Дидактикалы? ойын ар?ылы о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру (2 класс)


Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыруДидактикалық ойындар арқылы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту..Сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.Ойын-бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар айналасындағы адамдар мен олардың әрекетіне көңіл аударады,заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Балалардың ойлауын,қиялын,сөйлеуін дамыту үшін түрлі ережелер мен ойнайтын ойындардың да үлкен дидактикалық мәні бар. Бір ойын түрі ойлауы мен қабылдауын жетілдірсе,ал екіншісі ойлау қабілетін,үшіншісі есте сақтау қабілетін жетілдіреді.