Информатика саба?ында тест программаларын ?олдануды? тиімділігі (Баяндама)


Мазмұны
Тақырыбы: «Информатика сабағында тест программаларын қолданудың тиімділігі»
Жоспары:
І. Кіріспе бөлімі
1.1.Білімді тексерудің тестілік әдістемесі
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тестілеудің тиімділігін арттыру формалары туралы
2.2. Тест тәсілін қолданып оқушы білімін компьютер арқылы  алу
ІІІ. Қорытынды
Оқушы білімін бағалауда тестілік тапсырмаларды қолдану тәжірибемнен
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Білімді тексерудің тестілік әдістемесі
Тест оқушы білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады.
Тарихи тұрғыдан тесттердің ең көне түрі оқушылардың дарындылығы немесе олардың ақыл-ойының жалпылама даму барысын тексеруге қолданылған. Бұл тесттер оқушының белгілі бір мәліметті жадында сақтау қабілетін, ынтасын, зеректігін, нақтылы көріністі көз алдына елестету қабілетін тағы басқа маңызды сипаттарды анықтауға көмектеседі деп есептеледі.
Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады: оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, жоғары оқу орындары мен мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай  осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тесттер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғалымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында  білім жүйесін басқару органдары да қызықтыра бастады. Осы факторлар қолданылатын тесттердің сапасын көтерумен қатар, олардың бүгінгі пайдалану аймағын да анықтау жүйелерін  даярлауға әкеліп отыр. Мұндағы бір айта кететін мәселе- кез келген бір тестің қолдану аясы оның мазмұндық, технологиялық және де басқа ерекшеліктеріне тәуелді болатыны, осыған орай педагогтар пайдалануындағы тест материалдарын топтарға бөліп жіктеу (классификациялау) қажеттілігі туындап отыр.
Тест материалы немесе тест деген түсінік әрбір сұраққа сәйкес оның мүмкін болатын бірнеше жауаптарымен бірге берілген тапсырмалар жиынын білдіреді. Тест материалдары көбінесе бланк түрінде немесе компьютерге  арналған бейнелеу формасында беріледі, онда оның дұрыс жауаптарымен бірге келтірілген сұрақтар, оның бағалау критериі немесе нормасы, нәтижелерді есепке алу процедурасы, яғни шкаласы, оқушылардың тест жауаптарын қалай толтыру керектігі  жайлы нұсқаулар және т.б. болады. Егер тест алу компьютер арқылы жүргізілсе, онда тест материалдары тест тапсырмаларының арнайы банктерінде жинақталып тұрады да, олардан сұрақтар вариантын қандай тәсілмен алуға болатыны жайлы нұсқау беріледі.
Тесттердің осындай параметрлері оларды жіктеудің белгілі бір критериіне сәйкес оны тесттің қай түріне жатқызуға болатындығының айғағы болып табылады. Екінші жағынан, тест материалын бір топқа кіргізу оны жасаушылардың алдына қойған мақсатына байланысты тесттердің қандай да  бір болмасын қасиеттерге, технологияларға қарай реттеуге тура келеді. Реттеліп, мақсат қойылып құрылған тест тапсырмаларын қолдану оқу процесінің сапасына, яғни оқу нәтижесіне әсер етеді.
2.1. Тестілеудің тиімділігін арттыру формалары туралы
Ақпараттық оқыту технологияларының және модульдік оқыту тәсілінің оқу үрдісіне кеңінен ене бастауына сәйкес оқыту, білім және біліктілік сапасын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тестік форма қолданылуда. Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында ағымды емтихандар негізінен тест әдісімен өткізілуде және де бұл процесте негізінен тестілеудің жабық формасы пайдаланылады. Мұндай біржақты пайдаланудан барып тестілеу мүмкіндігіне күмәндану туа бастайды. Ақпараттық оқыту технологияларын пайдалануда оқыту, білім  және біліктілік сапсын бақылау, бағалаудың негізгі формасы ретінде тесттік форма, тестілеу әдісі оқыту және білім алу сапасына қандай жағдайда тиімді оң әсерін тигізе алады. Осы мәселеге тікелей көшердің  алдында арықарай түсінікті болуы үшін тест және компьютерлік тестілеуге байланысты басты ұғымдардың мазмұнына тоқталуға болады.
