Методическую разработку ??растыру К?згі ба?та?ы к?пір


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 5
Өткізілген уақыты:___________
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Күзгі бақтағы көпір (құрылыс материалдарынан құрастыру)
Мақсаты: . күзгі бақ құрылысын есте сақтап, көпірді жұппен құрастыруға
үйрету;
. адамгершілікке және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
. ұзын- қысқа көлемді текшелерді құрылыс барысында дұрыс
қолдануға дағдыландыру.
Құрал- жабдықтар, көрнекіліктер: ұсақ құрылыс материалдары, текшелер,
ағаштар, мәшине мен автобус; қуыршақ.
Билингвалды компонент: күзі- осений, көпір- мост; текшелер- кубики;
қуыршақ- кукла; құрастыру- конструктировать.
Іс- әрект кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті.
Мотивациялық--
қозғаушылық
-Балалар, бізге қонаққа көрші ауылдан қуыршақ Әлия келе жатыр. Бірақ Ертіс өзенінен қалай өтерін білмей тұр екен.
Слайд арқылы өзеннің және көпір түрлерінің үлгісін көрсету. Тәрбиешіні тыңдайды.
Көпір түрлерін естеріне сақтайды.
Ұйымдастыру- іздестіру
Көпірдің іргетасы туралы түсінік беру, құрастыру жолын көрсету.
- Ал қазір жұптасып, өзара келісіп, өз пікірлерін құрастырту.
Құрастыру бағытын бақылап отырып, балалар құрылыс бөлшектерін қойған сайын, сапасы мен нақтылығына көңіл аударып, түзетіп, түсіндіру.
«Көпірден өтеміз» ойыны
Жасаған көпірлерінің үстінен Әлияның мәшинесін және басқа да көліктерді жүргізіп, ойнату.
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көпір, кімге үй,
Құрастырам керегін.
Көлік көпірін құрастыруға келіседі.
Жұптасып ұсақ құрылыс материалдарынан көлік көпірін құрастыруға кіріседі.
Тәрбиешімен бірге жұмыстарын сарап-
тайды, бағалайды.
Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорыту:
Балалардың еңбегін бағалап, мадақтау. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек ұсақ құрылыс материалдарынан көлік көпірін құрастыруды.
Нені игереді жаңа сөздердің мағынасын.
Нені біледі құрылыс материалдарының бөлшектері мен олардың атауларын.
Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.
Тексерген: Оразбекова.М.Т.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 6
Өткізілген уақыты:___________
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Қойма (құрылыс материалдарынан құрастыру)
Мақсаты: . үлгі бойынша әртүрлі текшелермен қойма құрастыруды үйрету;
. ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
. құрылысты биіктетіп жасау, бір бөлшекті екінші бөлшекпен
ауыстыру (биік және аласа), өзгерту іскерліктерін дамыту.
Құрал- жабдықтар, көрнекіліктер: үлкен құрылыс материалдары, текшелер,
, жүк мәшинелері, жеміс-жидектер мен көкеніс-
тер; хат үлгісі.
Билингвалды компонент: қойма- склад; хат- письмо; егін- посевы, урожай;
жауын- шашын- осадки; ұшақ- самолет.
Іс- әрект кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті.
Мотивациялық--
қозғаушылық
Пошташы әкелген хатты оқу:
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің атым Қожа, мен Қожанасыр ауылында тұрамын. Биыл бізде көп егін жиналды, қайда сақтап қоятынымызды білмей тұрмыз. Сендер достарыңа көмектесіп жүретіндеріңді білемін, біздің ауылға да көмектесіңдерші».
-Балалар, көмектесу үшін Қожанасырдың ауылына қандай көлікпен барсақ болады?
Жауынға ұрынып, бидайлары дымқылданып қалмас үшін ұшақпен тезірек баруды ұсынады.
Үнтаспаны қосып, ұшақтың дауысымен балаларды бастап алып жүріп, құрылыс материалдары дайындалып қойылған бұрышқа алып бару. Қожамен (қуыршақпен) амандасады. Жарты шеңберде тұрып хатты тыңдайды.
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.
Құрылыс материалдары дайындалып, қойылған бұрышқа барады.
Қожамен амандаса-ды.
Ұйымдастыру- іздестіру
Үлгі суретпен жұмыс
Қойманың суретін іліп, сұрақтар қою:
- Қандай жыл мезгілі? Адамдар не істеп жүр?
Қойманың көлемі қандай? Қойманың төбесі қандай? Ірге тасы қалай тұр?
Қойманы үстінен, қырынан, алдынан көрсету.
Ең алдымен қойманы құрастыру ретін, қандай құрастыру материалдары керек екенін түсіндіру.
. төрт үлкен цилиндрді алып (іргетастары). Үш цилиндрдің ортасына ұзындау, жіңішке кірпіштерді қалап қою (көрсету);
. төртінші жағына есік, қақпа жасау;
. қойманың төбесін жабу.
