Презентация на тему Маманды? — жетістік мерейі
Мамандық-жетістік мерейі
Мақсаты:оқушыларға мамандық таңдау,олардың негізгі түрлері,классификациялық белгілері,мамандық тобы,таңдау әдістері туралы білімдерін,түсіріктерін кеңейте отырып мамандықтарға деген ынта-ықыласын,қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туралы түсінік беру; -кәсіптік мамандықтарға деген ынта-ықыласын,қызығушылықтарын анықтау; -кәсіптік бағыт-бағдар беру.
Тренинг ережелері:
1.Сыйластық;2.Тыңдай білу;3.Белсенділік таныту;4.Шығармашылық;5 .Төзімділік;6.Түсіністік қарым-қатынас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта,ақ парақтар,мамандық аттары жазылған карточкалар,доп,түрлі түсті парақтар,ақ ватман.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу,қатысушыларды екі топқа бөлу. «Танысу»жаттығуы.Шарты:кез келген оқушыға бір мамандықты атап,допты лақтырамын.Қағып алған оқушы,жаңағы айтылған мамандықтың соңғы әрпінен басталатын кәсіпті атайды.Мысалы:мұғалім-механик,т.б.ойын осылайша жалғаса береді.
2.Негізгі бөлім.
Мамандық таңдау-өтежауапкершілікті және маңызды іс.Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына,қаблетіне,бейімділігіне,қалауына сүйену керек.Қоғамның дамуында мамандық иелерін жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қаблетті,еңбек етугедеген сүйіспеншілікті,қызығушылықты,өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін тлап етеді.
«Әріпті мамандық»ойыны. Екі топқа бір әріптен беріледі.Қай топ сол әріптен басталатын мамандық аттарын көп тапса, сол топ жеңіске жетеді.Сонымен қатар өздері тапқан мамандықтарының қыр-сырын айтулары керек.
«Болашақтан хат»жаттығуы. Кіріспе әңгімелесу.
Оқушылар! Сендер есейіп,өсіп,мектепті аяқтап қалдыңдар,жан-жаққа қанат қағып,ұшатын кездерің де болып қалды,іштеріңде көптеген оқушылар болашақта кім,қандай маман иесі болатындығын біледі. Мен әрине барлығыңның армандарыңның орындалғанын қалаймын,ал енді мына нәрсені ойлайық.Үлкен білім әлеміне алғаш есікті айқара ашатын адам туралы сыр шертейік. Иә,әрине ол ұстаз.Ал,бүгін алғашқы хатты жазып,жаттығып көрейік.Ол үшін сендер өздеріңді мектеп бітіріп қойдым,ересекпін,қызметім бар,жеке өмірім бар деп елестетіңдер.
«Мамандықты тап»ойыны.
Тренингке қатысушыларға карточкаларға жазылған мамандықтар таратылады,ал олар сол мамандықтарды ыммен көрсетуге тырысу керек.
Хатшы.Мұғалім.Кітапханашы.Бухгалтер.Банк қызметкері.Тігінші, Асапзшы, Құрылысшы,Әнші, Жүргізуші, Етікші.Сатушы.Дәнекерлеуші.Сылақшы, сайқымазақшы, Тракторшы.Ақын,Сазгер,Биші,Күйші,
Суретті тест. Тренингтен алған әсерің.
Қатысушыларға ақ параққа күннің,бұлттың,жаңбырдың,жпырақ бейнеленген парақ таратылады.Тренингтен алған әсерін,бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны көңілденгені.
Бұлттың суреті-алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті-ешқандай әсер алмағаны.
Жапырақ -көңілді,жақсы әсер алғаны.
Қортынды;
№ 138 Абай орта мектебі
Мамандық – жетістік
мерейі
тренинг сабақ;
мектеп психологтары; Сексенбаева Т. Ибраева Б
2015 оқу жылы.
№138 Абай орта мектебі
Педагог және тегін оқыту кезінде баланың білімін белгілеу журналын және баланың динамикалық бақылау
күнделігін жүргізу.
2014-2015 оқу жылы.