«БІЛІМ БЕРУ ?РДІСІНІ? САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМ МЕКЕМЕСІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫ? ЖОСПАРЛАУ»


Баяндаманы әзірлеген: №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебі директорының ғылыми- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Иманбаев Медет Джексенбекович
Тақырыбы: «БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІНІҢ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМ МЕКЕМЕСІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ»
Саламатсыздарма құрметті әріптестер! Құрметті тамыз кеңесіне қатысушылар баршаларыңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында білім беру саласына «менеджменттің заманауи технологияларын енгізу үшін оқу орындарының басшы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау тұрақты түрде іске асырылатын болады» деп атап көрсетілген. Сондықтан бүгінгі таңда мектеп директорлары және олардың орынбасарларының алдында білім беру менеджментін меңгеру қажеттілігі туындап отыр. Екінші жағынан, еліміздің халықаралық экономикалық қауымдастыққа енуіне, сәйкесінше білім беру саласындағы өзгерістерге байланысты жаңа жағдайда жұмыс істеуге қабілетті, кәсіби басқарушы ретінде білім мекемесі басшылары және орынбасарларының кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Осы бағытта біздің аудандық білім бөлімі тарпынан да атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Өткен оқу жылында бірнеше мектеп басшы қызметкерлері мен орынбасарларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыстары тұрақты жүзеге асырылды.
Білім сапасы мемлекеттік деңгейде – өмірлік қажеттіліктердің жаңа талаптарға сай болуымен анықталады, ал оқушы деңгейінде – оқу жағдайлары, тұлғалық даму, алдағы өмірде жетістіктерге жету мүмкіндіктері деген мағынаға ие болады. Білім сапасы – бұл негізгі өнім – түлек құзырлығының сапасы болып табылатын, білім ұйымдары қызметтерінің тиімділігі. Білім сапасы басқару сапасымен, ресурспен қамтамасыз ету сапасымен, білім беру үрдісінің сапасымен анықталады.
Білім беру үрдісінің сапасы өз кезегінде мектептің даму тұжырымдамасының сапасына, білім бағдарламаларын жүзеге асыру сапасына, оқу-әдістемелік кешендердің сапасына, педагогикалық кадрлардың әлеует сапасына, мектепішілік біліктілікті арттыру сапасына, мектепке дейінгі балалар әлеуетінің сапасына, бастауыш сынып оқушыларының сапасына, мектептегі инновациялық үрдіс сапасына, білім беру үрдісінің зерттеу үрдістерімен кіріктірілу сапасына, мектептегі үрдүсті ұйымдастыру сапасына тікелей байланысты. Олай болса, аталған педагогикалық әрекеттердің сапасын қалай басқаруға болады? Назарларыңызға ұсынылып отырған презентацияда материалдар презентациялық сипатта беріліп, бүгінгі кеңес барысындағы мектепті басқару менеджментінің нормативтік-құқықтық құжаттары мен теориялық негіздері осы мәселені қарастырады. Ұсынылып отырған «Мектептегі үрдісті ұйымдастыру сапасын арттыруда стратегиялық жоспарлау» барысында білім мекемесінің сыртқы және ішкі ортаның ерекшеліктері, олардың ықпалы мен стратегиялық мақсат пен міндеттерге талдау жасалады және берілген материалдар тиімді команда құру принциптері, тәсілдері, техникасы қарастырылып, ұжым мүшелерінің міндеттерін бөлу жолын меңгеруге бағытталған.
І. Кіріспе. БІЛІМ МЕКЕМЕСІНДЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ
Білім мекемесінің стратегиясын дайындау үшін:
Білім беру жүйесінің, білім мекемесіндегі жағдайларға талдау, оң және кері тұстары, ортаның мүмкіндіктері мен қауіптері.
Миссияны (жұмыстың негізгі идеясын) және әрекеттердің алғышарттарын тұжырымдау.
Мақсаттар мен міндеттер (нақты жағдай үшін анықталған мақсаттар) жүйесі.
