?міт, сенім бізді ал?а жетелейді психологиялы? тренинг


№53 орта мектебі Орындаған: Нұрмағанбетова А.Ш «Үміт, сенім бізді алға жетелейді»психологиялық тренингі Жігер деген- МЕНКүш деген- МЕН Махаббат деген- МЕН Кешірім деген- МЕН Жастық деген- МЕН Денсаулық деген- МЕН Жарқындық деген- МЕН Бар ғажайып деген-МЕН Бәрі маған байланысты Бәрі менің қолымда… , Сәттілік аялдамасы «Гүлге қонған көбелек» тренингіӘр оқушы ҰБТ-ға дайындалып жүргенде болашақта қандай ерекше жағдайдың болғанын қалайтынын, өз арман-тілегін қағаздан әдейі қиылып жасалынған көбелекке жазып, тақтадағы гүлге апарып қондыру керек. Менің болашақтағы арманым...Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын сөз қорларын дамыту. Оқушыларды адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттерді сезініп, бағалай білуге үйрету.Нұсқау: Оқушылар өздерінің болашаққа деген арман тілектерін, ойларын айту. «Бір-біріңе жақында» жаттығуыМақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.Нұсқау:Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». .«Дыбыстық гимнастика»Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартадыЕ – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтедіИ –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартадыО –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіредіХ- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседіХа – ха – көңіл күйді көтереді. Түлектерге арналған аффирмация Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.• Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.• Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді. • Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.• Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда. Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»Мақсаты: жылы қарым-қатынасты қалыптастыру. Нұсқау: елестетіңіз, күн шуақты шалғын алаңқайда дем алып отырмыз. Күн шуағы сіздің көздеріңңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрныңызға, аузыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан, денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты. «Күн шуақты алаңқай» қызыл-сары, хош иісті, әсем гүлдерге толы. Сіз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді жүрегіңізге түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз. Талдау: Көңіл-күйіңіз қалай?Бүгінгі тренинг-сабақ ұнады ма?Қандай әсер алдыңыз?Мақсаттарға жеттік пе? «ҰБТ – да жетістікке жетейік!» әнін орындау.(Біз дәуірдің түлегіміз әнінің әуенімен)Арман, мақсат бір болған соң тілегімізҰБТ деп бірге соққан жүрегімізБілім болған бастау алар тірегімізӘннен шашу шашайық.Қайырмасы:Болашаққа қанат қаққан түлегімізОрындалсын үміт толы тілегімізБәріміз де дайымКөрмей қайғы уайымҰБТ – дан жетістікке жетейік,Жанымызға сенімділік серік болсынБірлігіміз әрқашанда берік болсынБасымызға бақыт құсы келіп қонсынАсулардан асайықҚайырмасыБолашаққа қанат қаққан түлегімізОрындалсын үміт толы тілегімізБәріміз де дайымКөрмей қайғы – уайымҰБТ-дан жетістікке жетейік.