Балалардың жұптасып бөлінуін сұрау. Кім қандай іс-әрекет жасайтынын келісіп алуларын ескерту. Жұмыстарын бақылау.
Сергіту сәті
Саусақ жаттығуын жасау.
Саусақтарым қоймады,
Жасаймыз,- деп,-қойманы.
Жұмыстарын бітіріп,
Билеп, ойнап, тойлады.
(Г. Абдрахимова) Көлік көпірін құрастыруға келіседі.
Жұптасып ұсақ құрылыс материалдарынан көлік көпірін құрастыруға кіріседі.
Тәрбиешімен бірге жұмыстарын сарап-
тайды, бағалайды.
Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Рефлексивті-
түзетушілік
Сұрақтар қойып, тақырыпты қорыту:
Балалардың еңбегін бағалап, мадақтау. Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек ұсақ құрылыс материалдарынан көлік көпірін құрастыруды.
Нені игереді жаңа сөздердің мағынасын.
Нені біледі құрылыс материалдарының бөлшектері мен олардың атауларын.
Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.
Тексерген: Оразбекова.М.Т.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 7
Өткізілген уақыты:___________
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Жеміс- жидекке арналған себет (қағаздан құрастыру)
Мақсаты: . дайын қиылған долақшалардан өру тәсілімен себетті құрастыру-
ға үйрету ;
. тиянақты, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу;
. қағаздың бұрыштары мен жақтарын беттестіру, теңдей етіп
бүктеу іскерліктерін дамыту.
Құрал- жабдықтар, көрнекіліктер: әртүрлі қағаздар, қайшы, желім;
сауысқан құсы; себет; макеті.
Билингвалды компонент: жеміс- жидектер- фрукты и ягоды; себет- корзина;
сауысқан - сорока; орман- лес; бал- мед.
Іс- әрект кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті.
Мотивациялық--
қозғаушылық
Сауысқанның келуі, сәлемдесуі.
- Сәлеметсің бе, сауысқан! Не болды, деміңдібас.
Сауысқан:
- Мені сендерге Аю жіберді. Ол орманнан жидек пен саңырауқұлақты көп жинады, енді үйіне қалай жеткізем деп жылап отыр.
- Тоқтай тұр сауысқан, жолды көрсетесің бе? Біздің балалар барып, аю,а көмектеседі.
- Көрсетемін, егер тез жолға шықсаңдар.
Балаларды сауысқанмен бірге топтың орманға ұқсап безендірілген бұрышына алып бару. Амандасады, тыңдайды.
Аюға көмектесуге қуана келіседі.
Сауысқанның артынан орманға, құрастыру орталығына барады.
Ұйымдастыру- іздестіру
Жұмбақ
Орманға бірге аламын,
Теріп, жидек саламын.
(Себет)
Үлгі суретпен жұмыс
Балалардың назарын тақтада ілініп тұрған себеттің үлгі суретіне аудару, сұрақтар қою:
- Себет қандай?
- Себет не үшін керек?
- Себетке тағы не салуға болады?
Жұмыс ретін түсіндіру жасату:
. көлемі тіктөртбұрышты қағазды көл-
денең қойып, ұзын жағын 2-ге бүктеу;
. екі бүктелген жақтың аралары 4-5 см
етіп, екі рет қияды (көрсету);
. шетіне 6см жетпей көлденең 5-6 жол
қайшымен қиып, әр қиылған жолдың
арақашықтығы 2см болу керектігін
айту.
. әр балаға түстері әртүрлі, ені- 2см
(жасыл, сары) жолақшалар қиылып
тарату;
. қызыл жолақшаны көлденең алып
тігінен қиылған төртбұрыштың
жолынан өтізіп (өру тәсілін көрсету)
солай 1-жолы өріледі;
. келесі сары жолақшаны көлденең
алып, тігінен қиылған төотбұрыштың жолынан өткізу(өру тәсілін көрсету)
солайша 2- жолы өріледі.
. шетіне артық шығып тұрған қызыл, сары жолақшаны желіммен жапсыру.
Сергіту сәті
Саусақ жаттығуын жасау.
Саусақтар мен буындар,
Шаршап қалды, дем алсын.
1,2,3,
Саусақ жина күш,
1,2,3,
Буын жина күш.
Буындар мен саусақтар,
Жасады көп жұмыстар.
. тіктөртбұрыштың қиылған екі жақтарын желіммен жапсыру.
Жасаған себеттеріне қаратып сұрақ-
тар қою:
- Неге ұқсайды? Тағы не жасауымыз
Керек?
- Дұрыс, себеттің ұқсайтын жері жоқ.
. қалың жолақшаны алып, екі жағына
Желім жағып, жапсырып көрсету.
Балаларға саңырауқұлақтар мен жидектерді жинап, аюға беруді ұсыну.

Жұмбақты шешеді.
Суретті тамашалайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қағазды өру әдісін қайталап, себетті құрастыру жолдарын түсініп алады.
Себетті құрастыруды бастайды.
Жаттығу жұмысын жасайды.
