Саба? жоспары. Та?ырыбы: ?аза? ханы, халы?ты? ?леуметтік ??рамы. (7-сынып)
Пәні: Қазақстан тарихы Сынып: 7 Сағаты: 1 Күні: 14.04.16.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ханы, халықтың әлеуметтік құрамы.
Сабақтың мақсаты
Білімділік:XV- XVІІІ ғғ. Қазақ ханы лауазымын, құқықтары мен міндеттерінің ерекшеліктерін, халықтың әлеуметтік құрамын тану;
Дамытушылық: Жүйелі ойлау мен талдай білуге, жан – жақты іздене білуге, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Өз елінің тарихын жетік білуге ұмтылу, оқушылардың бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, Отанын қастерлеп, бағалай білуге, құрметпен қарауға, қасиет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: Блум таксономиясыСабақтың көрнекілігі: карта, тірек сызба, кесте, маркерлер, хандардың суреттері, слайд, стикер.Пәнаралық байланыс: география, құқықтану, математика, әдебиет.Дереккөздер: Оқушы анықтамасы(2014), Шың(2005),
Күтілетін нәтиже:• Хронологиялық кесте құрастыра алады;• Тарихи оқиғаларға сипаттама беріп, талдау жасай алады;• Топтық жұмыстар негізінде ынтымақтастыққа үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасайды;• Мәтіндегі негізгі ойды айта алады; • Оқушылар бірін-бірі тыңдауға үйренеді;• Әртүрлі ұғымдарға анықтама бере алады.
Сабақтың жоспары:
1.Қазақ ханын сайлау
2.Ханның құқықтары мен міндеттері
3.Халықтың әлеуметтік құрамы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі (сабаққа қажетті жабдықтарды дайындау) – оқушыларды түгелдеу.
Есімінің бас әрпіне өз қасиетін, басқаға тілегін айту. (2 мин)
Бағалаудың түрімен танысу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(3 мин)
1 →7→ 15 → 10.000 → 3 →
Үкімет → облыс → аудан → ауылдық аймақ
14 12 10
Бағалау парағын толтыру.
Жаңа сабақты оқыту технологиясы
Сабақтың кезеңдері Құзыреттілікке бағытталған мақсат, міндет Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушының іс - әрекеті Құзыреттілік біліктілігі уақыт
І. Табысқа жетуге жағдай туғызу
«Хронологиялық портрет» 1. Басқару жүйесінің сатыларын білу;
2. Халықтың әлеуметтік құрамын анықтау;
3. Хандық биліктің тарихи маңызын бағалау 1.Әрқайсың бір есепті таңдаңыз
2.Суреттелген тарихи тұлғаны анықтаңыз
1.Білу: 980+531=1511 – Қасым хан
1698-240 =1458 – Керей хан
1050+593=1643 – Жәңгір хан
673+800=1473 – Жәнібек хан
1338+342=1680 – Тәуке хан
Есеп шығару, сәйкес тұлғаның портретін табу, хронологиялық ретпен орналасу; - ойлау құзыреттілігі;
- алған білімін қолдану; 2 мин
3 мин
ІІ. Проблемалық сұрақ Елдің жоғарғы билеушісі қалай сайланған, оның қандай құқықтары болған? Қиындыққа тірелу, мәселені шешу жолын іздестіру; - мәселені шешу құзыреттілігі; 1 мин
ІІІ. Тақырыпқа шығу, мақсат қою Бүгінгі тақырыбымыз қандай, проблеманы шешу үшін қандай мақсат қоямыз? Оқушылар тақырыпқа шығады және мақсат қояды - өз іс - әрекетін ұйымдастыру құзыреттілігі; 2 мин
13 мин
IV. Мағынаны ажырату
«Құрылтай» - рөлдік ойын.
Дәптермен жұмыс
Әр тапсырмадан кейін топ басшысы бағалау парағын толтыру
«Санадағы кинофильм»
Тұжырымдама-лық карта Рөльдерді бөлу (стикер таңдау):
- мұғалім - реттеуші
-қолбасшы- сұрақ қоюшы;
- рубасы - баяндаушы;
-сұлтан-бейнелеуші;
- батыр -іздеуші;
-би-сөз шебері.
