?зін-?зі тану п?нінен Маманды?-жетістік мерейі (11 сынып)
Сыныптан тыс сабақ.
Мерзімі: 11.12.2015 жылы
Сыныбы: 11 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Мамандық- жетістік мерейі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдау, олардың негізгі түрлері, классификациялық белгілері,мамандықтар тобы,таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын арттыру.
Міндеттері.
-Мамандықтарды таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру. Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру.
-Кәсіптік бағдар беру.
-Мамандықтарға деген ынта-ықыластарын анықтау және психологиялық дайындығы мен қиындықтан шығу шеберлігін шыңдау.
Сабақтың түрі: тренинг.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта,бейнежазба, әріптер жазылған карточкалар, караоке, қима үлестірмелі материалдар.
Сабақтың әдісі: ойын.
Сабақтың кезеңі:
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу. Тренинг ережелерімен таныстыру.
ІІ. Мамандық.
1.«Мамандық» ойыны.
2.Әңгімелесу.
3.«Әріпті мамандық» ойыны
ІІІ. Мамандық түрлері.
1.Мамандық түрлері.
2.«Қызықты және күлкілі мамандықтар.» / бейнежазба/
3.Қай мамандық иелері қатты стресс алады? /бейнеслайд/
IV. Мамандық таңдау.
-«Ең жақсы мамандық» ойыны
-Психологиялық сәт.V. Сергіту сәті.
«Мамандықты тап» ойыны
VІ. Ситуациялық сұрақ.
VІІ. Қорытынды.
VІІІ. Релаксация. / «Атамекен» әні. Сөзі: Қ.Мырзалиев. Әні: Е.Хасанғалиев/
ІХ. Кері байланыс.
Оқушылардың сабақтан алған әсерін, ой-пікірін, білу, көңіл-күйлерімен бөлісу.