Саңырауқұлақтар мен жидектерді жинайды, аюға береді.
Рефлексивті-
түзетушілік
Тірек сызба арқылы сабақ барысын бекітіп, балаларды мадақтау. Себетті қандай әдіспен құрастырып, жасағандарын айту.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек өру әдісімен жолақша қағаздан себет құрастыруды.
Нені игереді тіктөртбұрыш көлеміндегі қағазды теңдей етіп бүктеуді.
Нені біледі тіктөртбұрышты қағаздың бұрыштары мен жақтарын беттестіруді.
Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.
Тексерген: Оразбекова.М.Т.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы 8
Өткізілген уақыты:___________
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Наубайхана (қалдық және табиғи материалдармен ұжым-
дық жұмыс)
Мақсаты: . табиғи материалдардан наубайхана макетін жасауды үйрету;
. шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын тәрбиелеу;
. құрдастарымен өзара жақсы қарым- қатнас орнатып, жұмыс
жасау іскерліктерін дамыту.
Құрал- жабдықтар, табиғи және тастанды заттар: ағаш қабықтары, бұтақтан,
көрнекіліктер жапырақтардан, бүршіктерден, талшыннан, жаңғақ
қабығынан, сабаннан қалған қалдық заттары, дайын үлгі
жұмыстары. Бидай мен нанның суреттері немесе муляждары
Билингвалды наубайхана- пекарня; құрдас- ровесник; нан- хлеб; отбасы- компонент семья; бидай- пшеница.
Іс- әрект кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті.
Мотивациялық-
қозғаушылық
Балаларға нан туралы жұмбақтар жасыру:
Ұзын мұртты сарылар
Қойнына тыққан наны бар
(Бидай)
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем, емен жолы төмен екен
Білмді адам болсаң жауап берші,
«Құраннан» бір жас үлкен немене екен
(Нан) Жұмбақтарды тыңдап, шешімін айтады.
Ұйымдастыру- іздестіру
Жұмбақ
Орманға бірге аламын,
Теріп, жидек саламын.
(Себет)
Үлгі суретпен жұмыс
Балалардың назарын тақтада ілініп тұрған себеттің үлгі суретіне аудару, сұрақтар қою:
- Себет қандай?
- Себет не үшін керек?
- Себетке тағы не салуға болады?
Жұмыс ретін түсіндіру жасату:
. көлемі тіктөртбұрышты қағазды көл-
денең қойып, ұзын жағын 2-ге бүктеу;
. екі бүктелген жақтың аралары 4-5 см
етіп, екі рет қияды (көрсету);
. шетіне 6см жетпей көлденең 5-6 жол
қайшымен қиып, әр қиылған жолдың
арақашықтығы 2см болу керектігін
айту.
. әр балаға түстері әртүрлі, ені- 2см
(жасыл, сары) жолақшалар қиылып
тарату;
. қызыл жолақшаны көлденең алып
тігінен қиылған төртбұрыштың
жолынан өтізіп (өру тәсілін көрсету)
солай 1-жолы өріледі;
. келесі сары жолақшаны көлденең
алып, тігінен қиылған төотбұрыштың жолынан өткізу(өру тәсілін көрсету)
солайша 2- жолы өріледі.
. шетіне артық шығып тұрған қызыл, сары жолақшаны желіммен жапсыру.
Сергіту сәті
Саусақ жаттығуын жасау.
Саусақтар мен буындар,
Шаршап қалды, дем алсын.
1,2,3,
Саусақ жина күш,
1,2,3,
Буын жина күш.
Буындар мен саусақтар,
Жасады көп жұмыстар.
. тіктөртбұрыштың қиылған екі жақтарын желіммен жапсыру.
Жасаған себеттеріне қаратып сұрақ-
тар қою:
- Неге ұқсайды? Тағы не жасауымыз
Керек?
- Дұрыс, себеттің ұқсайтын жері жоқ.
. қалың жолақшаны алып, екі жағына
Желім жағып, жапсырып көрсету.
Балаларға саңырауқұлақтар мен жидектерді жинап, аюға беруді ұсыну.

Жұмбақты шешеді.
Суретті тамашалайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Қағазды өру әдісін қайталап, себетті құрастыру жолдарын түсініп алады.
Себетті құрастыруды бастайды.
Жаттығу жұмысын жасайды.
Саңырауқұлақтар мен жидектерді жинайды, аюға береді.
Рефлексивті-
түзетушілік
Тірек сызба арқылы сабақ барысын бекітіп, балаларды мадақтау. Себетті қандай әдіспен құрастырып, жасағандарын айту.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек өру әдісімен жолақша қағаздан себет құрастыруды.
Нені игереді тіктөртбұрыш көлеміндегі қағазды теңдей етіп бүктеуді.
Нені біледі тіктөртбұрышты қағаздың бұрыштары мен жақтарын беттестіруді.
Тәрбиеші: Карпеева.Г.О.
Тексерген: Оразбекова.М.Т.