?аза? тілі саба?тарында сауаттылы?ты арттыру мен ?алыптастыру жолдары


Қазақ тілі сабақтарында сауаттылықты арттыру мен қалыптастыру жолдары
Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті-білім мазмұны мен сапасын арттыру,білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты.Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімнің орнына елімізді алға тартатын,жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек.Сол себептен де, Назарбаев зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор.
Бұл бағдарлама бізге не береді? Ұстаздар қауымы не күтеді? Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп,нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, жан-жақты дамыған,ынталы,білімге құштар, сауатты ,мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Ұстаздардың ұстазы Ы.Алтынсариннің айтқанындай мұғалім-мектеп жүрегі болса, оның оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad,2007).Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр.Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті,қалыптасатын білімдері жан-жақтан жинаған(мұғалімнен,достарынан,интернеттен,кітаптан оқыған,т.б)ақпараттарына негізделеді.Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталып,кейбір жерде ұтымды пайдаланылады.Бірақ ,мәні терең меңгерілмегендіктен,оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды.Сол себептен оқушылардың қалай оқу керектігіне,түсіну қабілетін дамытып,оны керек кезінде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын,көзқарасы дамыған,сауатты,жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету-аталмыш бағдарламаның негізгі мақсаты.
Қазақ тілі сабақтарында сауаттылықты арттыру мен қалыптастырудың бір жолы-өзіндік жұмысты ұйымдастыру және оны басқару болып табылады.Бұл әр ұстаздың күрделі де, жауапты жұмысы.Белсенділік пен өзіндікті тәрбиелеуді -оқушы тәрбиесінің негізгі бөлігі деп санау керек. Бұл мақсат-әр мұғалімнің алдындағы ең маңызды бірден-бір мақсаты болып қалыптасуы қажет.Менің осы жұмысымның мақсаты да оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен оның табысты орындалуына жан-жақты барлық жағдай жасау.Бұл мақсатта мен оқыту барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысына жан-жақты зертеулік сараптамалар жүргізіп,өзіндік жұмысының көптеген анықтамаларымен танысу барысында оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеттерінің қандай қызмет атқаратынын және оның қалыптасқан жеке тұлғаға қаншалықты қажеттігін айқындайды.Оқушылардың өзіндік қабілеттерін қалыптастыру туралы айтар болсақ,бір-бірімен тығыз байланысты екі мақсатты міндетті түрде айту қажет.Біріншісі-оқушылардың өзіндік танымдықіс-әрекеттерін дамыту үшін оларды біліммен қарулануда өз еріктерімен ізденуді және өзінің көзқарасын қалыптастыруды үйрету болса ,екіншісі-сол ізденіспен білімдерін іс-жүзіне қолдана білу.Өзіндік жұмыс –сабақты ұйымдастыру формасы да,оқыту тәсілі де емес.Оны оқушыларды өзіндік танымдық іс-әрекетке ынталандыру мен оның логикалық және психологиялық ұйымдастыру құралы деп қарастырған заңды.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру түрлерінің бірі-деңгейлік тапсырмалар.
Ж.Қараевтың «Саралап,деңгейлеп оқыту» немесе «Үш өлшемді технологияны» қолдану арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты,білімді бекіту,қайталау сабақтарында өздіктерінен тапсырмаларды орындау арқылы оқушының ынтасын,белсенділігін,сауаттылығын арттыру көзделген.Тақырып бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді,өйткені оқушының ойлауын елестету мен есте сақтауын,белсенділігін ,сауаттылық дағдысын,білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Оқу үрдісінде тіл салаларын меңгеру деңгейін анықтауда жұмыс дәптерлерін қолданамын. Жұмыс дәптерлерінде оқушылардың әр түрлі деңгейде жаттығу жұмыстарын орындайды. Жаттығу жұмыстарын орындау арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып,нақтыланып қана қоймайды,сонымен бірге өз беттерінше жұмыс жасауға ,ойлау қабілеттерін дамытуға,сауатты жазуға дағдыланады.Жаттығу кезінде үздіксіз талдау,жинақтау,салыстыру,абстракциялау,жалпылау жұмыстарын жүргізеді.
Ал мұғалім оқушылардың жаттығу жұмыстарын тексеріп,дер кезінде кемшіліктерін түзетіп отыруы,оқушының сауаттылығын арттыруға және қалыптасуларына оң ықпалын тигізеді.Жаттығу түрлері арқылы оқушылардың оқу материалдарын қалай ұғынғаны айқындалады,яғни жаттығу әдісі оқыту ісінің теориясын практикасымен байланыстыру принципін жүзеге асырады.
Өздік жұмыстарының тапсырмаларын өтілген тақырыптарға қарай қарастыруға болады.Мысалы:1. көп нүктенің орнына жіңішке дауысты дыбысты қойыңыз.
2.Ойлан,тап!
3.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін дыбыс үндестігіне қарай топтастырып жазыңыз.
4.Сөздік диктант құрастыру (өтілген тақырыптарға қарай)
5.Тест түрлерін орындату (анықтау ,сәйкестендіру, балама).
Сөз соңында айтарым- ең бастысы оқушыларды өздігінен білім алуға үйретіп, сауатты,шығармашыл жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Талдықорған қаласы,№22 орта мектеп
Акбакирова Гүлнар Өмірзаққызы.