Саба?ты? та?ырыбы: «У» дыбысыны? дауысты ж?не дауыссыз болып айтылуы.


Қазақ тілі І тоқсан 2 сынып Күні: 10.09.15 ж

Сабақтың тақырыбы: «У» дыбысының дауысты және дауыссыз
болып айтылуы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға «у»дыбысының ерекшелігін байқату,дауысты, дауыссыз жағдайларын ұғындыру.
.Сөздерді буынға бөліп жазуға,сөйлем құрастыруға ықпал ету.
3. Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді оқып үйрену.
Сабақтың көрнекілігі: есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері,топтау,
іздену,өздік жұмыс
Сабақты ұйымдастыру түрі: дәріс, ереже, практикалық сабақ..
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі: оқулық, дәптер, кестелер, карточкалар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сабақта жұмыс жүргізу үшін қалыпты сыртқы жағдайды қамтамасыз ету.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.Сабақтың жалпы мақсаты мен оны жүргізу жоспарын ашу.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындағандықтарын анықтау.
2. Оқушының білімі мен іс-әрекетіндегі кемшіліктерді анықтау.
3. Кездескен кемшіліктерді, жеке оқушылардың үй тапсырмасын орындамау себептерін анықтау, оларды болдырмау үшін шара қолдану. (тесттік тапсырмалар, карточкалар)
Үйге берілген тапсырманы тексеру арқылы өткен сабақты қалай меңгергендіктері анықталады. Жазған жаттығуларын оқыту, талдау.
- Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
- Дауысты дыбыстар қандай болады?
- Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?
- «у »дыбысы дауысты ма , әлде дауыссыз ба?
3. Оқушының субъекті тәжірибесін өзектілеу кезеңі
1. Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
2. Ой қозғау.
«Адасқан дыбыстар» ойынын ойнату. Дыбыстарды тиісті орындарына қойып, сөз құрату.
4. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі
1-жаттығу. Берілген өлеңнен у әрпі бар сөздерді теріп жазу, буынға бөлу. У дыбысы қандай дыбыстан кейін тұр?
2-жаттығу(ауызша)
5. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі
а)3 -жаттығу. Сөздерді көшіріп жаз. Сөздердегі у әрпі қай буында дауысты?.
Ереже: Дауыссыз дыбыстан кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген у дыбысы дауысты болады.
Сергіту сәті
Ал,балалар, тұрайық
Алақанды соғайық.
Оңға қарай иіліп
Солға қарай иіліп
Орнымызды табайық.
Жаңа білімді және іс-әрекеттер амалдарын бекіту кезеңі
4–жаттығу. Суреттегі заттарды атау, жазу. Сөйлемдер құрастыру
8. Жаңа сабақты қорытындылау
.5-жаттығуды орындау
9. Сабақтың қорытындылау кезеңі
Жеке оқушының және сыныптың жұмысына сапалы баға беру.
10. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі
Оқушыларға үй жұмысының мақсатын, мазмұнын, орындау тәсілін түсіндіру.
6-жаттығу.