?зін-?зі тану п?нінен саба? жоспары Мен ?депті баламын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасыТобы: Мектепалды даярлықБілім көздері: Өзін-өзі тануТақырыбы: «Мен әдепті баламын»Мақсаты: «Әдеп», «Әдептілік» туралы түсініктерін кеңейту. Әдептілік туралы түсініктерін кеңейту,жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту,әдептілікке,сыпайлыққа тәрбиелеу.
Іс-әрекет бөлімдеріТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекетіЫнталандыруСезімді ояту Шаттық шеңберіКөшелерден біз өткенАта көрсем,жақын кепСәлем берем ізетпен:
«Ассалаумағалейкум!»-деп«Сәлем берем үлкенге»атты өлеңін қимылмен айтады
Ізденістер
Ұйымдастыру ӘңгімелесуБалалар ,сендер қандай жылы,әдепті сөздерді білесіңдер?
-әдепті балалар қандай болады?
-әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер?
Әдептілік-адам бойындағы ең асыл қасиет,әдепті бала,ұқыпты,тілалғыш,шыншыл, қайырымды,еңбекқор,адал болады. Әрдайым таза жүреді.Автобусты үлкенге, жасы кіші балаларға орын беру. -сәлеметсіз бе,сау болыңыз,
рахмет, кешіріңіз оқасы жоқ,өтінемін,
қош келдіңіз,ренжімеңіз.
Әдептілік туралы түсінік алу.
Әңгімелесу«Сиқырлы сөз» атты әңгімені оқып талдау.Әңгіме бойынша сұрақтар қою.
А)Қария Павликке қандай сиқырлы сөздер айтты.
Б)Павлик атты баланы әдепті бала деп айтуға бола ма? Сұраққа жауап береді Дәйексөз.Сергіту сәті«Әдепті бала-арлы бала»-халық мақалын бүгінгі іс-әрекеттің дәйек сөзі ретінде түсіндіру. Мақалдағы сөздің мағынасын түсінді.
Дәптермен жұмысШығармашылық жұмыс жасауӘдепті, ұқыпты,таза бала тақырыбына сурет салу.
Тыныштық сәті,жәй әуен жіберіледі.
Әдептілік ережелері:
-әрқашан сәлемдеседі;
-әрқашан сыпайы болу;
-үлкендерге орын беру;
-ескертусіз үйден кетпейді; Көздерін жұмып,ережелерді жадында сақтауды ескереді.
ОйынШеңберге тұрып допты лақтырып-қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтадыСәлем! Рахмет!Қалың қалай?
Қош келдің! Кешіріңіз!
Өтінемін!
Ғажайып сөздерБіз-әдепті,сыпайы баламыз әдепті бала-жақсы бала Естеріне сақтап жүруҚорытындылау
Өзін-өзі бағалау Қорытындылау-балалар,біз бүгінгі сабағымызда әдептілік,сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды,сүйкімді екенін түсіндік. Не ұққанын айтады Жүректен жүреккеШаттық шеңберіндегі «Сәлем берем үлкенге» өлеңін қимылмен айтуҚимылмен өлеңді айтадыКүтілетін нәтиже:Білуі тиіс: Сыпайы болуды білді.Түсінігі: Әдеп,әдептілік туралы түсінді.Көрсете білуі: Жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыланды.