыстарда тепе –теңдікті сақтауы өте қажет. 
6.Жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру І.Кім жылдам?1.Дене жылдамдығын бір қалыпты тоқтаусыз сақтауын ................... дейді.2. Дененің немесе дене уақыт өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы орнының өзгеруі ………… деп аталады 3.Тепе – теңдік дегеніміз ............4 . Жануарлар денесінің тепе –теңдігі ............... байланысты болады5. Адамдардағы тепе –теңдікті сақтайтын ............. түбі органы. 
7. Жаңа білімді бекіту Сөздердің орнын тауып, сөйлемді құрастыр1.қасиетін өзгерту процесін, табиғаттағы, денелердің, пішінін, және, физикалық құбылыс ,дейміз.1.Табиғаттағы денелердің пішіні және қасиетін өзгерту процесін физикалық құбылыс дейміз 2. екінші затқа, айналуын, бір заттың, химиялық құбылыс дейміз 2.Бір заттың екінші затқа айналуын химияляқ құбылыс дейміз. 3. бор ,ұнтаққа айналады,жазған ,кезде, тақтаға,біртіндеп3.Бор тақтаға жазған кезде біртіндеп ұнтаққа айналады4. Зат, кейбір жағдайда,түсін,мен,және иісін, дене,өзгерте алады.4.Кейбір жағдайда дене мен зат түсін және иісін өзгерте алады.
8. Үйге тапсырма беру. Механикалық қозғалыс , тепе – теңдік