Халы?ты? жасты? ж?не жынысты? ??рамы


География 9 - сынып
Пәні: география
Сыныбы: 9
Сабақ саны: 9
Күні: 29.09.2015ж. Сабақтың тақырыбы:
Халық саны. Табиғи өсімі және ұдайы өсуі.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға халық саны мен табиғи өсімі және ұдайы өсуі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылар өз бетінше ізденіспен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін жеткізу арқылы танымдық қабілеттері артады және сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулиды және экологиялық тәрбие беріледі.
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы
Ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс: Топтық жұмыс, диалог, сұрақ-жауап, СТО стратегиясы
Топтық жұмыс: оқушылар бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;
Олар ортақ пікірлерін ортаға салып,түйін жасайды және қорытынды шығарады.
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, қима қағаз, ресурстар, карта, постер, ноутбук.
Сабақта қолданылатын модуль: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақты бағалау: Бағалау парағы таратылады.Оқушылар бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағалауы.
Сабақта күтілетін нәтиже: Оқушылардың сабақта бірлесіп жұмыс істеу әрекеттері қалыптасады. Халық санының табиғи өсімі мен ұдайы өсуіне шолу жасайды. Берілген тақырыпты өзара талдауға дағдыланады.
Сабақтың құрылымы: 1.Ұйымдастыру кезеңі (2мин);
2.Жаңа сабақ (үй тапсырмасы 37мин);
3.Сабақты бекіту (3мин);
4.Бағалау (2мин);
5.Үйге тапсырма (1мин)
Сабақтың барысы: Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, топқа бөлу.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың іс-әрекеті:
Бағалау парағын таратады. Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың атын жазып толтырады.
Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын сұрау үшін «Сұрақ- бізден,жауап- сізден» және «Мені түсін » стратегияларын пайдаланады. Қорытынды сұрақтары:
1.Табиғат ресурстарының түрлері.
2.Табиғи классификациясының негізгі белгісі.
3. Ресурстық базалар.
4.» Қазақстан – 2050» Стратегиясы.
5. Халыққа табиғат жағдайдың қолайлылығы.
«Мені түсін» кестені толтыру:
Мағынаны ажырату.
Халық саны мен өсуі, «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланады. Ресурстар таратылады, жұмыс істеуге бағыт беріледі.
Оқушылар халықтың саны мен өсуі туралы не білетіндерін айтып шығады.
Постер дайындайды.
І-топ:
Қазақстанның халқы
ІІ-топ:
Халықтың табиғи қозғалысы
ІІІ-топ:
Демографиялық революция
IV- топ:
Демографиялық саясат
Дәптермен жұмыс: 31 – сурет, кесте (табиғи өсім), кескін картамен жұмыс жасайды.
Ой толғаныс.
Ой алмасу, жинаған ақпараттарды қабылдау,
«Сандар сөйлейді» әдісі. Ой толғаныс: Сұрақтарға жауап береді.
1.Халық санының жүргізілуі.
2.Демография қандай ғылым?
3.Табиғи өсім нені құрайды?
4.Демографиялық толқындар немен байланысты?
5.Демографиялық саясат неге жүргізілді?
Ой түйін: «Сандар сөйлейді» әдісі.
Мұғалімнің топтарды бағалауы. «Менің көңіл күйім» Топ жетекшісі бағалау парағын толтырады.
Ишара арқылы өздерінің көңіл күйін көрсетеді.
Үйге тапсырма: § 7. 68 бет. Халық саны мен табиғи өсімі «Әлемнің халық саны» жаңа мәліметтерді анықтау.
Кері байланыс: Оқушылар сабақтан алған әсері мен үйренгенін жазады.