ИНФОРМАТИКА САБА?ЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ?ОЛДАНУДЫ? ТИІМДІЛІГІ (баяндама)
ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕТІ МОДУЛЬ ИДЕЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
«Әрбір мұғалімді педагогикалық құралдарды
қолдануға үйретуге болады, әрі үйрету керек те,
сонда ғана оның еңбегі жоғары нәтижелі болып,
мұғалімнің орны күн астындағы ең артық орын болар еді»
(Я.А.Каменский)
Егеменді еліміздің білім беру жүйесіндегі басты мақсаттардың бірі - әлемдік білім беру жүйесіне ену, әлемдік озық технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарынан іздену, жан-жақты шығармашылық ізденістегі, дарынды тұлға қалыптастыру. (Педогогика жаршысы 57 бет). Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Диалогтік оқыту тәсілі бүгінгі күнде сабақтардың сапалы болуына, оқушыларды сапалы білім алуға жетелейтін өте қажет және маңызды әдістердің біріне жатады. Диалогтік оқу- оқушылардың мұғаліммен және оқушылар арасында еркін пікір алмасуына, ойын дәлелді жеткізуіне, еркін сөйлеп, әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпал етеді. Диалогтік оқыту көптеген отандық және шет ел ғалымдараның назарында болып жан-жақты зерттелген.
Мысалы: Мерсердің (2000) зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар. Олар:
әңгіме-дебат, яғни қарама-қарсы пікірлердің таласы.
топтық әңгіме: топ арасындағы идея талқыланады, келісу, келіспеу, төзімділікпен тыңдау басты бағдар.
Зерттеушілік әңгіме: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады, қатысушылар бір-біріне сұрақтар қояды, айтқандарын дәлелдейді, келісімге ұмтылу. (МАН 39-бет). Ал Қазақстандық ғалымдар арасынан Ж.Қараевтың, Ж.Кобдикованың, Ш.Таубаеваның, М.Жанпейісованың, Н.Оразақынованың т.б, жұмыстарында оқытудың жаңа технологиялары терең зерделеніп, жан-жақты қарастырылған. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау, баланың танымын қалыптастыру, дамыту балаға өз бетінше зерттеу әдістерін меңгерту мен шығармашылық икемділігін дамыту, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау.
Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығы арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Cондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің ролі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 39-бет) Міне, осыны негізге ала отырып, мен 5-сыныпты зерттеуге ала отырып, сабақты Блум таксомониясымен жоспарлауға кірісіп те кеттім. Мен өз сабақтарымды осы диалогтік әдістерді пайдаланып жоспарладым, оқушыларға сұрақ қою және жауап беруге арналған тапсырмалар негізінде сабақ жоспарын құрып, сабақта зерттеулерімді бастадым. Мысалы: информатика пәнінен «Word Pad мәтіндік редакторы» атты тараудағы сабақтарымда диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалауы қолданып, бірталай жетістіктерге жеттім.
Сабақтың тақырыбы: Калькулятор және Блокнот
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға графикалық ақпаратты өңдеумен жұмыс жасауды көрсетіп, бағыт - бағдар беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Сабақ басында оқушыларың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында «шаттық шеңбері» тренингін жүргіздім. Шарты: бір-біріне есімдерінің бас әріптерінен басталатын жылы лебіздерін, тілегін айту.
«Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімі құралына айналады» (Мұғалімге арналған нұсқаулық 11-бет). «Ой қозғау» әдісі бойынша, өткен сабақты еске түсіру мақсатында оқушыларға диалогтық ретінде сұрақтар қойылды.
- Балалар, біз өткен сабақта біз не өттік?
- Мәтіндік редакторда аралас құжат құруды өттік (Нұр)
- Сурет кірістірудің қанша тәсілі бар?
- 3 тәсілі (Айдар)
- Терезе элементтерін атаңыздар
- Жарайсыздар балалар- деп т.б сұрақтарды қойып, үй тапсырмасынсұрау кезінде диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту мақсатында диалогттік қарым-қатынасты жандандыруға тырыстым. Түрткі болу сұрақтарының техникалары қолданыс таба білді. Үй тапсырмасына 1-топтан Нұр, Еркежан, 2-топтан Анелла, Айдар, Назерке, 3-топтан Адина, Аяжан жауап берді. Сұрақтарға жауап бергенде оқушылардың тіл байлығының және информатикалық тілде өз деңгейлері бойынша күннен-күнге дамып келе жатқанын аңғардым. Бұрын сабаққа мүлде жауап бермейтін оқушылар да топпен бірге жарыса сұраққа жауап беріп, қызығушылықтары артып келе жатқаны байқалады. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана отырып, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогке түсті, дарынды екендіктерін де көрсете білді.
Топқа бөлу. Оқушылар диалог арқылы сабақтың тақырыбын анықтады. Оқушыларды топқа бөлген кезде тақырыпқа байланысты, кәдімгі калькулятор, инженерлік калькулятор, блокнот суреттерімен бөліндік. Оқушылар арасында (Аяжан) «калькулятордың екі түрі бар екен, апай біз бүгін калькулятор мен блокнот тақырыбын өтеміз ба?, компьютерде калькулятормен есептер шығарамыз ба?» деген сұрақтар айтылып жатты. Оқушылардың ұшқыр ойлары мені қатты қуантты.Осы арада оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап алды.
Мен оқушыларыма мәтінді үш топқа, үш топ тез арада оқып, түсініп, топтар ауысу арқылы бір-біріне түсіндіруі қажет деп тапсырма бердім. Үшінші топ аздап артта қалды. Баяулап қалған топқа бағыт беру арқылы көмек көрсеттім.
Сабақта балалар АКТ-да, топта жұмыс жасап, өз ойларымен бөлісіп отырды. Постерді қорғауға келгенде белсенді оқушылар өздерінің тез қабылдап, тез қимылдайтындықтарын көрсетті.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін, жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды тиімді қолдану маңызды болып саналады. Келесі тапсырма Калькулятор және Блокнот бағдарламасында деңгейлік тапсырмалар орындау керек болды, бұл жерде компьютермен жұмыс жүргізілді. Балалар ойлана отырып, тапсырманы орындады.
Сергіту жаттығуларын жасата отырып, оқушыларды демалтып алдым. Олар күлісіп, сергіп қалғандарын айтып жатты.
Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысымен тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді және түсіндіру үдерісі.
Бағалау кезінде оқушылар бағалау критерийлері жазылған бағалау парағымен өз-өздерін, бағалауы арқылы бағаланды, Мен постер қорғау кезінде жақсы идея айтқан, жақсы жауап берген, берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушыларды геометриялық фигуралармен бағаладым. Сабақ соңында оқушылар өз рефлексияларын жазды.
Қорыта келгенде, сaпaлы да санaлы оқушылaрды тәрбиелеймін және де дaрынды оқушылaрды көбірек дaмытaмын деген мaқсaт қойып отырмын. Қaншaлықты қиындық туғызсa да ұстaз деген бәрін жеңе алaтын білімін дәлелдей білетін дaрынды да талaнтты көшбaсшы екенін есте сақтaған жөн дей келе: Мен келешекте дaрынды, тaлaнтты, білімді ұрпaқты тәрбиелеуге күш жігерімді сaлып еңбек етемін. Білікті ұстaз болу үшін көп еңбек етіп өз білімімізді шыңдaй беруіміз қaжет.