Баяндама: Сынып жетекшісіні? педагогикалы? шеберлігін жетілдіру
Куропаткино орта мектебі
Сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру
(баяндама)
Оқыған: Баймади Ғалия
2012-2013 оқу жылы
Кіріспе
Мектеп өмірінде мұғалім- басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы- кеңесшісі болып саналады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол- сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынасы қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады. Сыныпта оқушылардың оқу- тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшісіне жүктеледі.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының мазмұны тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісі балалар тұлғасының жеке дамуына және адамгершілік тұрғысынан қалыптасуы үшін жағымды жағдайлар жасауға әрекет етеді, оның тәрбие жүйесіне қажетті түзетулер енгізеді.
Оқушы тұлғасын және оның қызығушылығы мен қабілет мүмкіндіктерін зерттеуді жүзеге асырады. Жағымды өз ортасын құрып, сыныпта әр бала үшін моральдық-психологиялық ахуал жасайды.
Қарым - қатынастың дамуына ықпал етеді.
Баланың өз құрбыларымен, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынасында пайда болатын проблемаларын шешуге көмектеседі.
Тәрбиеленуші тұлғасынан өзін-өзі тәрбиелеуіне және өзін-өзі дамытуға бағыттайды. Оқу іс-әрекетінде оқушыларға көмек береді. Үйірме, клуб, спорт секциясы мен бірлестіктер жүйесі арқылы оқушыларға (тәрбиеленушілерге) қосымша білім алуға ықпал етеді.
Балалардың жас ерекшеліктеріне және тұрмыстық талаптарына сәйкес сынып жетекшісі сынып ұжымы өміршендігінің мазмұнын жаңартады.
Оқушылардың құқықтары мен бостандығын сақтайды, олардың өмірі, денсаулығы, қауіпсіздігі үшін жауап береді.
Сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің мазмұны – формальды түрде болмайтын кәсіби-педагогикалық емес, керісінше «табиғи» қызметтестік, ересек адам мен баланың өзара түсінікті қатынасы. Оның мазмұны ерекше адамға өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай жасап, оның тұлғалық қасиеттерін баламен қарым-қатынасқа түсу барысында неғұрлым байыта түседі. Үдерістің қатысушысы болып балаға өзінің ересек адам ретінде сезінуге, оның өз күшіне сенім артып, өзі «менің» көрсетуге мүмкіндігі туады, осындай да бала ересек (досынан, жолдасынан) адамнан нағыз көмек көре алады. Осы компонент субъект ұстанымының қалыптасуына, жас тұлғаның жалпы дамуына оның жеке ерекшелігін ескере отырып, оң әсер етеді.
Сынып жетекшесінің балаларымен тәрбие жұмысының бағдарлаамсы әрдайым инновациялық, авторлық, динамикалық болады, бұл –педагогтың шығармашылық, нақты тәжірибеге бағытылған және жемісті іс-әрекетінің нәтижесі.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру, тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Сынып жетекшінің міндеті – сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшінің қызметі
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады. Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.
1. Педагогикалық және әлеуметтік – гуманитарлық. Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтік қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2. Ұйымдастырушылық қызметі. Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскер сынып ұжымын қалыптастыру. Олардың танымдық, еңбек, эстетикалық әрекеттерін және демалысы мен еркін қарым-қатынасын ұйымдастыру. Сыныптағы өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру, дамыту.
3. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару. Оған: нақтамалық, мақсат қоюшылық, жоспарлау, болжам жасау, немесе жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру қызметін жатқазуға болады.