Әрекеттер кешенінің мақсаттарға қол жеткізу қарама-қайшылығы.
Стратегиялық жоспарлау қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін білім мекемесі әкімшілігінің және стратегияны жүзеге асыруға жауапты қызметкерлердің нақты әрекеттері мен шешімдерінің жинағы болып табылады.
ІІ. Дайындық бөлім. Стратегиялық жоспарлауды енгізу өзектілігін анықтайтын себептер:
Стратегиялық жоспарлау – басқару мен реттеу жүйесінің әлемдік деңгейде мойындалған элементі, ол перспективалық даму үшін жағдай жасайды, стратегиялық мақсаттар негізінде ағымдық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде өзгерістер жағдайында стратегиялық жоспарлау білім саласының өзекті мәселелерін шешуге мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесінің қызметкерлерінің әрекеттерін біріктіру құралы болып табылады;
Стратегиялық жоспарлау процесі педагогтар мен мектеп әкімшілігінің, білім мекемесі мен қоғамның өзара қарым-қатынасын, білім мекемесінің мәртебесін, педагог имиджін нығайтуға ықпал етеді.
ІІ. Негізгі бөлім. Мақсаттың SMART - талдауы
S Specific
Нақтылық
Конкретные Мақсат нақты болу керек, яғни анық, түсінікті, сонымен қатар мекеменің қызметін қай жаққа қарай бағыттау керектігін анықтауға мүмкіндік беретіндей нақты тұжырымдалған болуы керек. Мақсат басқару түсінігінде дайындалуы тиіс.
M Measurable
Өлшемділігі
Измиримые Мақсат өлшеуге болатындай болуы керек, нақты өлшем түрі болуы тиіс. Кез келген сапалы мақсатты сандық өлшемге келтіруге болады.
A Achievable
Қолжетімділік
Достижимые Мақсат қолжетімді, жүзеге асатын болуы керек. Яғни мақсат мекеменің тиімді жұмыс істеуі мен оны дамытуға ықпал етуі тиіс.
R Relevant
Өзектілігі
Актуальные Мақсаттар бірін-бірі қолдауы керек, яғни бір мақсатты жүзеге асыратын әрекеттер мен шешімдер екінші мақсаттардың жүзеге асуына кедергі келтірмеуі тиіс.
T Time bounded
Орындалу мерзімі
Ограниченные по срокам Мақсаттарды жүзеге асыру мерзімі шектеулі болуы керек. Мақсаттың уақыт бойынша шектелмеуі – мақсат қойылған жоқ дегенді білдіреді.
Мектеп директорының педагогикалық ұжымды қалыптастыруға бағытталған ұйымдастыру үрдістерінің ерекшеліктеріне назар аудару керек.
Жұмысшы топтары Командалар
Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін білім мекемесінің басшысы анықтайды Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін жетекшісі команданың мүшелерімен ақылдасып анықтайды
Жеке қызметтер, міндеттер, тапсырмалар анықталады Команданың нәтижеге қол жеткізуі үшін жеке қызметтер, міндеттер, тапсырмалар анықталады
Негізгі әрекет жеке тапсырмаларды орындауға бағытталады Негізгі әрекет команданың міндеттерін орындауға бағытталады
Жеке жауапкершілік Жеке және өзара жауапкершілік
Жеке әрекеттің нәтижесіне және жеке қиындықтарды жеңуге қамқорлық жасау Команданың әрбір мүшесінің әрекетінің нәтижесіне және команданың қиындықтарын жеңуге қамқорлық жасау

Пайдаланған әдебиеттер:
«Білім сапасын мектепішілік басқару» Тараз 2011. Наметқұлова Ф.
«Мұғалімге арналған нұсқаулық» Педагогикалық орталығының баспасы,2014ж.
«Мектептегі іс-әрекеттегі зерттеу» әдістемелік құрал. Алматы 2013ж.
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 бағдарламасы.
«Мектеп жағдайында адами капиталды дамытуды басқару» Алматы-2014ж