Ашы? саба? Асан?ай?ыны? Жер?йы?ты іздеуі
Сабақ жоспары Бекітемін_______________
Мерзімі: 26.11.2015 ж.
Сыныбы : 5 Ә
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Асанқайғының Жерұйықты іздеуі
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушылар өз елін құрметтеуге, Отансүйгіштікке тәрбиеленеді.
Білімділік: Оқушылар Асанқайғының өмірі мен оның өмірде кім болғанын біледі , Жерұйықты іздеудегі мақсатын түсінеді.
Дамытушылық: Оқушылар өз ойын еркін жеткізе отырып, шығарманы талдайды, шығармашылық жұмыс жасап үйренеді, сөздік қорын кеңейтеді.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері: СТО- «Әлемді шарлау», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Өрмекші» талдау.
Өткен сабақтың тақырыбы: Аңыз әңгімелер
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Е.Құдайбергенов «Мен қазақпын» сергіту сәтіне арналған музыка, үнтаспа «Асанқайғының жерге айтқан сындары», «Тарихи тұлғалар» жинағы, «түртіп алу» әдісіне қажетті парақтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география
Сабақтың кезеңі Мұғалім іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
І Ұйымдастыру
2 минут
Психологиялық ахуал туғызу:
1.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, кезекшінің мәліметі, зейінін сабаққа аудару, оқу- құралдарын тексеру
Балалар, көңіл- күйлерің қалай?
Музыка қойылады.
Сабаққа дайынбыз ба? «Өте жақсы», «жарайсыздар» сөздерімен оқушыларды мақтау, мадақтау (Оқушылар қол ұстасып тұрып, бір- біріне тілек айтады.)
Кәне, достар тұрайық,
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы- жақсы тілектер,
Бір- бірімізге сыйлайық
Оқушылар көңіл- күйін табиғатқа байланысты сипаттап шығады.
Қызығушылықты ояту
ІІ Үй тапсырмасы
7 минут
Аңыз әңгімелерге сурет салу
І бөлім. «Әлемді шарлау»
ІІ бөлім. «Топтастыру» стратегиясы
Аңыз әңгімелер дегеніміз не? (Оқушылар үйден салған суреттерін тақтаға іліп, қорғап шығады)
Оқушылар бір- бір сөзден айтып, үй жұмысын қорытындылайды
Сергіту сәті 2 минут
16.21 Оқушылар музыкаға байланысты қимылдар жасайды.
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау
4 минут
(«Зымыран» сұрақтар қою арқылы)
Аңыз әңгімелердің қандай кейіпкерлері бар?
Олар тарихта болған ба?
Елі оларды не үшін сүйіп айтады?
Олар туралы қандай аңыздар білесіздер?
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыздар?
Осы сабақты ашу үшін, сабаққа қандай мақсат қоюға болады? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтайды.
ІҮ Мағынаны тану
Жаңа сабақ
8 минут
«Өрмекші» әдісі
Асанқайғы кім болған?
Асанқайғының өмірі мен оның Жерұйықты іздеудегі мақсатын түсіндіріп шығамын.
«Асанқайғының жерлерге айтқан сындары» үнтаспасын тыңдату Ү Жаңа сабақ бойынша түсініктерін тексеру
5 минут
1. Асан Сәбитұлы тарихта болған ба?
2. Асанқайғының Жерұйықты іздеуі неге аңыз әңгімелерге жатады?
3. Асанқайғының Жерұйықты іздеудегі мақсаты не?
4. Ол көрген жерлеріне қандай сын айтты?
5. Оның қонымды баға беруінің мәні қандай? Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Ой- толғанысҮІ. Жаңа сабақты бекіту
6 минут
«Еркін жазу» әдісі бойыншы оқулықпен жұмыс (шығармашылық жұмыс)
Өзіңнің туған жеріңе Асанқайғыша баға беріп көріңдер Оқушылар өздерінің туған жерлері туралы шағын шығарма жазады.
Тойбастар
ҮІІ Сабақты қорыту
4 минут
Білімгерлер деп аталады. Тәттілерге сұрақтар тігілген.
Асанқайғының шығармасын оқу арқылы біз нені үйрендік?
Оны оқуда қандай тәрбиелік мәні бар?
Бүгінгі сабақтың мақсаты орындалды ма? Оқушылар тәттілердегі сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қорытындылайды.
Рефлексия
4 минут
«Түртіп алу» әдісі Оқушылар сабақта алған әсерлерін параққа жазады
ҮІІІ Үй тапсырмасы
1 минут
Асанқайғыға мінездеме жасау
Жырмен жазылған сындарын жаттау
3.Сұрақтарға жауап беру Оқушылар күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
2 минут
Оқушыларды берген жауаптарына қарай бағалаймын Асанқайғының шығармасын оқу арқылы біз нені үйрендік?
Оны оқуда қандай тәрбиелік мәні бар?
Бүгінгі сабақтың мақсаты орындалды ма?
Асанқайғының шығармасын оқу арқылы біз нені үйрендік?
Оны оқуда қандай тәрбиелік мәні бар?
Бүгінгі сабақтың мақсаты орындалды ма?
Асанқайғының шығармасын оқу арқылы біз нені үйрендік?
Оны оқуда қандай тәрбиелік мәні бар?
Бүгінгі сабақтың мақсаты орындалды ма?
Асанқайғының шығармасын оқу арқылы біз нені үйрендік?
Оны оқуда қандай тәрбиелік мәні бар?
Бүгінгі сабақтың мақсаты орындалды ма?
Бүгінгі сабақтың мақсаты орындалды ма?
Асанқайғының Жерұйықты іздеудегі мақсаты қандай екен?