?міт,сенім бізді ал?а жетелейді. 11 cынып
Дүйсенова Жайнагүл Берікқызы-
ІІ санатты психолог,
Қарабау орта мектебі,Қарабау ауылы,
Қызылқоға ауданы,Атырау облысы.
Үміт,сенім бізді алға жетелейді. тренинг
Мақсаты:Оқушылардың мектеп бітіру сынағына дайындық деңгейін анықтау,психологиялық көмек көрсету арқылы оқушы бойына өзінің мүмкіндігіне деген сенімділікті қалыптастыру; қиын жағдайда тығырықтан шығу жолдарын үйрету,қобалжу,стресс сияқты психологиялық құбылыстарды болдырмауға дайындау;
Слайдтар,жұлдызша,стикер,смайликтер.
Көрнекілігі:
Жүрісі:
Бүгінгі тренингіміздің сәтті өтуіне тілектеспін, қазір ережелер қабылдайық:
Тыныштық сақтаймыз;
-Өзімізді еркін ұстаймыз;
-Ашық пікір алысамыз;
-Шынайы ойымызды айтамыз;
-Біріміздің сөзімізді біріміз бөлмейміз, қайталамаймыз , мазақ қылмаймыз;
І. «Есімдер аллитерациясы»жаттығуы
ІІ. «Сын сағаты келіп жетті» жаттығуы
ІІІ. «Эксперимент» жаттығуы
IV. «Шынымды айтсам» жаттығуы
V. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
VI. «Мен оптимистпін» жаттығуы
VII.Оқушыларға психологиялық жаднама
VI І I.Ата-аналар,бұл сіздер үшін!
Х. «Сен менің жүрегімнің бөлігісің» жаттығуы
І.«Есімдер аллитерациясы»жаттығуы
Мақсаты: Сәлемдесу, зейін мен еске сақтауды жаттықтыру.
Жаттығу шеңбер бойында орындалады. Жаттығуды бастаған бірінші қатысушы есімін айтады және оған анықтама қосып айтады. Ол анықтама сөйлеушінің есімі қай әріптен басталса, сол әріптен басталуы қажет және сол адамға лайық болу керек (ойдан шығармау керек). Сөйлем былай болуы мүмкін, мысалы: «Мен – биші Әлиямын». Келесі ойыншы айтады: «Биші Әлияны сіздерге таныстырамын, ал мен - .......», (мысалы, «зейінді Гулден»). Келесі ойыншы алдыңғы екеуін таныстырады және өзінің есімін айтады және т.с.с.
Ең соңғы ойыншы өзінің есімін айтады, бірінші ойыншы жаттығуды мынадай сөйлеммен аяқтайды: «Сонымен, осында .........қатысып отыр», қатысып отырғандардың барлығын атап шығады.
Талдау: Есімге лайық анықтама айту қиындық келтірді ме? Қай ойыншының өзін таныстыруы ерекше болды?
Ата-аналар мен оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы жағымды үш қасиетін кезекпен айтып шығады. Өмірлік ұстанымын да айтады.Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді?
ІІ. «Сын сағаты келіп жетті» жаттығуы
1.Ертең ҰБТ. Бүгінгі күніңді қалай өткізесің?
2.ҰБТ-ға кірерде артық ешнәрсе алып кіре алмадың. Өзіңді қалай сезінесің, қандай іс-әрекет жасайсың?
3. Мына алдарыңдағы жасырынған сандар сендердің жинаған баллдарың,біреуін таңдап көр,көргендегі эмоцияң қандай болуы мүмкін?
4.Өзің күткендей балл жинай алмай қалдың,қандай шешімге келесің?
5.Осының бәрі ойдағыдай өтуі үшін қазір кімнен қандай көмек,қолдау күтесің?
6.Қиналған кезде алдымен кімге арқа сүйеп, шағынар едің?
7.Оқушылар ҰБТ-ге дайындық барысында қорқыныш, үрейден арылу
үшін ата-ана тарапынан не қажет, не жасап жатырсыз? 8. Оқушылардың ҰБТ-ге дайындық барысында ата-ананың мұғаліммен,
мектеппен бірлесіп істейтін жұмыс түрлері қандай?
ІІІ. «Эксперимент» жаттығуы
Тест кезінде шыдамдылыққа,төзімділікке,шапшаңдыққа тәрбиелеуге,асығыстықты болдырмауға тапсырма мағынасын мұқият зерделеп барып,белгілеуге бағытталған.
Нұсқау: берілген мәтінді немесе өлең жолдарын кедергісіз, тез арада ның нақыл сөздерін оқып шығу.
СеЗДірМей жҮРгеН,
ТеК өЗім біЛГен,
БІр сЕНім бАр
ЖОҒалМас мүЛДем.
Сол сЕНІм бАрДа,
АСЫғам аЛҒа,
Ақ тІЛегІм биІКке саМҒа!
2. сЕНбе еШКіМге, тҰРса дА
қАНша маҚТап, ҚОр қЫЛаДы, қУЛыҒын іШКе саҚТап. Өзіңе сен, өзІҢді аЛЫп шЫҒар, АҚылың мЕн еңБЕгің еКі жаҚТаП.
3.СеНІМді аҚЫл мен еРІкке бАҒындыру қаЖет. ТаБАндыЛЫқ пЕн өЗІңді-өЗІң бИЛеу, өР рУх пен қаЙЫспаЙТын қаЙСарлық - еРЛік- Тің кеПІлі.
ІV. «Шынымды айтсам» жаттығуы
Шынымды айтқанда, менің бос уақытым болғанда...Шынымды айтқанда, мен толқығанымда...Шынымды айтқанда, мен ойымды жинақтай алмаймын...Шынымды айтқанда, емтихан жайлы естісем...Шынымды айтқанда, мен консультацияға келгенімде...Шынымды айтқанда, тренингке қатысқанымда...
Талдау: Осы тапсырманы орындау сендерге ұнады ма? Өз ойыңызды бірден айтып салуда сізге не қиын келтірді? Қандай әсер алдыңыздар?-+V. «Дыбыстық гимнастика» жаттығуы
Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді
VI.Оқушыларға психологиялық жаднама
1.Адам жан-жақты болуы шарт.Тек мектеп бағдарламасын білу көп жетістікке апармайды.
2.Сынақ кезінде барынша ештеңеге алаңдамай,
сұрақтың мағынасын түсініп барып белгілегенің дұрыс.
3.Тек өз бетіңмен дайындалмай ,сыныптастарыңмен тест сұрақтарын талдап отырған да пайдалы.
4.Тек оқумен отыра бермей,далада серуендеп,таза ауада болуға да уақыт таба білу керек.
5.Тамақтану рационын сақтауда керек нәрсе: Тым тәтті әрі майлы тағам адам миының жұмыс үрдісін баяулатады.Шоколад, мәселен, адам миының дұрыс әрі тез жұмыс істеуін қамтамасыз етеді,алайда оны көп жей беру де зиянды.
6. Кейбіреулер ешқашан да бармаған мешіттерге тура ҰБТ алдында барып,көктен көмек сұрай берген де жөн емес.
7.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні-егер оқымасаң,алға қойған мақсатыңа жете алмайсың.Қашанда оқи отырып,қинала отырып,оптимистік көзқараста болған жөн.
VII. Өміршеңдік ережелер.(Ережелер интерактивті тақтадан көрсетіледі, қатысушылар бірге оқиды.)
Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:
Мен тек жеңіс үшін жаралған жанмын;
Мен бұл өмірде табысты болу үшін ғана өмір сүремін;
Менің табысқа жетерлік күш-қуатым бар,-деп өз-өзіңе сенсең,қанша дегенмен,өзіңде ерекше өзгеріс болғандығын байқайсың.Өзіңе-өзің қайрат бер,жақсылықтан үміттен.Өзіңе сен,сенім бар жерде үміт бар,үміт бар жерде болашақ бар,соны ұмытпа.
Сәт, сапар!
VIII. «Мен оптимистпін» жаттығуы
Бүгінгі тренинг сеніміңді күшейіп,күдігіңді азайтуға әсері болды ма, тренинг соңында қандай көңіл күйдесің?
Смайликтер арқылы бейнелеу.
ҰБТ қарсаңында сынып жетекшілерге ЖАДЫНАМА
Оқушылардың ҰБТ-ға дайындалу кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз:
ҰБТ тапсыру алдында жақсы демалып, таза ұқыпты оқу формаларымен келуді қадағалаңыз.
Ата-аналарымен тығыз байланыста болып, оқушылардың жағдайларын құлағдар етіп, әр болып жатқан жағдайлардан ақпарат беріп отырыңыз.
Оқушылардың осы тест кезінде шешуші рөл атқаратынына көздерін жеткізіп, оқушыларға ынта-жігерін арттыратын іс-шаралар ұйымдастырып отырыңыз.