Бағыт беріп отыру
Кестені талқылау
Қалың жұрт қазақтың ханын сайлауға жиналыпты. Ру басшылары сізді хан етіп сайлап, ақ қиізге отырғызды. Би-сұлтандар ақ қиіздің шетін ұстап, сізді үш-төрт рет көтерді, халық әрбір көтерген сайын хан, хан, хан деп айғай салды. Содан кейін жиналған жұрт жапа-тармағай жабылып, ақ киізді «тәбәрік» етіп бөліп алды.
Тақтаға сызу 2. Түсіну: өздігінен жұмыс жасай отырып, негізгі ұғымдарды түсіну.
3. Қолдану: өз рөлдерін сомдау.
Іздеушінің ақпаратын дәптерге жазу
4.Талдау: кесте толтыру.Әлеуметтік тапқа бөлінуі
Кімдер кірді
ЕрекшелігіАқсүйектер Хан,султандар
Мөрлері, таңбалары, ұрандары. Қожа
Араб елдерінен келген тайпа Қарасүйектер
Билер, батырлар, құлдар, шаруалар
Беделді, құрметті 5. Жинақтау: Хан көтеру рәсімін көрсетеді.
6. Бағалау: ҚР президентінің қызметімен салыстыру -ақпарат құзыреттілігі;
-мәселені шешу құзыреттілігі;
-өзін-өзі бақылау құзыреттілігі;
-қарым-қатынас құзыреттілігі;
-ынтымақтастық құзыреттілігі;
-әрекетті орындау құзыреттілігі;
-өзін-өзі тану құзыреттілігі;
-өз-өзін басқару құзыреттілігі. 3 мин
3 мин
6 мин
2 мин
2 мин
2 мин
2 мин
3 мин
4 мин
V. Бекіту Стикердегі диалог Ханның құқықтары мен міндеттеріне не жатады? Жауапты стикерге толтыру -нәтижеге жету құзыреттілігі. 2 мин
VI. Рефлексия Қандай көңіл күйде болдыңыз?
Өз-өзін бағалауды толтыру Сәйкесін белгілеу -өзін-өзі тану құзыреттілігі;
1 мин
VII.Бағалау Жиынтығын шығару Бағалау парағын толтыру -жоспарлау құзыреттілігі; 1 мин
Үй тапсырмасы 44 тақырыпты оқып келу, үш жүздің құрамындағы руларды жаттау ҰБТ-ға дайындық 1 мин
Қазақ хандығының басқару жүйесі
1 →7→ 15 → 10000→ 3 →
Қазақ ханы (қосымша деректер)
Ханның қасында ірі сұлтандар, тайпа көсемдері, билер, батырлар, шежіре-шешен жыраулардың, кеңесі отырды. Олар саяси маңызды, әскери және азаматтық мәселелерді ақылдасып шешті. Ұлыстар арасындағы дау-шараларға билік айтты. Бұл кеңесте сот құқы да, заң шығару құқы да болды. Қазақ хандығының заңдары - «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шыққан. Әз Тәуке хан «Жеті жарғы» заңын жасау үшін «Күлтөбенің басында күнде кеңес» өткізгені тарихымыздан мәлім.Ханның қасында сайлауыт төрелер, атарман-шабарман жасауылдар және малайлар болды. Бұлардың бәрі «төлеңгіт» деп аталды. Олар түрліше әлеуметтік жікке айрылды. Бұлардың жоғарғы жіктері ханның, сұлтандардың қосшысы болып, олардың әмір жарлықтары мен билік үкімдерін жұртқа таратты және орындатып отырды. Хан қазынасына салық жинады. Соғысқа жарақты азаматтар ханды және хандық укіметті қорғайтын салауыт әскер болды.Бұладың төменгі жіктері үй ішімен түгел хандар мен сұлтандардың малайы болып, олардың малын бақты, отын жақты. Хандар мен сұлтандарға тәуелді төлеңгіттер мыңдаған отбасынан құралды.
Іс жүзінде хандық үкіметті қорғайтын тұрақты әскер де, сақшы да осы төлеңгіттерден біріктірілген сайлауыттар мен жасауылдар болды. Бұлар өмір бойы, тіпті ұрпақтан-ұрпаққа міндет болып отырды.Тарихи деректемелерде қазақ хандарының жүз мың атты әскерімен жорыққа шыққаны (мысалы, Тәуекел хан) қазақ сұлтандарының әрқайсысының елу мың, отыз мың, жиырма мың атты әскерді бастап соғысқаны (Қасым, Ахмет, Жаныс, Таныс, Шалым, Есім сұлтандар) туралы айтылады. Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарихи и Рашиди» атты еңбегінде) Таһир ханның алғашында он лек (жүз мың) әскері бар еді, кейін екі лек (жиырма мың) әскері қалды» дегенді айтады.
