Мектепке дейінгі білім беруде инновациялы? технологияларды ?олдану
Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану
Оралова М.О
"Бөбектер" шағын орталығы
Өленті ЖОББМ
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: ойлану - ең ізгі жол; Еліктеу – ең жеңіл жол; Тәжірибе жолы – ең ауыр жол. Бенедикт Спиноза Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы». Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру. Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді: -Денсаулық сақтау технологиясы. -Жобалы-іс шығармашылығы. -Ізденіс-шығармашылық технологиясы. -Қатынастық-ақпараттық технология -Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы. -Бала мен тәрбиеші портфолио технологиясы. -Ойын технологиясы. -Триз технологиясы және т.б. Денсаулық сақтау технологиясы. Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады: -Мектепке дейінгі мекемелермен. -Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы. -Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы. -Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар. -Педагогтың кәсібі құзіреттілігі. -Балалардың денсаулық көрсетілімі. Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі: Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу. Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады. Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету. • Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту. • Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық. • Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.) • (динамикалық үзіліс, релаксация, ритмопластика) • Білім беру: • Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу. • Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау. • Салауатты өмір салтын үйрету. Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау). Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру. Жобалау шығармашылық технологиясы. Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту. Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады. Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер) «Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады. «Баяндау» Балалар өз сезімін көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді. «Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған; (құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.) «Жоба түрлері» Басымдылық әдістемесі бойынша. -Іздену. -Ақпаратты. -Шығармашылық. -Ойындар. -Болған жағдайлар. -Практикалық бағыттаушы. Мазмұны бойынша төмендегідей: -Баланы және оның отбасын қатыстыру -Бала және табиғат. -Бала және қоршаған әлем. -Бала,қоғам және мәдени құндылықтар. .Жобаға қатысушы баланың сипаттамасы бойынша: -Тапсырыс беруші. -Іс-тәжірибе. -Орындаушы. -Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар. Байланыс сипаты бойынша. -Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады. -Басқа топтармен байланыс. -Мәдени мекемелер. -Қоғамдық ұйымдар (ашық жобалау) Қатысушылар саны бойынша: -Жеке -Жұппен -Топпен -Жаппай .Ұзақтық мерзімі бойынша. -Қысқа мерзімді -Орташа ұзақтылық. -Ұзақ мерзімді. Ізденіс-шығармашылық технологиясы. Ізденіс шығармашылық технологиясының мақсаты -балалардың ізденіс құзіреттілігін дамыту. Триз технологиясы міндетті түрде қолданылады. Экспериментті-ізденіс әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру. -Шығармашылық. -Эверистикалық әңгімелер -қиындық туғызатын сұрақтардың шешімі мен құрылымы. -Бақылау. -Модульдік (жансыз табиғаттың өзгерістерінің модульін құру) -Тәжірибелер. -Қорытындысына баға беру. Бақылау,тәжірибе,эксперименттер,еңбек іс-шаралары. «Жүктеу»бояуға,дыбыстауға, табиғаттың бейнесі және иістер. -табиғаттың дыбыстарына, дауыстарына еліктеу. -көркем сөздерді қолдану. -дидактиқалық ойындар, үйретуші ойындар және шығармашылық даму жағдайлары. -еңбек ету Ақпараттық –қатынастық технологиясы Ата аналарының өскен ортасынан заманауи бала түбегейлі бөлініп тұрады. (қазіргі кездегі компьютерлерді қолдану технологиясы) Қоғамдық ақпарат педагогтар мен балалар алдында мынандай міндеттер қояды: Міндеттері: -жаңа заманға қадам басу -жаңа технология әлеміне балаға жол серік болу. -компьютерлік бағдарламаға тәлімгерді таңдау. -Ақпараттық мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру. -педагогтардың профессионалдық деңгейін және ата –аналардың құзыреттілігін көтеру. Бағдарламаны жіктеу -ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту -шет тілінде сөйлейтін сөздік -қарапайым графикалық редактор -ойын-саяхаттар. -оқуды, математиканы үйрету. Триз жүйесі бойынша шығармашылық әңгіме барысында қалыпсыз тәсілдерді қолдану. Триз технологиясының мақсаты: баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 3негізгі мақсат қарастырылған. 1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. Айналадағы дүниені табиғатты бақылау, таныту арқылы сөз қорын жаңа сөздермен байыту, баланың ауызша сөйлеген сөздерін тыңдап, өзіне қойылған сұраққа жауап беруге үйрету: Заттың атын (ойыншық, гүл, жапырақ т.б) заттың сынын, сапасын, түр түсін , пішінін білдіретін сөздерді меңгерту. Заттың іс -әрекетін білдіретін (жүрді,жүгірді,келді,келеді,епті т.б) сөздерді әрі қарай меңгерту. Үстеу сөздерді (қасында, үстінде, осында, жоғарыда, төменде) қосып айтуға үйрету. 