Химия саба?ында SMART ма?сат ?ою
Аты-жөні(толық) Хайрекеева Гульнафиса Қанатқызы
Жұмыс орны (мекеменің толық атауы, қысқартылмаған) Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы Дарынды балаларға арналган мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені химия пәні мұғалімі Хайрекеева Гульнафиса Қанатқызы
Қызметі,ғылыми дәрежесі,атағы ІІІ-ші базалық деңгейінің ІІ санатты химия пәні мұғалімі
Мақаланың тақырыбы Химия сабақтарында SMART мақсат қою
Секция атауы Смарт техниканы белсенді қолдануға бағытталған білім беру және оқыту әдістемесі
e-mail gulnafi86@mail.ru
Байланыс телефоны,факс 87715952870
«Химия сабақтарында SMART мақсат қою»
Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылыми прогресс деңгейіне сәйкес білім беру, тәрбиелеу, олардың рухани байлығы мен мәдениетін жетілдіру адамзат қоғамының маңызды міндеті болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыруда оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру, оның қабілеттерін, ең алдымен интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау өзекті болып саналады.Жеке тұлғаның интеллектуалдық қабілетін жан-жақты дамыту үшін оған әсер ететін факторларды, алғышарттарды білу керек. Интеллектуалдық қабілетті дамытудың ең маңызды факторларының бірі - білім беру жүйесіндегі технологиялар.Ақпараттық қоғамның сөздік қорында тағы да бір жаңа ұғымдар - Smart, Smart education ұғымдары белсенді түрде еніп келеді. Smart education ұғымы тіпті көптеген елдерде іс жүзінде жиі қолдануда. Smart education ұғымының негізгі мәні неде? Сөздің түбіріне келетін болсақ, «smart» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «зерек», «ақылды» дегенді білдіреді. Смарт - бұл неологизм, сын есім ретіндегі негізгі мағынасы - парасатты, тапқыр, ақылды, ал зат есім ретінде – ақыл, алғырлық, зеректілік деген мағынаны білдіреді. Нақ осы оқыту жүйесі қазіргі әлемнің мүмкіндіктері мен міндеттеріне сәйкес максималды білімнің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етіп, жастардың тез өзгергіш қоғам жағдайына бейімделуіне, оқулықтан нақты белсенді әрекетке негізделген білім алуға мүмкіндік береді. Мен сөз еткелі отырған «SMART» ұғымы мақсат туралы болмақ. Әр адамның өмірінде қойған мақсаттары болады.Бірақ кейде мақсаттар шын өмірмен үйлеспей, мақсат емес, орындалмас арман болып кетеді. Мақсаттарымыз орындалу үшін не істеу керек? Мақсатты қалай дұрыс қоя білу керек? Кез-келген мақсаттың мейлі ол жеке өміріңізге не мансапқа байланысты болсын, белгілі бір сапалық көрсеткіштері болу керек.Егер сіз мақсатыңызды осы көрсеткіштермен өлшей отырып қоя білсеңіз, оған жету жолыңыз оңай, қадамдарыңыз жүйелі болады деген сенімдімін.Сонымен, мақсатыңыздың мынадай қасиеттері болсын:
Нақтылық- өзіңіз не қалайтындығыңызды анық білмесеңіз, нәтижеге жету өте қиын болмақ.Мақсатыңыз нақтылансын. «Магистрант болсамго.......» дегеннің орнына, магистрант болу үшін қандай құжаттар керектігін, қандай пәндер тапсыратынын анықтаңыз, мақсатыңыздың орындалуына қадамдар жасаңыз
Мақсат өлшемі- мақсатыңыз қай жағдайда орындалады? Мақсатыңызға өзіңізше өлшем бірлік беріп,шкала құрыңыз.Магистрант оқуына алдымен ағылшын курсынан өтуім керек және мынадай балл алуым керек,сан-мәнін нақты анықтаңыз.