Ханның отыратын тағы - мінбер, асатаяқ, байрақ, жүзік түріндегі мөр т.б. хандық атрибуттары болды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы хан билігінің сипаты орта ғасырлардағы деректемелерде ханның құқықтары мен міндеттері мынадай:
1. Билік етуші әулеттің басшысы және барлық қазақ тайпаларының жоғарғы сюзерені ретінде ханның бүкіл хандық аумағына, ұлысқа қарасты барлық жерге жоғары дәрежеде билік ету құқығы, оның негізгі қызметі мен басты міндеті - елді сыртқы жаулардан қарумен қоргауынан туындайтын құқығы болды.
2. Соғыс жариялау және бітім жасау құқығы тек ханға ғана берілді, мұның өзі әскерлердің жоғаргы басшысы міндетінен туындайтын еді.
3. Ханның шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізуге жоғарғы дәрежеде құкыгы болды, мұның өзі мемлекеттің сыртқы саяси багытын белгілеу міндетінен туындайтын.
4. Ханда өзіне багынышты өлтіру немесе тірі қалдыру құқығы - оның жоғарғы билік міндетінен туындайтын құқығы болды. Ханның бұл құқығы мен міндеті қа-зақтардың «Жеті жаргы» құқық нормаларында айқын көрсетілген.
5. Сондай-ақ ханда заңдар және қоғамның барлык мүшелері үшін міндетті бұйрықтар шыгару құқығы - оның сол кездегі қогамдық құрылыс пен тәртіпті сақтау міндетінен туындайтын құқығы болды.
Қазақ қоғамының дәстүрлі билік хандық институт өкілдері хан-сұлтандар тек мемлекет қайраткері болып қоймай, жауға әскер бастап шыққан батырлар екендігі дәлелденді.
Өтегең ИСЕНОВ,тарих ғылымның кандидаты,Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті.
Ханның құқықтары мен міндеттеріне не жатады?
Қосымша тапсырмалар:
Әріптер сыры( Ж, С, Н, А, Х, Ш, Ұ)Оқушыларға әріптер беріледі. Берілген сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы тиіс.1. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? (жеті)2. Ұлыс билеушісінің лауазымы (сұлтан)3. Орта жүз руы ( найман)4. Хан сайлану үшін кімнің ұрпағы болу міндетті болды?(Шыңғыс)5. Туыстас бірнеше отбасынан құралатын қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы( ауыл)6. Ханның мал - мүлкін бөлісіп алу дәстүрі қалай аталады?(Ханталапай)7. Дулат руы қай жүзге кіреді? (Ұлы жүзге)
Берілген мақал - мәтелдегі қалып кеткен сөзді тауып жазу керек.1. Тура __________ туған жоқ. (биде)2. __________ бірдің - ауызы бір.(ауылы)3.________ - қарақшы, (хан)Халық - сарапшы.4.________ көріп азаматын таны.(ауылын)5. Кісі елінде ___________ болғанша, өз еліңде ұлтан бол. (сұлтан)6. Шешен сөз бастар,___________ қол бастар. (батыр)7. _______ туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы. (батыр)
Әріптер сыры ( Ж, С, Н, А, Х, Ш, Ұ) Берілген сұрақтың жауабы сол әріптен басталуы тиіс.
1. Қазақ хандығының құрылымы неше сатыдан тұрады? 2. Ұлыс билеушісінің лауазымы 3. Орта жүз руы 4. Хан сайлану үшін кімнің ұрпағы болу міндетті болды?5. Туыстас бірнеше отбасынан құралатын қазақ халқының ең бірінші қоғамдық ұйымы6. Ханның мал - мүлкін бөлісіп алу дәстүрі қалай аталады?7. Дулат руы қай жүзге кіреді?
2. Берілген мақал - мәтелдегі қалып кеткен сөзді тауып жазу керек.1. Тура __________ туған жоқ. 2. __________ бірдің - ауызы бір.3.________ - қарақшы, Халық - сарапшы.4.________ көріп азаматын таны.5. Өзге елдің ___________ болғанша, өз еліңнің ұлтаны бол. 6. Шешен сөз бастар,___________ қол бастар. 7. _______ туса ел ырысы,жаңбыр жауса жер ырысы.