Мектепке дейінгі білім беруде «Тап?ырлы? тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын ?олдану. Т?рбиешілерге ке?ес
Мектепке дейінгі білім беруде «Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы» технологиясын қолдану.
Тәрбиешілерге кеңес
Мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалуда. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. ТТШТ жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану. ТТШТ технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3-негізгі мақсат қарастырылған: 1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету.
2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату.
3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету.
Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян) -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады) Балалардың шығармашылығын дамыту жолында: -Сурет салу -Мүсіндеу -Жапсырма -Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі. Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады.
-3219184847914Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын, трафареттерді, тіс пастасы мен тіс щеткасын, қайнатылған ас бояғыштарын қолданады. «Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет. Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып Бақ-бақ гүлін саламыз. Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз. Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады. Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын сеуіп оның үстіне керемет бейнелер жасауға болады. Алақанды бояуға батыру арқылы бастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус салуға болады. Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп. Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.
291973078105
Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдерді қолдану
286321580645-74676033020
-6635751784352891790180340
-7423151003302891790104775