Классный час в 1 классе на тему ?аза? хал?ыны? ?лтты? ойындары
-100965136525
Загипарова Гүлнар Әлімжанқызы
Солтүстік Қазақстан облысы,
Мағжан Жұмабаев ауданы,
Батыр Баян атындағы
мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
«Қазақ халқының ұлттық ойындары»
1 сынып
Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық ойындары
Мақсаты:Оқушыларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныстыру
Көрнекілік: интерактивті тақта бойынша ұлттық ойындарды көрсету
Сәлеметсіздер ме,құрметті оқушылар!
Бүгін өткізілетін «Қазақ халқының ұлттық ойындары» атты іс-шарада сендер қазақ халқының ұлттық ойындарымен танысасыңдар. Бұл іс-шара «Қазақстан халқы тілдерінің күніне» арналған. Біз Қазақстанда туып-өсіп,тұрып жатырмыз. Қазақстанда көптеген халықтар брге тату тұрып жатыр.Олар әр тілде сөйлейді,салт-дәстүрлері де өзгеше,бірақ барлықтарының туған жері-Қазақстан.Біз өз туған тілімізді,салт-дәстүрімізді білуіміз керек.Сонымен қатар басқа да ұлттардың тілін,салт-дәстүрлерін құрметтеуіміз керек.Балалар, қазақ халқының ұлттық ойындарын теледидардан көріп,мектепте,қалада өткізіліп жатқан іс-шараларда да тамашаладыңдар деп ойлаймын.Енді біз тақтаға қарап «Қыз қуу», «Арқан тартыс», «Сақина салу», «Алтыбақан, Серке тартыс,Теңге алу,Бәйге ойындарын көрейік,Бұл ойындар адамды шапшаңдыққа,ерлікке,ептілікке,қайсарлыққа,күштілікке баулиды,Оқушыларға «Сақина салу», «Арқан тартыс»ойындары ойнатылады.Балаларға ойындар ұнады.
Осымен іс-шара аяқталды.Көңілдеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!