Сынып жетекшінің қызметтері:
Тәрбиелік-түзетушілік:
мемлекеттің әлеуметтік және рухани тәжірибесіне қатыстыру
креативті қабілеттерін дамыту
жалпы адамзаттық құндылықтарды тәрбиелеу
қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу
Жеке жұмыс
психологиялық- педагогикалық жұмыс
Карталары
Тестілеу
Сауалнама жүргізу
Бала денсаулығын қадағлау
Ауырған балаларға қамқорлық көрсету
Баланың жеке денсаулық картасының талапқа сай жүргізілуін қадағалау
Психологиялық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
Медициналық қызметпен бірлесе жұмыс істеу
Ұйымдастырушылық
түрлі қоғамдық пайдалы шаралар ұйымдастыру
оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын ұйымдастыру
Бақылаушылық
оқушыларының сабаққа қатысуын бақылап отыру
оқушы үлгерімін есепке алып отыру
оқу кабиентінің санитарлық жағдайын қадағалап отыру
оқушылардың сырт киімдерінің талапқа сай болуын қадағалау
тамақтануды ұйымдастыру
Коммуникативтік
- балалар арасындағы қатынастарды реттеу
- «Оқушы-мұғалім », «Оқушы-ата-ана», «Мұғалім –ата-ана» өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу
- оқушылардың айналасындағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас қалыптастыруына көмек көрсету
Аналитикалық
- әр оқушының жеке ерекшеліктерін зерттеу
- сынып ұжымының қалыптасуын зерттеу және талдау
- әр баланың отбасы тәрбиесі жағдайын зерттеу және талдау
Дамытушылық
ақыл –ой дамыту ойындарын ұйымдастыру
Халықтық, классикалық жаңашыл әдістері
Сынып жетекшісі осындай жұмыстарды атқару барысында , біріншіден, өзінің педагогикалық әрекетінің нәтижесін көре алады. Екіншіден, нақтама, яғни зерттеу жұмысының нәтижесін пайдалануда, оны баланың жеке тұлғасын қалыптастыру және дамыту құралына айналдыру мүмкіндігі туындайды. Бұл процес оқушылардың жас ерекшелігі сынып ұжымының қалыптасу дәрежесіне байланысты жүзеге асады.
Тұлғаны тәрбиелеуде оның ертеңгі қуаныш күнін, болашағын болжау, оны жобалаудың да маңызы ерекше.
Сынып жетекшісі:
Игеруі тиіс:
кіріктірілген тұлғалық қасиеттер: эмоциялық-ерікті өзін басқару және бақылауға қабілеттілік, аналитикалық, болжамдық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттер.
Жоғары мәдениет, тұрақтылық, адамгершілік бағдар.
Оның бойында болуы тиіс:
кәсіби дайындықтың жоғары деңгейі, оның негізін келесілер құрайды:
жалпы, жас ерекшілік, әлеуметтік педагогика мен психология саласындағы ілгері білім
балалар қарым-қатынасындағы, іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы, дамуындағы ауытқу нормаларының құбылыстары мен процесстерін білу
психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып жеке кеңес берудің, психологиялық алдын алудың және психологиялық педагогикалық түзетудің әдістерін
балалардың жас ерекшеліктері мен әлеуметтік сипаттарды ескере отырып, балалардың жеке және ұжымдық шығармашылығының ерекшелігі мен мәнін білу
балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесін білу
балалардың құқықтарын қорғау бойынша отандық және халықаралық құқықтық нормаларын білу.
Кәсіби біліктері қалыптасуы тиіс:
жеке, тұлғааралық қиындықтар мен қақтығыстарды анықтау
зерттеу және әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік психологиялық мәселелерді шешу әдістерін игеру
«ересектер-бала» және «ересектер-ересектер», сонымен қатар «сынып жетекшісі-бала-ата-ана» жүйесіндегі педагогикалық тұрғысынан мақсатқа сай және психологиялық дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыру
Ұжымдармен, балалардың бірлестіктерімен және үлкен, кіші топтармен жұмыс жасау
Балалармен әлеуметтік маңызды іс-әрекеттер ұйымдастыру, олардың әлеуметтік өзін-өзі анықтау мен қалыптасуы үшін жағдай жасау
Шығармашылық бейімділіктерін және балалардың қабілетін анықтау, оларды іске асыру үшін жағдай жасау
Жоғарыда айтылғанның барлығын ескере отырып, сынып жетекшісінің әлеуметтік-педагогикалық құбылысының ерекшелігі мен үрдіске қатысушыларына қатысты оның рольдік ұстанымы өзгереді.
