Ана тілі п?нінен ??мырс?а мен к?гершін. Жуан ж?не жі?ішке ж?п дауыстылар та?ырыбына ашы? саба?
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқа мен көгершін. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы ұғымын жетілдіре отырып, жұп дауыстылардың (ы,і) ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туғызу;
ә) өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауын, сөздік қорын дамыту;
б) бір – біріне көмектесуге, қамқорлық жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба плакат, сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы: I. Бағдарлау- мотивациялық кезең.
Сәлемдесу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сөзжұмбақ шешу.
1).Тиіп кетсе ән салған. Даусына ел тамсанған. (домбыра)
2).Кесе, шыны,пиала. Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді. Бәрінің атын не дейді? ( ыдыс)
3).Иесі оның сәби,
Әри төсек, әри үй. (бесік)
4).Мысықта бар, күшікте жоқ.
Қасықта бар, есікте жоқ. (ы)
5).Тілден ұшып, құлаққа қонады. (сөз)
Д о м б ы р а
Ы д ы с
Б е с і к
Ы
С ө з
3. -Қандай сөз жазылып шықты?
-Дыбыстың қандай түрлерін біз білеміз?
-Дауысты дыбыстар туралы не білеміз?
Дауысты дыбыстар
556831515748039490651574802301240157480082486523368082486515748082486515621002510790-44450
Жіңішке дауыстылар:
Ә, е, ө, ү, і Жуан дауыстылар:
А, о, ұ, ы Созылып
айтылады 11 дауысты дыбыс бар
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып мақалды оқу.
Өт...р...к сөз - ұят,
Ш...н сөз – мият.
- Қандай әріптер қоямыз?
- Ы, і қандай дыбыстар?
- Тағы қандай жұп дауыстылар білеміз?
- Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды ата.
5. Өткен сабақты қайталап, Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» атты өлеңін мәнерлеп оқушыға оқыту.
6. Мазмұны бойынша әңгімелеу.
- Туған өлке сұлулығын оқып қалай бейнелеген?
- Өзінің туған жерің туралы әңгімеле.
- Өлеңнен Ө дыбысы бар сөздерді тауып, О дыбысымен салыстыру.
II.Операционалдық – орындаушылық кезең.
Жұмбақ шешу:
Бір балуан өзі күшті, қайраты мол
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқандап аса берер бәрінен де ол. ( құмырсқа)
Ақ матадай түсі
Бейбітшілік құсы. (көгершін)
Көгершін құмырсқа
-Көгершін мен құмырсқа сөздің айтылуын салыстыру.
-Көгершін – жіңішке айтылатын сөз.
Құмырсқа – жуан айтылатын сөз.
Бүгін біз осы екі кейіпкерлер туралы ертегімен танысамыз. «Құмырсқа мен көгершін» атты ертегі. Осы ертегіні сізге жазған Спандияр Көбеев атамыз.
С. Көбеев – педагог- жазушы. Қостанай облысында дүниеге келді. Ы. Алтынсариннің оқушысы, оның қызмет жолын жалғастырып мұғалім болды.
3. Әңгімені оқушыларға оқып беру
4. Әңгімені оқушыларға оқыту.
5. Сөздік жұмыс: Сусап – шөлдеп.
6. Әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әңгіме не жайында айтылған?
- Құмырсқа қайда келді?
-Көгершін құмырсқаға қалай көмектеседі?
-Құмырсқа көгершіннің көрсеткен жақсылығын қайтарды ма?
7. Сергіту сәті.
8. Дәптермен жұмыс.
62-жаттығу Ілгіште ішік ілулі,
Іргеде киіз түрулі.
Іңірде жайдым сөреге,
Ірімшік жегің келе ме?
Тапсырма: а) І әрпі бар сөздердің астын сыз.
ә) қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
63-жаттығу.
Суретке қара. Ы – І дыбыстарын салыстырып оқы. Қандай өзгеріс байқадың? Осы дыбыстар бар сөздер ойла : тиін, түлкі, күшік, отыр, қарады, қуды.
III.Рефлексиялық – бағалау кезеңі
Толықтыре тесті. Ұйқасын тап.
Білмейтұғын ұзауды,
Шақырамын ... (бұзауды)
Тапсырма: Дауысты дыбыстардың астын сызу.
Сәйкестендіру тесті.
Сөздерге тиісті әріптерін қойып сәйкестіндіру.
653414106680Сызғ...ш
71056564770Кірп...ш І
Өш...рг...ш
Қ...рғ...ш
...лг...ш Ы
С...йл...қ
Сабақты қорытындылау.
Бағалау.