??ыпты бала – ?депті бала


Сабақтың тақырыбы: «Ұқыпты бала – әдепті бала»
Сабақтың мақсаты:
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
ұқыптылық, жинақылық, әдептілік туралы түсінік беру.сыпайылылық қарым - қатынастарын дамыту, ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдемілікке тәрбиелеу
Мақсаты: Балаларға ұқыптылық, әдептілі, жинақылық, сыпайылық адами қасиеттері туралы түсінік беру.
Ресурстар:
Мультимедиялық тақта, оқулық,дәптер,мақал-мәтел,дәйексөз. Уақыт
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару
Топқа бөлу.
1 топ «Тәртіп»
2 топ «Тыныштық»
3 топ «Татулық»
Топ ережесін құру (топ басшы, хатшы, уақыт үнемдеуші, спикер)
б) Тыныштық сәті
Тыныштық сәті – релаксация   «Теңізге саяхат»
(Теңіз толқындарының , шағаланың дыбыстары  үнтаспадан естіледі.)
   Терең демалып, денеңізді бос ұстаңыз. Өзіңізді  Каспий теңізінің жағалауында тұрмын деп елестетіңіз және алысқа көз жіберіңіз. Қасымызда жанымызға жақын, өзіміз жақсы көретін адал, сенімді досыңыз бар. Екеуіңіз мәз мейрам, еш уайым –қайғысыз күліп – ойнап, теңіз жағалауында  жүрсіз.
Теңіз толқындарының шуылдаған дыбысы, теңізді өз мекеніне айналдырған шағаланың дыбысы құлаққа жағымды естіледі. Теңіздің салқын желі бетіңізге еседі. Сіз досыңызбен бірге теңіздің әсемдігіне, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің ауасын жұтып тұрсыз.
Жаныңыздағы досыңызға ішкі сырларыңызды, көңіл – күйлеріңізді, жабырқаған сәттеріңізді  айтып, сыр тарқатып отырсыздар.  Ішіңіз бір жеңілдеп, жақсы сезімге бөлендіңіз. Жаныңызда сенімді, адал досыңыздың болғанына қатты  қуаныштысыз .Сіз  өзіңіздің сенімді досыңызға қарап, іштей өз алғысыңызды білдірдіңіз.
Ал енді, сіздің оралатын уақытыңыз болды. Теңіз жағасын бойлап өз орнымызға жайластық. Көздеріңізді асықпай жайлап ашыңыздар!
Қандай сезімге бөлендіңіз?  Не сезінгендеріңізді бөліссеңдер де болады.
Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында 1 минут
2 минут
3 минут
Ой қозғау: Ашықбаевтың «Мен өсемін» өлеңін тыңдату. Осы өлеңде не туралы немесе кім туралы айтылған? Ал олай болса бүгінгі
Жаңа сабақтың тақырыбын «Ұқыпты бала – әдепті бала»
Сұрақ-жауап:
Ұқыптылық дегенді қалай түсінесіңдер?
Ұқыптылық не үшін қажет?
Әдептілік дегенді қалай түсінесіңдер? аудиожазба
2 минут
3 минут
«Ұқыптылық» мәтінін үш топқа бөліп оқыту.
(ұқыптылық әңгімесі жазылған ақ парақтарды топтарға тарату)
1.Қорық дегеніміз не?
2.Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
3.Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
4.Бекеттің атасы қорықта кім болып жұмыс жасайды?
5.Бекеттің атасы қорыққа бару үшін балаларға қандай тапсырма берді?
6.Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?
7.Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?
8.Сендер өз уақыттарыңды қалай пайдаланасыңдар?
Кемпірқосақ әдісі 10 минут
Шығармашылық жұмыс: Мұғалім сыйы: Жағдаяттарды шешу.
1 топ І - жағдаят:Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетер кезінде:- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналысын жинастыр, үйге су алып кел, - деп тапсырды. Ұлан сабағын оқып болған соң үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке – шешісінің тапсырмасын орындарын немесе достарының көңілінен шығу керек екенін білмей дал болды.
-Ұланның іс-әрекеті дұрыс па?- Ұланның орнында болсаң не істер едің?- Ия, дұрыс айтасың, біз әрдайым үлкеннің айтқан тыңдап, оларды құрметтеуміз керек екен.2 топ ІІ - жағдаят:Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүрді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкенге келе жатыр еді, Ернар:- Гүлнар бізбен ойнасын шақырып жіберші, - деді. Жаңыл інісінің сөзіне ұялып, Ернарға әлде нені түсіндіре бастады.- Жаңыл не туралы айтты деп ойлайсыңдар?- Ернардың орнында болсаң не істер едің?- Иә, балалар, үлкен - кішіні сыйлау, үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау - инабаттылық, сыпайылықтың көрінісі.
3 топ ІІІ-жағдаят.
Оқу жылы басталды. 6-шы сыныпта оқитын Арман әкесімен қыркүйектің басында, егер мен жақсы оқитын болсам, маған велосипед алып бересіз бе, деп келісті. Әкесі ойланбастан уәдесін берді. Арман жақсы оқуға тырысты, бірақ ол жақсы жетістікке әр түрлі әдістермен жетті. Математикадан көршісі Мөлдірден, басқа сабақты тағы басқалардан ұқыптап көшіріп алып жүрді. Әкесі Арманның күнделігін бақылап жүрді, бағалары дұрыс.
-Арманның бұл іс-әрекеті дұрыс па?
-Сен Арманның орнында не істер едің?
Сахналық көрініс көрсетеді. (смайликтармен бағалау) Оқушылар тапсырмаларды орындайды 10 минут

Дәйексөз Ұқыптының уақыты мол.
Ұқыпты бала әрқашан да өз жұмыстарын уақытылы орындайды. Ал мұндай қасиетке ие бала жұмысқа да, оқуға да, ойнауға да, серуендеуге де, қонаққа баруға да, дос, жақын, туыс адамдардың көңілін көтеруге де үлгереді.Ұқыпсыздықтан арылу үшін барлық жұмысты дер кезінде орындап отырған жөн. Оқу құралын, киімді таза ұстап, әдеппен сөйлеп, әдеппен тамақтануға тырысу керек. Өзіміздің де өзгелердің де уақытын қадірлейік.Бәріне хормен айтқызуҰлдарға айтқызуҚыздарға айтқызу Мағынасын түсіндіру 2 минут
Сергіту сәті
1.Оңға, оңға түзу тұр,
Солға, солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
1 минут
Дәптермен жұмыс:
1 топ: «Ұқыптының уақыты мол» шығарма
2 топ Мақалдар (ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қою)
3 топ Жаңылтпаш (ұқыпты, ұқыпсыз сөздерін қою)
Саусақ әдісімен бағалау. Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды 5 минут
Жаңа сабақты бекіту: Кластер әдісі арқылы (Ұқыпты бала) 3 минут
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып түсінік айту
Күнделіктеріне жазады. 1 минут
Кері байланыс:
«Мен бүгін өзімнің қорыма ... алып кетемін, себебі ...!»;
Мен өз қорыма ұқыпты, тәртіпті болуды алып кетемін, себебі ұқыпты баланың уақыты мол.«Мен ... туралы ойлануым керек, себебі ...»;
Мен ұқыптылық туралы ойлануым керек, себебі мен болашақта ақылды, білімді болуыма керек. «Мен ... қоқысқа тастаймын, себебі ...».
Мен өзімнің тәртіпсіз жақтарымды, жаман әдеттерімді қоқысқа тастаймын, себебі мен ұқыпты баламын. Оқушылар карточка таратылады. 5 минут