О?у ?рдісіндегі инновациялы? технологиялар


Баяндаманың мақсаты: колледжде педагогика және психология пәндерін оқытуда дамыта оқыту жүйесін негізге ала отырып, білім алушылардың құндылығын және құзіреттілігін қалыптастыру.
Баяндаманың міндеті:
колледжде болашақ кәсіби педагог мамандарды дайындау барысында, оқытылатын басты пәндердің бірі болып табылатын педагогика және психология пәндерін оқытуда дамыта оқыту жүйесін негізге ала отырып, білім алушылардың құндылығын және құзіреттілігін қалыптастыру, қабілеттер мен білім, білік және дағдыларды білім алушыларға ұсынуы.
Жаңа білім парадигмасындағы бейінді бағдарлап оқытудағы құзырлылықты теориялық негіздеу
Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім алушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту негіздерін талдап, қарастыру
Оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту негіздеп білім алушылардың құзіреттілігін дамыту жолдарын қарастыру
Жоспар
1. Оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы
2. Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім алушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқыту негіздеп білім алушылардың құзіреттілігін дамыту
Қазіргі заманда елімізде мемлекет алдындағы пайда болған басты проблемалардың бірі, халыққа білім беру сапасын арттыру үшін бірқатар жаһандық және қүрделі міндеттер қойып отыр. Біздің еліміздің адам капиталының сапасын арттыру үшін жауапкершілік барлығынан бұрын білім беру жүйесіне жүктеледі.
Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей білім берудің жаңа сапасына қол жеткізу 12 жылдық білім беретін мектеп жағдайында шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруды, тұлғаны әлеуметтендіруді, бейіндік оқытуды, көп тілділікті қамтамасыз ету және инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы ғана мүмкін болады.
Демек, жаңа мазмұндағы білім әлемдік білім кеңістігіне еніп, отандық сапалы білімді әлемдік кеңістіктегі біліммен бәсекелестік деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. Соған орай отандық білім беру қоғамының білім беру жүйесінің жаңа моделін құрудың ауқымды міндеттерін жүзеге асыруда.
Білім беру жүйесі білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін ішкі, сондай – ақ халықаралық рыноктарда қамтамасыз етуі, Қазақстан халқының басым көпшілгінің бәсекеге қабілеттілік проблемасын саналы түрде қалыптастыруы, адамдардың бәсекеге қабілетті болуға, бәсекеге қабілетті ұйымдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеуге, бәсекеге қабілетті елде өмір сүруге талпыну қасиеттерін қалыптастыруы қажет.
Білім беру модернизациясы оның маңыздылығын қамтамасыз етуі керек, оның ішінде , ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту. Білім беру модернизациясы білім алу мекемесінің әрбір түлегінің қажетті ақпаратты жинау, талдау және пайдалана білу жетістіктерін, бір сөзбен айтқанда, білікті болып шығуын қамтамасыз етуі керек. Соңғы нәтижеге (жоғары кәсіби және білікті маман тұлғасының үйлесімді дамуын қалыптастыру) бағдарланған білім беру жүйесі құрылуы қажет. Білім беру модернизациясы тиімді және сұранысқа не кәсіптік білім беруді дамытуға жаңа серпін беруі керек.
Білім беру жүйесінде инновацияны енгізу, қабылдау мен жетілдірудегі тоқтаусыз үрдіс ретінде, күнделікті білім беру қызметінің бөлігі ретінде қарауды талап етеді. Білім беру жүйесі құрылымының өзі қоғам үшін, өмір сүріп отырған деңгейінде сақтап қалу үшін оның тамыры табиғатта, біздің қоғамның негізінде жатқанын түсіну керек. Дәл сол себептен қоғам құрылымындағы әрбір маңызды өзгеріс өзімен бірге білім беру жүйесін де жаңалыққа тартады.
«Тәуелсіз елге – білікті маман» демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар – педагогтардың инновациялық қызмет, жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында.
Педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдер мен оқуды енді ғана бітірген жас ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі өзекті мәселелердің біріне айналды.
Педагогтың міндеті – рухы мықты, жан дүниесі бай, жан – жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру. Жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығар-машылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болу – ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы абыройлы борышы.
Жақсы педагог-оқытушы - қазіргі таңда қоғам үшін аса қымбат қазына болып есептелмек. Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік.
Қазіргі таңда кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, өз шәкірттерінің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Оны ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.
Инновация – жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнына, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістемеге негізделеді. Әдістеме жан-жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне жеңіл тиеді. Әдетте әдістеме өз-өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойғы ұстаз қызметінің іс-тәжірибесімен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында, ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерінде пайдалана алатын болады. Бұлардың барлығы, сайып келгенде, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады.