Тестілеу – өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау. Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тесттер көмегімен жүргізіледі. Тесттік тапсырма деп – нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін  сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты (түсінікті) алгоритмді орындауды талап ететін тапсырманы айтады. Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тесттік тапсырмалар жинағы. Тесттің эквиваленттік класы деп оқушының тест тапсырмаларының ішінен бір нұсқасын (вариантын) орындаса алғашқыларын (немесе кейінгілерін) орындауына да мүмкіндік беретін тесттік тапсырмалар жинағын айтады. Білім моделінің барлық модульдері бойынша әртүрлі тесттік тапсырмалар жинағы тесттік кеңістікті құрады. Өзіндік және эксперттік білім модельдері арасындағы сәйкестікті обьективті бағалауға мүмкіндік беретін тесттік кеңістіктің ішкі жиынын толық тест деп атайды. Көлемі және уақыты бойынша оптимальді тест тиімді тест болып табылады. Тестілеуді ұйымдастырушының және жүргізушінің негізгі міндеті осы тиімді тестті дайындау.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу –тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалының меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларды есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу деңгейі анықталады. Сонымен қатар тесттік тапсырмалары дұрыстап, қойылатын мақсатқа сай деңгейлеп дайындайтын болсақ, онда тестілеуді негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту құралы ретінде пайдалануға болады. Сол ұшін оқу үрдісінде тестілеудің тек бір формасын ғана емес, оның әртүрлі формаларын және типтерін пайдаланған жөн. Мысалы, белгілі тесттік қабыршақтарда тесттік тапсырмаларды берудің  мына компьютерлік формалары пайдаланылады:
1.Фасетімен берілген сұрақтар – мұнда сұрақтың типтік формасы берілгенде кейбір белгілер ғана өзгертілетін болады. Мысалы, төмендегі 1 – сұрақта «ақпарат және бит» сөздері, 2 – сұрақта «ЭЕМ және транзистор», 3- сұрақта « үлкен әріптер және Caps Lock», 4 – сұрақта «каталогтарды  экранға шығару үшін және DIR», 5- сұрақта «Insert батырмасын және каталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп белгілеу үшін» сөздері ғана өзгереді.
Ақпарттың ең кіші өлшем бірлігі – бит
ЭЕМ –нің екінші буынының элементтік базасы – транзисторлар.
3.Үлкен әріптерді шығаруда қандай батырманы қолданамыз — Caps Lock
DOS ортасында кезекті каталогтарды экранға шығару үшін қандай
команда орындалатынын анықта – DIR
5.NS командасымен жұмыс жасауда Insert батырмасы не үшін
қолданылады- каталогтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп
белгілеу үшін.
Жауабы шаблонмен берілетін сұрақтар – мұндағы бос орынға дұрыс жауапты жазу керек.
1.Информатика  ғылымы   ЭЕМ-нің  көмегімен  заңдылықтары.
2.Байт бұл
3.Ехсеl-де электрондық кесте торлары мен болмайды.
4.Мәлімет қорында алаңды сипаттауға  енбейді.
5.Өту операторының қызметі
3).Жауаптарын сөздер жиындары бойынша беруге болатын сұрақтар – мұнда сұрақтың жауаптары негізгі сөздерін жиындары бойынша беріледі. Төменнен дұрыс жауабын таңдаңыз.
1.Word редакторы қандай редактор?
(мәтіндік*,графиктік,кестелік,расторлық)
2.1 килобайтта қанша байт бар?
(1000,100,1024*,256)
3.Microsoft Windows ортасында САҚТАУ командасын не үшін пайдаланады?
(оперативтік жадыда файлдарды сақтау, оперативтік жадыдан файлдарды алып тастау, файлдаң атын өзгерту, файлды жаңа атпен немесе басқа тасымалдаушыларға сақтау*)
4.Қандай жағдайда тармақталу алгоритмі пайдаланылады?