Сынып жетекшісінің оқушылардың оқу және тәрбие процесіне бақылау жүргізіп және оны түзетіп отыруы – бұл оның нәтижесін, сапасын қадағалауға мүмкіндік беріп, оны үнемі жетілдіріп отыруды қамтамсыз етеді. Бақылаудың нәтижесіне талдау жасау барысында сынып жетекшісі қажет болған жағдайда балалар ұжымы немесе жекелеген оқушылардың әрекеттеріне түзету енгізуді жүзеге асырады. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие процесін бақылауы және түзетіп отыру қызметі тек оқушылармен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстары барысында ғана жүзеге асады.
Сынып жетекшісі және оқушылар ұжымын тәрбиелеу
Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті – оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу. Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлағанда оның ең басты, шешуші саласы балалардың достығы жарасқан тату-тәтті, іскер ұжымын құру екендігін ұмытпауы тиіс. Оқушылар ұжымының өмірін қызықты Ұйымдастырмайынша, мектеп алдында тұрған міндеттерді орындау мүмкін емес. «Ұжым»- латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с.с. Нақтылағанда – оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.
Ал оқушылар ұжымына келсек, оның өзіндік белгілері бар. Атап айтсақ:
1. Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы. Мақсат қандай да болмасын топта болады.
2. Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы. Балалар ортақ мақсатқа жетуде бірлесе іс-қимыл жасайды. Ол үшін оның әрбір мүшесі бірлескен өзара әрекетке белсенді қатысуы міндетті.
3. Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы. Яғни, өзара әрекеттесу барысында, оның әрбір мүшесінен жағары жауапкершілік талап етіледі.
4. Ортақ сайланған басқару ұйымның болуы. Ұжымда демократиялық қатынас орнайды. Соған сәйкес белгілі бір басқару ұйымы құрылады. Ол тікелей және ашық сайлау негізінде қалыптасады.
Ұжымда қалыптастырудың жоғарыда аталған белгілерінен басқа тағы да өзгешеліктердің болуы мүмкін. Бұл белгілер бұл ұжымның ішкі қалыптасу құрылымы мен психологиялық жай-күйдің және оның әрбір мүшесінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасының көрінісі немесе өлшемі ретінде сипатталады. Сондықтан , жақсы ұйымдасқан ұжымда өзара көмек және өзара жауапкершілік, бір-біріне тілектестік және адал ниеттілік, сын және өзара сын орнығады.
Мектеп ұжымы құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып – сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым-қатынастың алғы шарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланды.
Олай болса оқушылар ұжымы деп - ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар , барлық мүшелерінің құқақтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын атаймыз.
Оқушылар ұжымын қалай ұйымдастыруға болады?
Оқушылар ұжымының күнделікті ісі белгілі бір сыныптағы балалардың басым көпшілігінің мінез құлқына, аңсары ауып тұратын ісіне жауап беретіндей ұйымдастырылуы қажет.
Сынып жетекшісі-тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар әр баланың бойындағы бейімділігін, кәсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып, сүйіспеншілік, сенім, түсінушілік және достастық хал-ахуалын тудыра білуі керек.
Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабақ екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылар мен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады.Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.Сынып сағаты мынандай тәрбиелік қызметті атқарады : ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық, және қалыптастырушылық.Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары.Қарастыратын мәселелер :- “Тәрбие сағатын ” талдау үлгісі.- Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары : пікір талас, әңгіме, саяси хабарлама, саяси үйірмелер мен клубтар, оқырмандар конференциясы т.б.
ПікірталасОқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікірталас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс – бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса, сонда ғана ол нәтижелі болады. Пікірсайыс – бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін, өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады.Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық, нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбыдыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.ӘңгімеТәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып- адамгершілік тәрбиесі. Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру :жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қаралады. Осы мәселелерге қатысты өткізілетін әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға , өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлерімен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда ,ең алдымен адамгершілік ұғымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн.Саяси хабарламаСаяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі, мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады :- Бір аптадағы әлімдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.
- Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең көрнекті табсытар, жаңалықтар туралы хабар.-Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.
Газет оқуға үйретуБұл ережелерді баланың есіне салып отырған жөн.1.Газет оқуды күнделікті әдетке айналдыр. Газет-жол сілтеуші серігің.2.Газеттің әрбір бетінің өзіндік ерекшелігі, мәні бар екенін түсіне біл. Сонда ғана газет мақалалардың мазмұнын бағдарлай алатын боласың.
Оқырмандар конференциясыКрнференцияның табысты өтуінің бірден бір шарты, оның дайындық кезеңінің қаншалықты іскерлікпен ұйымдастырырылуына байланысты. Сынып жетекшілері конференцияны дайындау барысында оның біліктілік пен тәрбиелік маңызына ғана көңіл бөлумен шектелмей, оны ұйымдастыру мен өткізу барысында кездесетін кейбір негізгі кемшіліктерді конференцияның қызықсыз өтуіне, оның тәрбиелік маңызын әлсіретуге, оқушылардың белсенділігін төмендетуге кері әсерін тигізеді.
Тақырыптық конференцияКонфернцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жаба және ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.Дайындық барысында хабарландыру ілініп, онда конференцияны өткізу мерзімі мен орны , оның тақырыбы мен көкейкесті сұрақтары көмектеседі.Конференцияны өткізу барысында, оның басшы органы сайланбайды. Стол үстіне гүл шоғы мен тақырыпқа сай кітаптар қойылады.Баспасөз конференциясыСыныптан тыс тәрбие жұмысының бұл формасы оқушылар үшін өте ұнамды әрі қызықты болып келеді. Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, сонымен бірге бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналардың алдында өз пікірін білдіріп сөз саптауға дағдыландырады. Соған орай конференцияны ойын түрінде өткізген жөн. Оған қатысушы әрбір оқушы тілі, белгілі бір саланың қызметкері немесе қоғамдық және саяси партиялар өкілдері секілді рөлдерді атқарады. Соның барысында оқушылар баспасөз конференциясына қатысушыларға үлкен ілтипат көрсетіп, көп нәрседен хабардар болады, тіпті олардың өздері белгілі бір рөлдерді орындауға тілектер білдіреді.КонкурстарКонкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі, тартымды, әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн.Конкурстың түрлері алуан : конкурс-викторина, конкурс-инсценировка, мәнерлеп-оқу, фото-сурет т.б.Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатысушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын Ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ-қазылар алқасы тағайындалады. Залды безендіру, оны ұйымдастырудың үлгісін жасау жұмыстары атқарылады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын-ала тапсырма береді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
Сынып жетекшісінің сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмыс – тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
Қорытынды
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..,жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек».
Әл-Фараби
Шебер мұғалім, біріншіден, халқымызға тән жастарымыздың бойында бар адамгершілік сипаттағы дүниетанымына, өз мәдениетіне, әдет-ғұрып, салт-саналарына, қол өнері мен педагогикасына арқа сүйейтіндігіне және ашық-жарқындығы мен бауырмалдылығына, яғни қазақ ұлтының басқа халықтардың құндылықтарын сіңіре алушылық қабілетіне ерекше назар аударған жөн. Екіншіден, өзі оқытатын пәнді терең меңгеруге міндетті. Үшіншіден, өздігінен білім алуға ынталы болуы керек. Мұғалімнің жеке басының үлгісі - кәсібилікпен біте қайнасқан қасиет болуы керек. Себебі, кез келген ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімнің жеке басының үлгісімен тығыз байланысты.[3]
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Яғни жаңа технологияларды меңгеру жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруға қойылатын негізгі талап болып отыр. Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
«Жаңа тұрпатты мұғалім дегеніміз – кәсіби білім мазмұнын үздіксіз жетілдіріп отыратын, оқу үдерісін басқару қабілеті, сондай-ақ тұлғалық және кәсіби сапасы жоғары, озық технологияларды меңгерген, оны қалауынша пайдаланатын құзыретті тұлға» деп беруді ұсынамын.
Жаңа тұрпатты мұғалім білім парадигмасының «өмір бойы білім алу», «мұғалім - оқулық - компьютер - білім алушы» болып өзгеруіне байланысты ең алдымен ақпараттық құзыреттілікке ие болуы тиіс деп есептеймін.
Әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы- осы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында да білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері хақ.