Оқушылардың көңіл-күйіне, денсаулығына алдын ала көңіл бөліп отырыңыз. Денсаулығы төмендеуі, көңіл-күйдің болмауы оқушының тестке келе алмай қалу жағдайын туғызуы мүмкін.
ҰБТ басталар алдында оқушыларға ауыр сөздер айтылып немесе кикілжің жағдай туындамауына көп көңіл аударыңыз. Өйткені мұндай жағдайлар бала психологиясына әсер етіп мүмкіншілігіне кері әсер етуі мүмкін.
ҰБТ алдында оқушылардың көңіл-күйін көтеруге жағдай жасап, ынта-жігерінің артуына қолдау көрсетіп, сенім білдіріп, тілек айтып көңіл-күйін көтеріңіз, ол тіпті төмен оқитын, тәртібі нашар бала болса да солай жасаңыз.
Оқушылар ҰБТ кезінде сізден үлкен көмек күтеді, жылы сөз, арқа сүйер тірек болатыныңызды ұмытпаңыз.
Ата-аналарсіздер үшін!
Баланың ҰБТ-ден алатын балл саны туралы уайымдамаңыз және балаларды ҰБТ-ден кейін сынамаңыз. Балаға тестілеуден алатын балл саны оның мүмкіншілігін тексеретін толық көрсеткіш емес екендігіне сендіріңіз.
ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз. Бұл – тестілеу қорытындысына теріс әсер етуі мүмкін. Ата-аналарының қобалжуы балаларға беріледі. Ал егер ата-анасы жауапты кезеңдерде өз эмоцияларына ие бола алмаса, жас бала тіпті де қажып, сынуы мүмкін. Балаларды сергітіп, олар орындаған әр жақсы істері үшін мақтау айтыңыз.
Балалардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, себебі балалар сәтсіздіктен қорқа түскен сайын, қателіктер жіберу ықтималдығы да арта түседі.
Балаңыздың көңіл-күйі мен денсаулығын жиі тексеріп, қадағалап отырыңыз, баланың жан дүниесін Сізден артық ешкім түсінбейді. Баланың қатты шаршап, қажуына жол бермеңіз.
Баланың дайындық режимін қадағалап отырыңыз, бала дайындық арасында демалып отыруы тиіс.
Үйден баланың дайындалуына қолайлы жер беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет болмауын қамтамасыз етіңіз. Баланың тамақтануына үлкен көңіл бөліңіз: баланың оймен қарқынды жұмыс істеу кезінде оған сіңімді әрі әр түрлі витаминді тағамдар жеуі керек. Балық, ірімшік, дәндер, жаңғақ, құрма, т.б. тағамдар мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.
Балаларыңызға дайындық тақырыптарын әр күнге бөлуге көмектесіңіз.
Баланы емтиханға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Барлық қажетсіз ақпараттарды жаттатқызудың қажеті жоқ, дәрістің негізгі керектілерін және логикасы мен мағынасын түсініп алу жеткілікті. Оқылған материалды қорыту үшін қысқаша схематикалық сызбалар мен таблицалар жасау өте пайдалы. Егер бала оларды жасауды білмесе, практикада жасап көрсетіңіз. Негізгі формула немесе анықтамаларды керует қасына, үстел қасына немесе асханаға, т.б. іліп қоюға болады. Пән бойынша әр түрлі тестілер нұсқасын дайындаңыз (қазіргі уақытта тест тапсырмаларының неше түрлі жинақтары бар). Тестермен жұмыс істеу маңызды болып табылады, себебі оқудың бұл түрі балаға үйреншікті болып табылатын ауызша және жазбаша емтихан түрлерінен өзгеше.
Тестімен жұмыс істеу кезінде баланы алдын ала уақытты бағдарлау мен оны үнемдей білуге үйретіңіз. Сонда ғана бала қобалжымай, тестіге толық көңіл бөлуде тәжірибесі мол болады. Егер ол бұрын қолына сағат тақпайтын болса, оған тестілеу кезінде міндетті түрде сағат беріңіз.
ҰБТ қарсаңында бала жақсылап дем алып, ұйқысын қандыруы керек.
IX. «Сен менің жүрегімнің бөлігісің» жаттығуы
Әр ата-ана өз баласына деген тілегін жазып, махаббатын көрсетеді. Тілектерін жүрекшеге жазып оны оқып береді және «Сен менің жүрегімнің бөлігісің» атты А3қағазына жасалған үлкен жүрекке іледі.