Жаңашыл мұғалімдер практикум, конференция, іскер ойын сияқты әдістерді енгізіп отыр. Мұның өзі оқытушының бірыңғай мақсатын - өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеудегі еңбегін ортақ арнаға тоғыстырады. Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақты білімі қажет. Мұғалім жаңа педагогикалық технологияны біріншіден – оқып үйренеді, екіншіден – меңгереді, үшіншіден – жаңа педагогикалық технологияларды тәжірибеде колданады, төртіншіден – оны дамытып, нәтижесін тексереді.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз[7;51].
Яғни, бұрынғы кезде мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы «субъект-объект» бағытында болса, қазіргі кезде оқушы тұлғасын дамыту қарым-қатынасында «субъект-субъект», «тұлға-тұлға» бағытын ұстану керек. Өйткені, қазіргі оқушы дүниетанымдық қабілеті жоғары; дарынды, өнертапқыш; ізденімпаз; талапты, өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс.
Осындай қасиеттерді оқушының бойында қалыптастыратын қазіргі мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы тиіс: педагогикалық өзгерістерге тез төселе алатын; педагогикалық үрдісте жұмыс істей алатын; жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; оқушылармен тез тіл табыса алатын; білімді, шебер, іскер болуы тиіс. Ал жүйелі білім беру мен оқушыны жан-жақты дамытуда инновациялық технологиялардың бүгінгі таңдағы ролі өте жоғары.
Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты.
Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізу барысы танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мзмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауап кершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.
Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктері бар:
Дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып,  жеке  тұлғаның  әлеуметтік-психологиялық  жауапкершілін арттырады.
Қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі.
Оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет.
Ссаралап   деңгейлеп  оқыту  технологиясында   оқытудың  мазмұны мен  әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.
Ақпараттық бағдарламалап   оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық  байланыс тұрғысынан ұйымдастыру.
Иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады.
Ізгілендіру технологиясында  педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект»,  «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да,  ал  ғылыми   білімдер «оның  тұрмысының  әлеуметтік  жағдайы  мен  іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады;
Қазақстанның бұрынғы жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге көшуі, қоғамдық құрылыстың күрт өзгеруі білім беруді уақыт талабына сай үйлесімді құрып, оның әлемдік деңгейдегі мәжеге сәйкестікте оқытудың екі бағдарда өріс алуы.
Дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау.
Оқыту үрдісіне инновациялық оқыту енгізу.
Бұл жүйелерді таратып айтсақ, дәстүрлі оқыту жүйесін модернизациялау оқушыға берілетін білім мен игерілуге тиіс ұғым-түсінікті меңгеру, уақытқа үйлесімді жетілдіріп жаңа педагогикалық технологияға сәйкес дамыту.
Иновациялық оқыту: оқушының мүмкіндігі мен шамасына қарай мәселенің байыбына барып, үлгі көрсетер өнегелеріне еліктеп, тағылымдық жолдарын қабылдау, оған шығармашылық тұрғыдан пайымдау жасауға үйрету. Сонымен қатар шығармашылдық ойлау мен бастамашыл іс-әрекеттегі саналылықты өрістетуге зерттеушілік тұрғыдан белсенділігін жетілдіріп, іс-әрекетке бейімділігін, қызығуын қалыптастыратын жол.
Инновациялық оқытуда мұғалім көшбасшылық міндет атқарғанмен, жүзеге асырылатын істің бәрін өз қолына алмайды, менің айтқанымдай болсын деп қарамайды, әміршілік жолды ұсынбай режиссерлік міндет атқаруға бейімделеді[15;37].
Теориялық, мазмұндық мәнді меңгеріп, шығармашылықты дамыту барысында мұғалім бағдар бергенімен, оған тікелей жетекшілік жасамайды, қайта қалым қалып, ретіне қарай қатардағы рөлді ойнайтын, шәкірттерімен тепе-тең құқықтығы серіктес болады.
Сабақ барысында шығармашылық басқарушы рөлдерді бөлгенде, диалогте өмірдегідей нақтылыққа жақындауына мән береді.
Инновациялық оқыту дәстүрлі дидактикамен қатарласа жүргенімен, оның өзіндік айырмашылықтарымен өзгешеліктеріне мән беруге тура келеді. Мәселен, оқытудағы ұстаным мектептегі оқыту бағдаламасында көсетілген нұсқауды орындап, ондағы мағлұматтарды беру, оны қайталап пысықтап менгерту болса, инновациялық оқытудағы мақсат-іс-әрекет барысында оқушының қабілетін оятып, түрлі жағдай жасау арқылы олардың өзінше әрекеттенуіне бағдар беріп, шығармашылыққа талпындыру.
Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту.
ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Ең бірінші құзыреттілік ұғымын қарастырайық.
Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда қолдану айтарлықтай нәтиже беруде [6].
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, – Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. ЖАТ арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Жаңа ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштерін төмендегідей анықтаған:
• білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;
• ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
• ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;
• ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
• ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
• ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;
• интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;
• ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау [7].