(кейбір командаларға бірнеше рет басқаруды беру, шарттарға байланысты басқаруды әртүрлі операторлаға беру*,анықталған операторға өту, ішкі программаға өту)
5.Интернеттің телекомуникациялық салаларының негзігі түрлеріне не енбейді?
(«бүкіләлемдік тор»-WWW, WALS, ФИДО, ҒТР);
4.Жабық формада берілетін сұрақтар – мұнда сұраққа нөмірленген бірнеше жауап көрсетіледі, солардың ішінен дұрыс деген жауаптың нөмірін көрсету керек болады.
 
1.Электрондық кестеде пайдаланылатын ұғым:
А) Ұяшық (тор)*;  В) Алаң; С)Идентификатор;  Д)Кілт;  Е)Биттер.
2.Мәліметтер қоры мынандай формалардан тұрады:
А)Түр;  В)Ұзындық;  С) Формат; Д)Кілт*;  Е) Символ.
3.Microsoft Windows ортаымен жұмыс жасауда «бума» қандай қызмет атқарады?
А)Жұмыс үстелін тез ретке келтіру;
В)Файлдарды орналастыру мен оны жіберуді ұйымдастыру*;
С)Файлдарды алып тастау;
Д)Ақпараттарды уақытша сақтау;
Е)Файлдарды ашу, алыптастау.
4.Алгоритм структурларын көрсететін жауапты таңда
А)Математикалық , тізбектік;
В)Арифметикалық , тізбектік;
С)Модульдік , сандық;
Д)Сызықтық , циклдық , тармақталу*;
Е)Логикалық ,циклдық ,сандық .
5.Егер А=1 және В=0 мәндері берілсе, онда А ОR B мәні неге тең болады?
А)1*;  В)2;  С)0;  Д)10;  Е)01.
Сәйкестікке берілетін сұрақтар – мұнда әр сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарын табу керек.
1.Компьютермен жұмыс жасау үшін қажетті минимальді құрылғылар жиынтығы?
А)  (катологтар мен файлдарды белгілі бір түспен бояп  белгілеу)
2.Сандық клавиатураға қандай батырмалар енеді?
В)  («зақымдалған» программалармен жұмыс жасағанда)
3.NС командасымен жұмыс жасауда Insert батырмасы не үшін қолданылады?
С)  (бүкіләлемдік компьютер желі)
4.Компьютер қандай жағдайда вируспен зақымдалады?
Д)  (NumLock)
5.Internet бұл –
Е)   (жүйелік блок, монитор, клавитура);
Мысалы, мұнда жауапты кәдімгідей былайша 1Е, 2Д,… деп белгілейді.
6.Жауаптарын конструкциялауға болатын сұрақтар – мұнда берілген сұрақтың жауабы төменде ұсынылған өрнектер, символдар, таңбалар, жеке сөздер, т.б.тізбегінен құрастырылады(конструкцияланады).Мысалы:
1.у = sin(x)*cos(x);  y`= ? (sin(x), -,^,2).
2.y = tg(3*x); y`=? (3, 1, cos(3*x),2,^,/ ).
3.y = x^n; y`= ? (n-1, n, x, *,^) т.с.с.
Әр пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқыту процесінде пайдаланылатын тестік тапсырмалардың да өзіндік ерекшеліктері бар болады. Берілетін сұрақтарды және  тапсырмаларды нақты, жеткілікті анық, түсінікті және ой тұжырымын жасауға ыңғайлы етіп жасау қажет. Осыған сәйкес тестердің жауаптарды да қойылған мақсатқа сай мүмкіндігінше қысқаша, нақты, анық және дәл болуы тиіс.
Осы айтылған ғылыми тұжырымдамаларды басшылыққа ала отырып дайындалынған  тестік тапсырмаларды мұғалімнің күнделікті сабақта пайдалануына ыңғайлы болу үшін, тестік  сұрақтарды  әр жеке тақырыпқа арнайы құрастырып отырған тиімді. Тестің типіне (білімділік,біліктілік және дағдылық, іскерлік)  сәйкес тестік тапсырмалардың әртүрлі формаларын және типтерін пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оладың ойлау қабілетін, зейінін, тапқырлығын, жігерін және оқуға, білім алуға, біліктілігін көтеруге деген ынтасын дамыта түсетін болады.
