Презентация ??ыпты бала — ?депті бала


Сабақтың тақырыбы:ҰҚЫПТЫ БАЛА – ӘДЕПТІ БАЛА Таң атады арайлап,Күн күлімдеп туады. Жадырайды бар аймақ,Жарқырайды шуағы Сабағымызға келгендер, сәлем бердік бәріңе!Ізгілікке, ұқыптылыққа, әдепке сенгендерге сәлем бердік!Өз бақытын, әдебін, ұқыптылығын тек бөлісіп көргендер,сәлем бердік бәріңе!Сәлем бердік бәріңе! Мәтінмен жұмыс Оқулықтан Е.Өтетілеуовтың “Ұқыптылық” әңгімесін мәнерлеп оқу Жағдаяттарды талдауҚорық дегеніміз не? Бекеттің атасы қорықта кім болып жұмыс жасайды? Бекеттің атасы қорыққа бару үшін балаларға қандай тапсырма берді? Асланның ұқыптылығын неден байқауға болады? Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды? “Ұқыптының уақыты мол” дегенді қалай түсінесіңдер? Ұқыптының уақыты мол Ұқыпты балаОқуға да үлгередіОйнауға да үлгередіҚонаққа баруға да үлгередіКітап оқуға да үлгередіҮй шаруасына көмектесуге де үлгереді Шығармашылық жұмыс- Балалар, мына мақалдарға қарап, қажетті сөздерді жазалық .............. ның тоны тозбас, ............. ісі оңбас Жаңылтпаш........... бала - кітапты түптеп тастады,...........бала – кітапты бүктеп тастады. Сергіту сәті Шығармашылық жұмысСалынған суреттерін дәлелдеу“Ұқыпты бала” және “Ұқыпсыз бала” Дәптермен жұмыс Ұқыпты болудың жолын біліп алыңдар. Ұқыпты болу үшінӨз істеріңді қадағалау үшін күнтізбені серік етАтқарылатын істерді жоспарлап алМерекелік күндерді белгілеп қой Бір күндік жұмыс кестесін құрып алКүнделікті өзіңе тиесілі жұмысты атқаруды біліп ал Есіңе сақта:Сыныптастарыңмен санас , оларды құрметте.Басқалардың өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағанын қаласаң,өзіңді нақ солай ұста.Сыпайы достық пейілмен сәлемдес.Сыпайылық,әдептілік ережелерін сақта. Қорытындылау-Балалар,біз бүгінгі сабақтан нені үйрендік? Жүректен жүреккеБүгінгі сабағымызды аяқтай отырып, сабақтан алған әсеріміз бен адам бойындағы жақсы қасиеттерді бір-бірімізге ақ тілекпен жеткізейік.