Математика п?нінен баяндама та?ырыбы: : Математика саба?ын ойын ар?ылы ?ткізу.
Математика пәнінің мұғалімі: Манав РаягульБаяндама: Математика сабағын ойын арқылыөткізу Жоспары: І.Кіріспе бөлім1. Дидактикалық ойынға анықтамаІІ. Негізгі бөлімОйын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолыДидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттеріҚұрылымыСапалылығыТүрлері және қолданылуы, теориясыДаму деңгейлеріБала ойынында педагогтың рөліІІІ. Қорытынды бөлім Дидактикалық ойынның маңызы Эпиграф:Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты.В.М. Сухомлинский І.Кіріспе бөлімОйын адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады.Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Ойын баланы қимылға, әрекетке, денешынықтыруға төселдіреді. Сол арқылы өмір күресіне, еңбекке баулиды. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ. Ойын арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Математикалық ойын дегеніміз-тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл- ой жетекшісі. Ойын 2 немесе одан да көп адамдардан құрылатын топтардың өз мүдделерін іске асыру үшін күрес жүргізу процесі. Әрбір топтың өз мақсаты, стратегиясы болады. Педагогика саласында пайдаланатын ойындарды - дидактикалық ойындар дейді. ІІ. Негізгі бөлімДидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту.Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі.3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі Дидактикалық ойындардың сапалылығы: Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады. 1) Заттық дидактикалық ойындарБұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:Мыс: “Егер, онда”, виктариналық сұрақтар, “Кім көп біледі”, математикалық жұмбақтар т.б.Ойындардың Ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпаратың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпараты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде ж/е олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарата болмайды.Оқытудың ойын теориясын қолдануда 2 жақты дидактика байқалады:1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтр зерттеуде.Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, крассвордтар, ребустар. Дидактикалық ойын түрлері: Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайыс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, сөзжұмбақтар, ребустар жатады.Сонымен қатар ұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізге жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады Ұлттық ойындар «Ханталапай» «Ақсүйек» «Арқан тартыс» «Бәйгені» Педагогтың бала ойынындағы рөлі Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,Азбайтұғын адамның алтындығы. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ !Сіздерге жүректің жылулығын, жанның сұлулығын тілеймін