Тестер типін (білімділік, біліктілік немесе дағдылық екендігін) таңдау былайша анықталады:
1.инструментальді тестік программалар ерекшелігімен,
2.пән ерекшеліктерімен;
3.эксперттің тәжірибесі және іскерлігімен.
Тестік тапсырмалардың көпшілігі  жоғарыда келтірілген компьютерлік формалармен ғана шектелініп қоймайды. Тапсырмалардың беру формалары көп жағдайда тесті дайындаушының шеберлігіне, тәжірибесіне және іскерлігіне байланысты болады. Тесті құрған кезде көп жағдайда (оқушылардың білім деңгейін, пән ерекшелігін, деңгейлеп ұсынуын, ұсыну кезеңін, т.с.с.) бақылау кезеңдерінде міндетті түрде ескеріп отыру қажет болады.
Тест дұрыс, тиімді жасалынған деп есептелінеді егер:
ол тестілеу үшін ыңғайлы (жауапты табуға бағыттайтын) болса;
тестердің қателіктеріне уақытында жауап беретіндей мүмкіндік болса;
тестілеушіге және тесті пайдаланатын оқушыларға да тиімді болса.
Оқулық материалды жүйелі түрде меңгеру процесінде оқушы бірнеше білімдік деңгейден өтеді, олардың әрқайсысы оқушының анық нақты жаңа сапалы білімдік деңгейді меңгергендігін білдіреді. Егер оқушы алдыңғы деңгейді дұрыс меңгермеген болса, онда меңгерудің келесі жоғарырақ деңгейіне жете алмайды.
Меңгерудің бастапқы деңгейі оқушының танысу – білім негізінен, бағытын түсіне бастауын білдіреді, оның көмегімен ол ұқсас құбылыстарды (процестерді, жағдайларды) ажыратуға және білуге дайын болады. Бұл деңгейдің басты ерекшелігі мынада – сапалы деңгейге жету үшін нақты құбылысқа  міндетті түрде тірек қажет.
Келесі деңгейде оқушы оқулық материалдың негізгі мазмұнын жады бойынша еске түсіре алатындай білім деңгейіне жетуі тиіс. Бұл деңгейде оған оқытуды ұсынылатын көрнектілерді көрсету қажет емес. Ол меңгерген материалын ешқандай көмексіз еске түсіре алатын болуы қажет.
Үшінші деңгейде оқушының типтік тапсырмаларды және жаттығуларды өз бетінше орындай алуы,  оның материалды нақты меңгергендігін білдіреді. Ол үшін оқушы оқу процесінде өзі меңгерген ережелерді , анықтамаларды және әдістерді қолдана алуы тиіс.
Меңгерудің соңғы деңгейінде, оқушы алған білімін, іскерлігін және дағдыларын жаңа стандартты емес жағдайларды қолдана білуі керек. Осы кезеңге сәйкес ұсынылатын тест сұрақтары және жауаптары оқушының ойландыратын, логикалық сабақтастықта талдау жасауға бейімдейтін, білімде фуандаментальдікі қалыптастыратындай мазмұнда болуы тиіс.
Сондықтан тестілеу кезіндегі пайдаланылатын тесті мұғалім оқушы үшін жоғарыдағы көрсетіп отырған деңгейлерге сәйкес оқып үйренуге және өз білімін бағалауға тиімді көмекші құрал болатындай етіп жасаған болса тіпті жақсы.
Тесті пайдалану мұғалім үшін мына мәселерді тиімді шешуге көмектеседі:
дер кезінде оқу процесіне қажетті оңтайлы өзгерістерді (корректировкаларды) ендіріп және жасап отыруға;
ағымды бақылау жүргізуде негізгі оперативті тексеруші құрал ретінде қолдануға және оқып-үйренуде тесті оқушының негізгі дидактикалық құралы ретінде жүйелі пайдаланып отыруға;
оқытуды қашықтан жүргізде негізгі көмекші бақылау құралы ретінде пайдалануға;
Оқушылардың жеке өз бетінше білім алуын қамтамасыз ету құралы ретінде қолдануға.
