Доклад на тему «Тиімді инновациялы? технологиялар»


ТИІМДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
АРҚЫЛЫ ОҚУ ҮРДІСІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ДАМУЫН БАСҚАРУ
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар оқытудың жаңа жүйеге көшуін, әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашалық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. Сондықтан, мұғалім өз білімін жан-жақты жетілдіре отырып, оқушыны қызықтырып оқыту керек екенін айтқан. Ұлы неміс пегагогы А.А.Дистервег: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» – деген. [1]
Оқушыларға нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі. Себебі, оқушылардың берілген білімді саналы түрде ұғынуын, өмірге деген өзіндік көзқарасының дамуы, басқа ғылым негіздерін меңгеру нәтижелері ана тілінде сөйлеу деңгейіне байланысты. Сол себепті де оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушыларға ана тіліміздің қыр-сырын ауызша сөйлеу тілін де, жазу мәдениетін де ұғындыруымыз қажет. Сондықтан оқыту технологияларын оқу мазмұнына оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынаудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтылық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.[2]
Білім берудің инновациялық технологиясы – бірыңғай мақсатпеп біріккен және оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық технологияларды қамтыған, оқыту, тәрбиелеу және басқару түрлерінің, әдістері мен оқу құралдарының жиынтығы, оқытудың инновациялық технологиялары – нәтижесінде оқу процесіне деген ішкі себептің оң қатынасы анағұрлым жақсаратын, тұлғалық бағытталған, кіріктірілген, ұжымдық іс-әрекеттік, ақпараттық, қашықтықтық, дамытушылық, модульді дамытушылық және т.б. технологиялар жетекші орын алады. [3] «Шәкірт – біліммен толтыратын бос құмыра емес, ол жануға дайын тұрған шырақ, ал ұстаз шырақшы ғана...». Сондықтан, білім беру саласындағы оқытудың озық жаңа техналогияларын меңгермейінше, сауатты болу мүмкін емес.
Жалпы білім беруде баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын бірінші қойып отыр.
Бұл жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты. Ол мақсат өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдық іс - әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет.
Мұнда бірінші орында білім алушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады. Оқытудың франтальды түрі – бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. Технологияландыру процесін іс жүзінде модульдеп оқыту арқылы да жүзеге асыруға болады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Қазіргі білім беру жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.[4]
Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдырдың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек, оқыту технологиясы – педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп, жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:
 Балаға ізгілік тұрғысынан қарау;
 Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
 Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
 Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
 Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;
 Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.[5]
Инновациялық технологиялардың бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.
Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Технологиялардың бірнеше түрі бар:
Кәсіптік технологиялар;
Басқару технологиялар;
Ақпараттық технологиялар;
Ізденіс технологиялары;
Ойын технологиялары;
Педагогикалық технологиялар;
Білім беруді ізгілендіру технологиясы;
Проблемалық оқыту технологиясы;
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы;
Түсіндіре басқарып оза оқыту технологиясы;
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
Бағдарламалап оқыту технологиясы;
Модульдік оқыту технологиясы;
Ұжымдық ойлау технологиясы;
Сын тұрғысынан ойлау т.б.
Бұл педагогикалық технологиялардың маңыздылығы:
Білімгер барлық тақырыпты меңгереді, яғни жоқ дегенде міндетті деңгейді біледі.
Білімгер жоғары деңгейде меңгереді, дамиды, ізденеді.
Білімнің теориялық, жариялық, әділдік қағидалары сақталады.
Ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасы өзгереді.
Білімгердің танымдық, интелектуалдық қабілеттері дамиды.
Өзіндік көзқарасы қалыптасып, тыңдай, сыйлай білу мәдениеті артады.
Инновациялық технология нәтижелері:
1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
2. Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
3. Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
4. Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
5. Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
6. Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
7. Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.[2]
Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытынға келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу, пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Ақпараттандыру технологиясы арқылы заман талабынан сай сабақ берідің тиімділігі өте көп. Күнделікті сабақта видео, аудио қондырғыларды мен теледидарды, компьютерді, интерактивтік тақта мен мультимедиалық проекторларды пайдалану үлкен нәтижелерге жеткізіп отыр. Ақпараттық технологияның ерекшелігі: оқушылардың өздері ақпараттар жинап, жаңалық ашуға ұмтылып, ізденіп жауабын тауып, өзінің қөзқарасын логикалық түрде дәлелдейді.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады.
Бұл ойындар арқылы менің балаларымның ойлары, есте сақтау қабілеттері, тілі, танымдылығы дамиды, сана қалыптасады.
Проблемалық оқыту технологиясы – білім, білік, дағдыға ие қылу; өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы – білім, білік, дағды қалыптастырумен бірге жеке мәліметтеріне қарамастан оқыту; және оқытуды жеделдету.
Түсіндіре басқарып оза оқыту – білім, білік, дағды меңгертумен мемлекеттік стандарт көлемінде білім беру.
Деңгейлеп - саралай оқыту технологиясы - әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; оқытуда әр түрлі топтардың ерекшелігіне сәйкес бейімдеу.
Модульдік технологияның ерекшелігі - оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл) ойлауды, ынтаны, қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталуы.
Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп ойламын.

ӘДЕБИЕТТЕР
1. Инновациялық білім беру үрдістерінің мәні, түрлері және құрылымы //Ізденіс. – Алматы, 2005. № 3 (2).
2. Инновациялық білім беру үрдістерін жүйелі басқару үлгісінің қызметтері, құрылымы және технологиялары //Ұлт тағылымы. – Алматы, 2005. № 4. – Б.35-38.
3. Жолымбетов К. Қазақ тілін оқыту методикасы. А, Қазақ университеті, 1991. 20 бет.
4. Жұмабаев М. Педагогика Алматы, Рауан, 1993, 154 б.
5. Маманов Ы. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту. А, 1977. 71. бет.
6. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996ж.
Ш.Х. Құрманалина   Педагогика. Алматы, 2007 ж
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы»  27 шілде 2007 жыл
3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М. 1988.
4. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. - Өскемен, 2005.
5. Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000
6. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз. ТарМУ-2003ж
7. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, 2007 ж
8. ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
ҚР Президентінің  2010 жылғы 7 желтоқсандағы  № 1118 Жарлығымен бекітілген.