Қолжетімділігі- бұл қасиет мақсат пен арманның бірден-бір айырмашылығы .Армандарыңыз орындалмастай болуы мүмкін, алайда мақсатыңыз қол жеткізе алатындай болу керек. Арманыңыз уақыт өте мақсаттарға айнала алады.
Орындалу уақыты-әр мақсатқа өзінің уақытын тағайындап, мақсатты сол кезде орындауға тырысыңыз. Мерзімі жоқ мақсат сол бетінше кейінге қала береді. Яғни осы күні магистр білімін алуым үшін емтихан тапсырамын деген сияқты. Осы айтылғандарды ұстаз ретінде күнделікті сабақ жоспарын құрғанда қарастыратын болсам
Сұрақ: Бұл қандай мақсаттар, олар кімге бағытталған?
Сұрақ : Бұл мақсаттардың кемшілгі неде?
Сұрақ: Мақсат қойғаннан кейін нақты нәтижеге жете алдыңызба?
Сұрақ: Смарт мақсаттар қандай мақсаттар? – әрине, бұл сұрақтардың жауабын табуда, қыйналамыз.Сұрақтардың жауабын бірге іздеп көрелік.Алдымен СМАРТ сөзінің түсіндірмесінен бастайық.
С- нақтылы (қандай нәрсеге қол жеткізу керек?)
М- өлшемді (мақсатқа жеттік деп айтуға болады)
А- қолжетімді (іс-әрекетке негізделген, себебі нақтылы)
Р- шындыққа негізделген
Т-нақтылы мерзімі және мақсатты жүзеге асатын орынды құралдар болу керек.
Оқу мақсаттары-өлшенбелі және нақты, айқын түрде келтірілген оқу нәтижелері арқылы көрсетілуі керек. Ал өз кезегінде оқу нәтижелері оқушылардың әрекеттері арқылы құрастырылады.Оқу процесі нәтижесінде үйренушінің не жасай алатындығын (нақты әрекеттерді) көрсететін етістіктер арқылы сипатталуы керек.Мысалы:
Сабақтың тақырыбы: Таза заттар және қоспалар.Заттарды тазарту
әдістері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Заттардың қасиеттерін еске түсіре отырып,таза зат пен қоспаларды ажырата білуге үйрету.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Таза заттар мен қоспалар туралы анықтамамен танысу
Оқушылардың басым бөлігі:
Таза зат пен қоспаны салыстыру отырып, ажыратуға үйрету
Кейбір оқушылар:
Қоспа құрамынан таза затты тазартуды тәжірибе арқылы дәлелдеу (тұндыру, сүзу, айдау, қайта кристалдау).Тәжірибенің өмірлік маңызын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: Оксидтердің жіктелуі және химиялық
қасиеттері
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оксидтердің жіктелуі және химиялық
қасиеттері туралы түсіндіру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Оксидтердің жіктелуін анықтау, қасиеттерін баяндау
Оқушылардың басым бөлігі:
Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтерді анықтай алу және химиялық қасиеттерінің реакция теңдеуін жазу
Кейбір оқушылар:
Негіздік, екідайлы, қышқылдық оксидтерді анықтай алу және физикалық-қасиеттерін тәжірибе жүзінде дәлелдеу,тәжірибенің өмірлік маңыздылығын түсіндіру.
ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында басты басымдылық ретінде ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп белгілеген болатын[1]. Оқушылардың жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. «Ұлттың дамуы толығымен білім сапасының дамуына тәуелді» деген ұлы сөздерімен ойымды қортындылағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауы» 2014 жылғы 17 қаңтар
2. Пірәлиев С.Ж., Даутов С.Б., Симтиков Ж.Қ. «Елбасы және отандық білім жүйесі»Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат», 2011 жыл.
3. Мұғалімге арналған нұсқаулық
4. http://www.zkoipk.kz/ru/2015smart2/1500-conf.html