Сонымен, тестік тапсырмаларды жоғарыдағы атаған талаптарға және формаларға сай дайындайтын болсақ, онда тестілеудің негізгі тексеру және бақылау қызметімен қатар  оқушыны оқыту, үйрету, оның алған білімін бекіту және жүйелеудің тиімді құралына айналадыруға болатындығын көреміз.
Бұл жерде мына жағдайды тағы да атап кетейік: егерде тестті дәстүрлі бақылау формаларымен үйлестіре пайдалынлатын болсақ, тест тапсырмаларының оқытудағы тиімділігі соғұрлым арта түсетін боладыдеп ойлаймын.
2.2.Тест тәсілін қолданып оқушылардың білімін компьютерде пайдалану.
Тест (байқау,тексеру) – оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын тексеретін стандартталған тапсырмалар жинағы.
В.П. Беспалько тест тапсырмаларын білімге қойылатын талаптарға сәйкес тест деңгейлерін жасаған:
1-деңгейдегі  тестілер оқушылардың жалпы түсінігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұл деңгейде оқу процесінде берілген жалпы ақпараттар, яғни теорияның негізгі мәселелерін білуін тексеру.
2-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрынғы алған білімдерін есте сақтап, оны жауап беруде қолдана білуін тексеру.
3-деңгейдегі тестеілер, яғни оқушылардың бұрын алған білімдерін практикада қолдана білуін тексеру.
4-деңгейдегі тестілер оқушылардың бұрын алған білімдері мен біліктілігінің арқасында, жаңа, тың идеялар қалыптасуын анықтауға арналған тапсырмалар.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады. Оқыту үрдісін тестік тапсырмалардың көмегімен информатикадан білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің объективтік қажеттілігі, оқыту теориясы мен практикасында білімді тестік әдіспен бағалаудың жеткілікті деңгейде қаралмағандығы осы зерттеу жұмысын таңдап алуға негіз болды.
Тест – нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы. Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану жақсы нәтижелер беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар өткізу білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білімсапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Оқу орындарында компьютердің кеңінен қолданылып, интернетке қосылып, өмірімізге белсене араласуына байланысты кейінгі кезде оқушылардың жұмысын бағалаудың өзі әртүрлі тест программалары арқылы компьютерге жүктеліп, соның міндетіне кіріп келеді.  Бұл әдіс бір жағынан оқушының  білім деңгейлерін көтеріп, ойлау қабілеттерін жетілдірсе, екінші жағынан мұғалімнің уақытын үнемдейді. Қазіргі таңдағы жаңа технология –оқушылардың  еңбегін рейтингтік жүйемен бағалаудың өзі көбіне осындай тест программаларына сүйенеді. Әр түрлі алгоритмдік тілде жазылған тест программалары қазірде көбейіп келеді. Тестілеу дүние жүзінде көп тәжірибеден өтіп, сыналған, жетілдірілген тәсіл болып есептеледі.
Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушылардың бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде компьютерді пайдаланып, оқушыларды тоқсан ішінде бірнеше рет тестілеу – олардың ағымдық білімін бағалаудың негізгі әдістерінің бірі. Өзіндік жұмыстар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардың  білім деңгейін көтеретіні сөзсіз. Тестілік тапсырмалардың мазмұнын іріктеудің негізгі принциптері:
— оқытуға арналған материалдың мәнділігі мен ғылыми нақтылығы;
— тест мазмұнының оқытылатын пәннің қазіргі кездегі даму деңгейіне сәйкес болуы;
— тест мазмұны элементтерінің репрезентативтілігі;
— оқытылатын материалдың қиындық дәрежесінің біртіндеп өсуі;
— тест мазмұнының әр түрлі варианттылығы, жүйелілігі, кешенділігі мен теңдестірілгендігі;
— тест мазмұны мен формасының өзара байланыстылығы.