2 Сөз дыбыстарын дұрыс айту. Сөйлеуде ауыз қуысы арқылы дұрыс дем шығара білуге үйрете отырып, дауыссыз қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық айтуға үйрету, 3 4 сөзден тұратын сөйлем құрату. 3. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен кезінде көрген түйгенін , сурет және оқылған ертегілер мазмұнын ұнатқан ойыншықтары жайында ауызша сұрақ қоя отырып, әңгімелей отырып, қысқа ертегілердің кейіптендіре білуге үйрету. Мысалы: «Түлкі мен ешкі» ертегісінде: Түлкінің терісі қандай?(үлпілдек) тағы нелер үлпілдек болады? (қар, шапан, тымақ, мысықтың жүні ,кілемнің беті) Ешкінің түсі сұр болған ,тағы нелер сұр түске жатады? (сұр бұлт, сұр бас киім , сұр ішік, сұр қоян) -Құдықтың суы қандай болады? –Мұздай. Тағы нелер мұздай болады? (мұздай су, мұз, суық жел, қар, су, мұз жатады) Балалардың шығармашылығын дамыту жолында: -Сурет салу -Мүсіндеу -Жапсырма -Музыка. ұйымдастырған оқу іс –әректтер өткізіледі. Сурет салу оқу іс-әрекетінде қалыпсыз тәсілдер қолданылады. Мәселен: Бала сурет салуда тек қана қыл қаламмен сурет салып қоймай неше түрлі түтікшелерді;жіптерді картоп қималарын:трафареттерді: тіс пастасы мен тіс щеткасын,қайнатылған ас бояғыштарын қолданады. «Бақ-бақ гүлі» тақырыбы бойынша іс-әрекетті ұйымдастыру үшін ең бірінші қайнатылған азық –түлік бояғыш заты керек.Одан кейін түс қағаз желімі қажет.Бүкіл параққа түс қағаз желімін жағып тіс щеткасы мен бояуды алып Бақ-бақ гүлін саламыз.Ал шөптерді салу үшін, тағыда тіс щеткасын жасыл бояуға батырып алып саусақ пен тіс щеткасының тістерін қағу арқылы шашыратамыз.Соңында керемет «Бақ-бақ» гүлі өскен алаңқайды бейнелей аламыз.Және де түтікшелерді қолданып, үрлеу арқылы бейнелеуге болады. Қағазға алдын ала желім жағып жарма ұнтағын мсеуіп оның үстіне керемет бейнелер жасауға болады.Алақанды бояуға батыру арқылыбастырмалап сурет салуға болады. Мәселен : кактус салуға болады.Мұндай қалыпсыз тәсілдерді қолдану баланың қиялын дамытады.Өзіне-өзі риза болып одан да керемет жұмыс жасауға талпынады.Оқу іс-әрекеттерін кіріктірудің тиімді жағы өте көп.Біріншіден бала жалығып кетпейді:Екіншіден бір саладан екінші салаға ауысу арқылы олардың қызығушылығы артады. Берілген тапсырмаларды орындау,балаларды, еркін қиялдарға шығармашылық пен айналысуға кедергі келтіретін психологиялық селқостықты жоюға ықпал жасайды. Балада танымдық қызығушылықтың болуы-олардың оқу іс-әрекеттерге белсенді,білімінің сапалы болуына,басқа да іс-әрекеттерге жағымды әсерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі байқалып өз нәтижесін көрсетті. Қорытынды : Мен өзімнің баяндамамды қорытындылай келе «Кез-келген адам басқалардың және оның білімін кемеліне келтіруіне көмектеспесе, өзінің де білімін кемеліне келтіре алмайды» Чарльз Диккенс деген сөзімен қорытындылаймын. Өзіміз , өз қолымызбен , өз қиялымызбен жасай білейік. Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!
Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамыту жұмыстарындағы заман талабына сай әдістер мен тәсілдер
Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде. Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын – оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіру.Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру.Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.Ойын арқылы балалардың тілдерін дамытып, сөздік қорын байытады, жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Мектепке дейінгі ұйымдарда сөздік қорды дамыту жұмыстары түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды болуы керек .Мысалы : «Ұлттық заттар» тақырыбын өткен кезде киіз үйдің суретін көрсету арқылы немесе кәдімгі ойыншық киіз үйді көрсету арқылы жүзеге асырылып отырады.Мысалы: Алма сөзін алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – жеміс- жидектер, ойыншықтар, тағамдар, тақырыптарында жүзеге асады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады.Мысалы, алманы сипаттау: алманың түсі қызыл, пішіні – домалақ, дәмі – тәтті. Ол ағашта өседі, жеміс. Мен алма жеймін.Мысалы, жемістер – көкөністер тақырыбына байланысты «Дүкен» ойынын ойнауға болады.Үстел үстіне жемістердің муляждарын «сатуға» қойып, ойнау. Бала дүкен ойыны кезінде дүкенге кіріп амандасады, керек затын сұрайды. Маған алма беріңізші. Қандай алма аласыз? (түстерді ажырата білу). Мынау ащы, тәтті деген сөздер сөйлемде қолданылады. Осы тақырыпқа байланысты мынадай ойындар өткізуге болады: «Дәмінен ажырат», «Не артық?», «Қанша жеміс көрдің, соншама қол шапалақта», балалардың назарын бақылау үшін кез келген сөзге емес тек қана жемістерді естігенде шапалақтау, жұмбақ жасыру, мысалы түсі қызыл, сары, дөңгелек тәтті ағашта өседі – бұл не? және де басқа да тақырыптарға келтіруге болады.Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.Мысалы: шақ – шақ – шақ – кішкентай құлыншақ.Ыр- ыр – ыр – ырылдайды қасқыр. Балалардың дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.Балаларға топтардағы суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады. Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету.Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.Қорыта айтқанда, балабақшада балалардың тілін дамытуда әрдайым әдіс-тәсілдер ізденуде болу керек. Ойын – балалардың негізгі іс - әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да тіл дамыту сабақтарында сөздік қорын байытуға ойын элементтерін пайдаланудың балалардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.