Доклад на тему Мектепке дейінгі ?рт?рлі жаста?ы балалармен ж?мыс ж?ргізуде ТРИЗ технологиясын ?олдану ?дістері.


Мектепке дейінгі әртүрлі жастағы балалармен жұмыс жүргізуде ТРИЗ технологиясын қолдану әдістері.Дайындаған: Достаева Жаңагүл Ғалымжанқызы 1946 жылы Г.С Альтшуллер шығармашылық әдіснама бойынша жұмысын бастады.  Т Р И З кейінірек 70 жылы пайда болды. Т Р И З технологиясын  Г.С.Альтшуллер ойлап тапқан. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негізі болып табылады. Триз кезеңдері Мектепке дейінгі шақтағы бала тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамыту мен сөз таптарын меңгертуі мен өз ойын еркін жеткізеді. ТРИЗ технологисыныңавторы Г.С.Альтшуллер. Ол адам техникалық проблемаларды шешу әдісін жасап шығарған. ТРИЗ технологиясын ұзақ қолданса, өнертапқыш баланың ойлау қабілетін жетілдіреді. Жұмыстың міндеттері: Жан – жақты шығармашылық дамуын қамтамасыз ету және білім беру тәрбиесін құру;Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік және силау қасиеттерімен, төзімділікке тәрбиелеу;Ұлттық мәдениетке, ұлттық шығармашылыққа, салт – дәстүрге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мақсатқа жету жолдары: 1. Ойын түрлерін жүйелеу2. Күннің екінші жартысындағы ұйымдастыру кезеңін құру3. Бағдарламаны құрастырып, тудыру4. Конкурстар мен викториналар ұйымдастыру Педагог міндеті: - Баланың ойлауын, шығармашылығын жүзеге асыру- Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық әдістерін қолдану- Балаларды адамгершілікке, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Ең маңыздысы – балалардың қиялдау, бейімделу, қозғалу, жүйелеу, диалектикалық ойлау қабілеттері дамып, екінші жағынан іздену белсенділіктері, жаңалыққа талпынуы, сөйлеуі, қиялдау қабілеттері жетіледі. Қорыта айтқанда заманымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой – өрісін жоғарлату, тілдік, шығармашылық, әлеуметтік, таным және денсаулық құзіреттіліктерін арттыру, рухани байлығын, тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясының негізгі түсініктерімен таныстыру, проблемалық жағдайдан шығу жолын іздеуде алған білімдерін қолдануға үйрету, әрбір тәрбиешінің міндеті деп ойлаймыз.