Оқу жетістіктерін бақылау әрқашанда өзекті мәселе болып табылады әсіресе информатика сияқты пәндер үшін. Сондықтан да тестілеуді өткізу бағытында оқушылардың  негізгі пәндері бойынша білімді сапалы бағалау және бақылауға арналған автоматтандырылған тестілеу
жүйесі (тестілер генераторы, тестілік қабықша) жасалды.
Автоматтандырылған тестілеу жүйесі мүмкіндік береді:
— сабақ уақытын үнемді пайдалануға;
— оқушылардың білімін сапалы түрде бағалауға;
— оқытушыларды жазбаша түрдегі тексеруден босату;
— оқушылардың  алған жаңа сапалы білімдері арқылы біліктілік пен дағдыны
қалыптастырудағы қызығушылығын арттыруға;
— ағымды бақылау жүргізуде негізгі тексеруші құрал ретінде қолдануға;
— оқытудың мотивациялық бағытын арттыруға;
— бағалаудың объективтілігіне.
Мұндай жүйелендірілген тестілеулер келесі жаңа тақырыптарды бастау үшін оқушылардың  өтілген материалды қайталауларына мүмкіндік береді, яғни оқушы  бойында, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастырады. Тестілік бақылауды қолдану оқушылардың оқу процесінде бір деңгейден келесі деңгейдің матералдарын игеруге жағдай жасайды.
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда оқушылардың қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті және ауқымды түрде анықтауға жол ашады, білімге деген талабының жоғарылауына мүмкіндік береді деуге болады.
Оқушы білімін бағалауда тестілік тапсырмаларды қолдану тәжірибемнен.
Осындай автоматтандырылған тестілеу жүйелерін заман талабына сай білім беру жолында өз сабақтарымда кеңінен қолданып жүрмін.
1.MyTest –те жасалған автотест  арқылы тест алу. Бұл автотест арқылы
5-11 сыныптың тақырыптық тесттеріне үлгі жасадым.
2.MS Excel – программасы арқылы тест алу.
Өз тәжірибемде жиі қолданылып жүрген  Excel прогаммасында тест құру бағдарламасына тоқталсам:
В1 ұяшығына = «Пән аты мен сыныбы»
В2 ұяшығына = «Тест құрылатын тақырып атауы жазылады»
А3 ұяшығына = «Сұрақтар реті»
А4:А7:А10:А13:А16:А19:А22:А25:А28:А31ұяшықтарына=
« 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10» — сандарын енгізу.
В3 ұяшығына = «Сұрақтар»
В4 ұяшығына = «1 сұрақты енгізу»
В7 ұяшығына = «2 сұрақты енгізу»
В10 ұяшығына = «3 сұрақты енгізу»
В13 ұяшығына = «4 сұрақты енгізу»
В16 ұяшығына = «5 сұрақты енгізу»
В19 ұяшығына = «6 сұрақты енгізу»
В22 ұяшығына = «7сұрақты енгізу»
В25 ұяшығына = «8 сұрақты енгізу»
В28 ұяшығына = «9 сұрақты енгізу»
В31 ұяшығына = «10 сұрақты енгізу»
С3 ұяшығына = «Жауап реті»
С4:С5:С6  ұяшығына = «1,2,3 сандарын енгізу»
Сөйтіп, С33- ке дейін  «1,2,3» сандарын енгізіп шығамыз.
D3 ұяшығына = «Жауаптар нұсқасы»
D4: D5: D6 ұяшықтарына «1 сұрақтың жауаптары»
D7: D8: D9 ұяшықтарына «2 сұрақтың жауаптары»
D10: D11: D12 ұяшықтарына «3 сұрақтың жауаптары»
D13: D14: D15 ұяшықтарына «4 сұрақтың жауаптары»
D16: D17: D18 ұяшықтарына «5 сұрақтың жауаптары»
D19: D20: D21 ұяшықтарына «6 сұрақтың жауаптары»
D22: D23: D24 ұяшықтарына «7 сұрақтың жауаптары»
D25: D26: D27 ұяшықтарына «8 сұрақтың жауаптары»
D28: D29: D30 ұяшықтарына «9 сұрақтың жауаптары»
D31: D32: D33 ұяшықтарына «10 сұрақтың жауаптары» енгізілуі керек.
