Мектепке дейінгі білім беруде инновациялы? технологияларды ?олдану


Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану «Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның барша елдің, халықтың міндеті» (Н.Ә.Назарбаев) Қазіргі кезде  толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Балабақша мен шағын орталықтар– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты  сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша мен шағын орталық - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша мен шағын орталық-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану педагогтан үлкен шеберлікті талап етеді. Сол себептен шағын орталықта педагогтарының кәсіби дамып өсуі  жаңа технологияны меңгеру-тәрбиешінің кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами  келбетінің  қалыптасуы , өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі болуы тиіс.     Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының  ең басты факторы болып отыр. «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi.Қазіргі заман инновациялық қызметі-  тірбиешілер балалармен жұмыс істеуде   инновациялық технологиялар ,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі  педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.МДҰ әдіскері – балалар мен педагогтардың  іс-әрекетінің жемісті болуын қамтамасыз етіп, ұжым шығармашылық пен үнемі ізденіс үстінде болуына, заман талабына сай бағыт-бағдар беріп отыруы керек деп ойлаймын. Жаңа технология үрдісінің талабы- балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және  жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады: -Мектепке дейінгі мекемелермен. -Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы. -Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы. -Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар. -Педагогтың кәсібі құзіреттілігі. -Балалардың денсаулық көрсетілімі. Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі: Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу. Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсартуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады.  Білім беру: • Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу. • Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау. • Салауатты өмір салтын үйрету. Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау). Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру.  Жобалау шығармашылық технологиясы. Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту. Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады. Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер) «Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады. «Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша және жеке дауыста жеткізуді үйренеді. «Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған; (құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) Ақпараттық –қатынастық технологиясы Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады. (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы) Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды: Міндеттері: -жаңа заманға қадам басу -жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу. -компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау. -Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. -педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру. Бағдарламаны жіктеу -ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту -шет тілінде сөйлейтін сөздік -қарапайым графикалық редактор -ойын-саяхаттар. -оқуды, математиканы үйрету.  Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де  рөлі өзгерді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді  өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында  шағын орталық  ішіндегі  іс-шаралард мен оқу іс- әрекеттері интерактивті экран арқылы өткізуге мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу шағын орталықтағы тәрбиешілердің алдына қойған мақсаттарының бірі. Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану. Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3 негізгі мақсат қарастырылған. 1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян) -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады)  Балалардың шығармашылығын дамыту жолында: -Сурет салу -Мүсіндеу -Жапсырма -Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі. Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады. Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады. «Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет.Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып Бақ-бақ гүлін саламыз.Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады. Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын сеуіп оның үстіне керемет бейнелер жасауға болады.Алақанды бояуға батыру арқылы бастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : түйе,делфин салуға болады.Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті.  Қоғамдағы қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру- басты мәселенің бірі.Осыған орай біздің мектебіміздегі “Балбөбек” шағын орталығының тәжірибесінде де оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі технологиялары қолданылып келеді. Назарларыңызға рахмет