Саба?ты? та?ырыбы: Дауысты дыбыстар.Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар (5сынып)


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 01.02.2016
Сынып: 5 «а» , «ә»
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар.Жуан және жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.
2.Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру:
1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік
2.Фонетика туралы түсінік
3.238 – жаттығу. Берілген мәтінді бас әріппен көшіріп жазу.
Білім тексеру:
Сұрақ жауап
Фонетика қандай ғылым, ол нелерді зерттейді?
Дыбыс жасауда біздің қандай мүшелеріміз қатысады?
Қазақ әліпбиі туралы не білеміз?
Қазақ әліпбиіндегі төл дыбыстарымыздың рөлі, жазылуы қандай екен?
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Дауысты дыбыстар.Жуан және жіңішке дауыстылар
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары – 9: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде и, у, э, дауыстылары кездеседі:кино, уран, электр, Қазақтың төл сөздерінде и, у жазылғанымен, олар дербес дауыстылар емес. И әрпі ы+й, і+й дыбыстарының, у әрпі ұ+у, ү+у дыбыстарының тіркесі ( жазылуы – қи, ит, су, сурет, айтылуы – қый, іит, сұу, сүурет).
Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар деп, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар деп, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлеміз.
____________________________________________________________________________________________________________________
Жуан және жіңішке дауыстылар
Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз.
Олар: а,о,ұ,ы,у.
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.
Олар: ә,ө,ү,і,е,э,и,у.
У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан,әрі жіңішен дауыстылар тобына жатады.
_______________________________________________________________________________________________________
Ауа – өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
А,Ә,О,Ө,Е,Ы,І,Ұ,Ү,И,У,Э
Енді осы дауыстыларды тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке дауыстылар деп, жақтың қатысына қарай ашық және қысаң дауыстылар деп, еріннің қатысына қарай еріндік және езулік деп үш топқа бөлеміз.
Тілдің қатысына қарай:
Жуан дауыстылар: А,о,ұ,ы,у Жіңішке дауыстылар: Ә,ө,ү,і,е,э,и,у
Тіл кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз.
У дыбысы айтылуына қарай әрі жуан, әрі жіңішке дауыстылар тобына жатады.
ІV. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:
1.Дауысты дыбыс дегеніміз не? Оларды ата?Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары нешеу?
2. Орыс тілінен енген және халықаралық терминдерде кездесетін дауыстыларды ата?
3.Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай, жақтың қатысына қарай, еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?
4.Жуан және жіңішке дауыстылар дегеніміз не? оларды ата?
5.У дыбысы айтылуына қарай қандай топқа жатады?
V. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқулықпен жұмыс
240 -жаттығу (жазбаша)Мына жұмбақтарды көшіріп жазып, жуан дауысты сөздердің астын бір, жіңішке дауысты сөздердің астын екі сызыңдар.
Жуан дауысты сөздер Жіңішке дауысты сөздер
Тамақ,салынған,тастай,жабылған,тышқан,құстан,қамыс,құлақ, тостаған, тұяқ,тамақ,қанат. Ішіне,есігі,әкесі, шешесі, мінсең,сүті, дәрі,еті,
241 -жаттығу (жазбаша)Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар сөздерді бір бағанға теріп жазыңдар.
Жуан дауысты сөздер Жіңішке дауысты сөздер
Ашу,қазу,жазу,жолығу,сызушы,жу,қу,қону. Білу,сену,қу,беру,ілу,кезу,жу,көну,
242-жаттығу (жазбаша)
Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер.
243-жаттығу. Жұмбақтардың шешуі қай әріптер екенін табу. Жауабы: Ә,А,О,Ө

VІ. Сабақты қорыту:
Бағалау
Үйге тапсырма беру:
1. Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
2. 107- беттегі тапсырмаларды орындау.