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Кез-келген кәсіп иесі жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуді ұмытпауымыз керек.
Дамыта оқыта отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту.
Қазіргі таңда оқу үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда.Оқыту технологиялары дегеніміз Қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жуйеленген формалары,әдіс- тәсілдері.
Дамыты оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Вготский М.Я Лернер. Л.В. Занков ,В.В Давыдов,Д.Б.Эльконин толық зерттеп дәлелдеген.
В.В Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз-ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы»- дейді.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік- әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталды.
Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзіреттіліктер ретінде білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:
Проблеманы шешуАқпараттықКоммуникативтік
- Түрлі жағдайларда проблеманы анықтауға шешім қабылдауға
- Өз әркетіне мақсат қоюға
- өзін-өзі бағалауға өз әрекетін басқамен салыстыруға
-қойылған міндетке сәйкес әдістерін таңдауға
-сыни тұрғыдан ұсынылған ақпараттар негізінде шешім қабылдауға
-ақпараттарды өз бетімен табуға талдауға іріктеуге түрлендіруге тасымалдауға
-коммкуканикациялық технологияларды қолдануға
-ақпаратты өңдеп қолдануға
-қазақ және басқа тілдердегі жазбаша коммуникация түрлерін қолдануға
-тілдік қатынастық стилдерімен жанрларын қолдануға
-әдептілік нормаларына сәйкес пікір білдіруге
-басқа мәдениет өкілдерінмен түрлі көзқарастағы адамдармен сұхбат жүргізіп шиеленіскен ахуалды шешуге мүмкіндік береді.
Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады
Оқу мәтінін қою сабағында
І.Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады.Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.
ІІ.Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады,топтардың жауаптары тыңдалып шешімдері тыңдалады.Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады.Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап топтың шешімі арқылы мақсат қояды.Яғни проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.
ІІІ.Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді.Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып қажеттісін сызба арқылы береді.
ІY.Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды қиындықтарды анықтап шешімін айтады
Y. Қортынды рефлексия кезеңінде әр топ,әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолдану аясын айтады.Келесі сабаққа міндет белгілейді
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат міндетін өздері анықтайды проблеманы шешу жолын іздестіреді жаңаны өздері табады ақылдасады кеңеседі [2].
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.
Ақпараттық ізденісті жоспарлау.
Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.
Ақпаратты өңдеу.
Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.
Логикалық операцияларды пайдалану.
Біздің жеріміздегі тау-қырат, өзен-көл аттарын жіктеп жаз.
Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар
Жазбаша қатынас
Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.
Диалог құру
Өнімді топтық қатынас
Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І .Әдістемелік іс әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
-Сабақтың мазмұны
-Оқу жағдайын ескеру
-Әдістемелік тәсілдерді қолдану[3].
ІІ.Келесі сабақтың моделін жоспарлау
-Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
-Сабақтың әр этапындағы оқушының неізгі әрекет түрлерін анықтау
-Оқушы әрекетін ұйымдастыр әдіс – тәсілдерін таңдау
ІІІ.Сабақты жүргізу
-Әр сабақтағы баланың іс- әрекетін ұйымдастыру.
-Оқушымен жанама қарым қатынас.
-Жұмыс барысын бақылау жұмысы.
ІY. Рефлекция (сабақтын қортындысы бағасы)
-Қойылған мақсатқа жету.
-Тақырып бойынша өзгерістер енгізу.
-Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер).
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін жолдарын іздестіру арқылы іс- тәжірибесінде қалай қолданады?
1)Оқу әрекетін қалыптастыру , айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік,этикалық, эстетикалық қарым – қатынас дайындау, дара тұлғалықадамгершілік нормаларын меңгерту.
2)Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
3)Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4)Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5)Оқушының сезіміне әсер етіп – логикалық ойын дамыту
6)Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту [2,1].
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология. Инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану педагогикалық іс - әрекет пен оның құралдарын, іске асыру механизмдерін ғана өзгертуді көздемейді, сонымен бірге маманның тұтасымен алдына қойған мақсатын, құндылық бағдарлауын, нақты білім, білік және дағдысын қайта құруды қажет етеді.
Пайданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әбілқасымова А.Е., СадықовТ.С. «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері» Алматы., ғылым, 2003
2. Балкенов Ж. Студенттерді шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері. Қарағанды, 2005 ж.
3. Кеңеш Ә.С «Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындық жүйесін дамыту» Астана 2003
4. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. 2012 жыл 14 желтоқсан
5. Н.Ә.Назарбаев «Жалпыға Ортақ  Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты Қазақстан халқына Жолдауы //Егеменді Қазақстан. -2012 ж, тамыз.
6.Эльконин Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» Педагогикалық шығармалар, 1998
7.Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері /Психологиялық ғылым және білім беру .