F3 ұяшығына = «жауап №» енгізілу керек.
F5:F8: F11: F14: F17: F20: F23: F26: F29 ұяшықтарын ерекшелеп, құю (заливка) құралын пайдаланып, бояп қоямыз. Себебі бұл ұяшыққа қай жауап нұсқасы дұрыс деп есептесе, сол сан реті бойынша санды енгіземіз.
Енді жауаптардың дұрыстығын тексеру үшін: А35 ұяшығына =ЕСЛИ(F5=1;1;0) формуласын енгізу керек. Бұл шарт бойынша 1- сұрақтың 1-жауабын таңдаған дұрыс болып есептеліп, 1-ұпай болады. Егер 2-ші немесе 3-ші жауап нұсқасын таңдаған болса, шарт орындалмайды да 0 ұпай болады.
А35 ұяшығының шарты сияқты В35:С35:D35:Е35:F35:G35:H35:I35:J35:К35 ұяшықтарына шарттарды енгізу керек.
L35 ұяшығына= СУММА (А35: К35) енгізу керек. Бұл ұяшықта дұрыс жауаптардың саны шығады. В37 ұяшығында = «Дұрыс жауаптар саны», В38 ұяшығында = «Қате жауаптар саны», С37 ұяшығына = «L35» деп енгізу керек. С38 ұяшығына = «Баға», С40 ұяшығына= ЕГЕР (L35>=9;5; ЕГЕР (L35>=7;4; ЕГЕР (L35>=5;3; «+2»))) формуласын енгізу керек.
А35 тен К35 –ке дейінгі ұяшықтарда дұрыс және қате жауаптар 0 және 1 цифрларымен көрініп тұрады. Егер оқушылар осы цифрларды көрмесін десеңіз,  А35 тен К35 –ке дейінгі ұяшықтарды ерекшелеп, шрифтін ақ түспен бояса оқушыларға көрінбей тұрады. Келесі тесттерге жауаптар нұсқасының орнын ауыстырып, енгізілген формулалардағы шарттарды да соған сәйкес түрлендіруге болады.
Осы Excel программасында тест құру әдісін қолданып, 5-9 сынып бағдарламасына сәйкес тест тапсырмаларын жасадым.
Қорытынды
Ғылыми негізделіп, дұрыс құрастырылған тестік тапсырмаларды жүйелі пайдалану оқыту сапасын жақсартуға, оқушының бойында уақытты үнемдей білу, тез ойлау, жинақты болу және ұтымды шешім қабылдау, ойын дұрыс тиянақтау, өз бетінше жұмыс істей білу қасиеттерін қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Әрине, тест арқылы бақылауды мамандық және пәннің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес басқа да дәстүрлі (ауызша, жазбаша, т.б.) бақылау жұмыстарымен үйлестіре (ұштастыра) жүргізу қажет болады.
Сонда ғана тестілеу әдісінің оқытудағы тиімділігі арта түседі. Пән, нақты тарау және тақырып ерекшеліктеріне және оқушылардың бүгінгі білім деңгейіне сәйкес тестілеудің әртүрлі формаларын пайдаланылатын болсақ, соғұрлым оның оқыту және білім алу сапасына тигізетін оң нәтижелерінің қомақтылығы көріне бастайды. Сонда ғана тестілеудің артықшылықтары, тиімді мүмкіндіктері ашыла түсетін болады, бақылау және бағалаудың обьективтілігі міндетті түрде қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде  оқыту және білім алу сапасының деңгейі едәуір жақсара түсетіндігі сөзсіз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Каланова Ш.М.,Усенбаева М.А. «Разработка тестовых заданий для контроля знаний студента» – Тараз,1998г
2.Е.Бидайбеков, А.Сағымбаева. «Тест құрудың бір критерийі» —
ИФМ №31997ж
3.Русаков С.В.,Русакова О.Л.,Шестакова Л.В. «Тестовая форма контроля для базового курса ОИВТ» — Информатика и образованиу №6-7, 1997г
4.Ропопорт И.,Сельг Р., Соттер Тесты для обучении в средней школе. – Таллин – 1987г