Ба?дарлама музыка Саз ?уені (3 сынып)


Түсінік хат
Музыка сабақтары оқушылардың музыкалық мәдениетті, халықтың бай рухани мұраларын игеруге қызығушылығын тудырады. Музыкалық өнердің негізгі сипаттамаларын оның тарихи дамуында қарастыру оқушыларды орындау дәстүріне, халық музыкасының озық үлгілерінің ұрпақтан ұрпаққа берілуіне, жалғастығын табуына баулиды және бұл музыка сабағының мәнін анықтайды.
Музыкалық тәрбие беру -баланы әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық,ізгілік, адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу, қоршаған дүниенің шындығын көркем құралдар арқылы түйсіндіреді.
Сондықтан 3 сыныптан бастап оқушылардың ой-санасы өсіп, олардың өнерге икемділігі қалыптасады, қабылдау сезімі оянып, қабілеті байқала бастайды. Осыған орай баланың ой-өрісінің дамуына дұрыс бағыт беру, жеке ән дауысын естіп ажыратуға негізгі мақсат тұтады. Мұндай жағдай музыкалық қабілеті бар оқушыларды таңдап алуға көп әсерін тигізеді. Оқушыларды бастауыш сыныптан бастап ән салып, дыбыс биіктігін сезініп, ырғағын дұрыс келтіре отыра орындау машығының іс- әрекеттері алға қойылады.
3-сынып « Саз әуені» үйірмесінде мектеп жасындағы балаларға арналған әуендер үйретіледі.

«Саз әуені» курсының мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Оқушыларды әсемдік әлеміне дыбыс арқылы жетелей отырып, сұлулық,ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойларына дарыту.
Міндеттері:
Оқушыларды көркемдік бейнелерді музыка арқылы қабылдап, түсінуге баулу, олардың эстетикалық сезімін ояту;
3 сынып
«Саз әуені» арнаулы курс бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптық жоспары. Аптасына 2 сағат. Барлығы: 68 сағат.
р/с Мазмұны Сағат саны Мерзімі
І Қазақтың музыкалық аспаптары 12 ІІ Қазақ халқының әншілік өнері 12 ІІІ Күй табиғатының сыры 12 ІV Қазақтың халық аспаптар оркестрі 12 V Музыкалық сауаттылықты игеру 12 VІ Қазақтың ұлттық би өнері 8 «Саз әуені» курсының негізгі бөлімдері және мазмұны
VІ бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімі-Қазақтың музыкалық аспаптары;
Қазақтың музыкалық аспаптары, музыкалық аспаптар және олардың шығу тарихы туралы; музыкалық аспаптардың жасалу жолдары туралы;қазақ аспаптарының шертпелі- ішекті аспаптарға және дыбыс шығаруындағы тембрлік бөлінуі, ерекшеліктерді анықтай алу;
Екінші бөлімі-Қазақтың дәстүрлі әншілері;
Қазақ әншілерінің және Павлодар өңірінен шыққан жерлес өнер иелерінің өмірі мен шығармашылық жолымен танысу; халық әндерінің сарынды әуенін естіп-айыру; дәстүрлі халық әндерін зерттеп, нотаға түсірген композитордың еңбегі туралы мағлұмат беру;
Үшінші бөлімі-Күй табиғатының сыры;
Белгілі күйшілердің өмірі жайлы мағлұмат беру; аймақтық орындаушылық мектебінің ерекшеліктерін, шертпе күй шеберлерін білу; Күйлердің мазмұнын түсіну және тыңдау; естіген күйді суретке түсіре білуге меңгерту;
Төртінші бөлімі-Қазақтың халық аспаптар оркестрі;
Қазақтың Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің шығу тарихын білу,белгілі профессор Ахмет Жұбановтың шығармашылық жолымен танысу;
Бесінші бөлімі-Музыкалық сауаттылықты игеру;
Музыкалық дыбыс қатарының орналасу тәртібі; мажор мен минор, ығақ, метр акцент, такт, өлшем түрлерн білуге меңгерту;
Алтыншы бөлімі-Қазақтың ұлттық би өнері;
Ұлттық би өнері жайында мағлұмат беру; ұлттық билердің мән-мағынасын сипатын анықтау; белгілі атақты қазақ бишілерімен танысу.

Тақырыптық жоспар
р/с Мазмұны Сағат саны Мерзімі
І Қазақтың музыкалық аспаптары 12 1 Дыбыс құдіреті 2 2 Музыкалық аспаптардың топ-тармаққа бөлінуі 2 3 Ішекті аспаптар 2 4 Үрмелі аспаптар 2 5 Соқпалы аспаптар 2 6 Ыспалы аспаптар 1 7 Пысықтау 1 ІІ Қазақ халқының әншілік өнері 12 8 Абайдың қазақ музыкасын қосқан үлесі 1 9 Арқаның ақын әншісі-Біржан сал 1 10 Ақын, әнші Ақан сері Қорамсаұлы 1 11 Музыка зерттеуші А.В.Затаевич 1 12 Павлодар өңірінендегі жерлес өнер иелері 1 13 Халық композиторы Жаяу Мұса 2 14 Әнші Майра Шамсудинқызы 2 15 Лирик, композитор Естай Беркімбайұлы 1 16 Ақын композитор Иса Байзақов 1 17 Тест жұмыстары 1 ІІІ Күй табиғатының сыры 12 18 Қазақ күйлерінің орындалу ерекшеліктері 1 19 Төре күйлерінің атасы 3 20 Шертпе күй шебері-Тәттімбет Қазанғапұлы 1 21 Арқаның атақты күйшісі Тоқа 1 22 Өнер орындаушысы Мағауия Хамзин 1 23 Аймақтық орындаушы мектебі 1 24 Дарынды домбырашы Төлеген Момбеков 1 25 Күй таспадан күйшілердің күйін тыңдау, суреттеу 2 26 Пысықтау 1 ІV Қазақтың халық аспаптар оркестрі 12 27 Қазақ аспаптар оркестрі 2 28 А.Жұбановтың шығармашылығы 2 29 Ұлттық оркестрдің алғашқы құрылуы 2 30 А.Жұбановтың ұлттық музыкаға үлес қосуы 3 31 Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптар оркестрі 2 32 Қайталау 1 V Музыкалық сауаттылықты игеру 12 33 Музыкалық дыбыстардың орналасу тәртібі 2 34 Мажор және Минор 2 35 Музыкалық сауаттылық 2 36 Такт өлшемдері 2 37 Ырғақ 2 38 Метр, акцент 2 VІ Қазақтың ұлттық би өнері 8 39 Қазақ би өнері 2 40 Ұлттық билердің түрлері 2 41 Қазақтың белгілі бишілері 2 42 Шара Жиенқұлова 2 Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің музыка мұғалімі Ашимова Д.Ж.
«Саз өнері» фаультативінің бағдарламасы
5 сынып
Құрастырған: