Саба? жоспары география п?нінен Солт?стік ?аза?станны? шаруашылы? географиясы. (9 сынып)
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы пәні
Сынып: 9 «А», «В»
Күні: 11.04.2016
Тақырыбы: Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы.
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың мақсаты: Солтүстік Қазақстан шаруашылық жағдайына түсінік беру.
Білімділік: Оқушылар Солтүстік Қазақстанның қара металлургия, түсті металлургия, ауыл шаруашылығы, эколгиялық мәселесі жайлы білу керек.
Дамытушылық: логикалық ойын, шығармашылық қабілетін, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: топтық ережені сақтау, жеке жұмысты тиянақты орындауды қалыптастыру.
Оқыту құралдары: Оқулықпен жұмыс, АКТ қолдану, үлестірмелер, картамен жұмыс.
Сабақ жоспары
р/т Сабақтың кезеңі Уақыт Мұғалімнің қызметі Оқушылардың қызмет
1 Білу 2 мин
7 мин
1. сынып оқушыларымен амандасу, түгендеу.
1.Сыныпты түрлі түсті қағазда қала аты жазулары арқылы 3 топқа бөлу.
2.үй тапсырмасы
Әр оқушы тест сұрақтарына жауап беру.
Тест
1.Солтүстік Қазақстан ауданының құрамына қанша облыс кіреді? шектеседі?
а) 3
ә)10
б) 4
2.Солтүстік Қазақстаннның урбандалу деңгейі?
а)10
ә) 41
б) 45
3.Халықтың орналасуының орташа тығыздығы?
а) 1км2 10,2 адам
ә) 1км2 2,2 адам
б) 1км2 6,6 адам
4.Солтүстік Қазақстанның климаты?
а)континенталды-жазы қоңыржай ыстық, қысы суық
ә)шұғыл континенталды-жазы қоңыржай ыстық, қысы суық
б)қоңыржай- жазы қоңыржай ыстық, қысы суық
5.Солтүстік Қазақстанның көмір алаптары?
а)Амангелді, Қызыл Октябрь
ә) Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт
б)Екібастұз, Майкүбі, Обаған
Кезекші жауап береді.
1.Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
1 топ: Астана
2 топ: Павлодар
3 топ: Көкшетау
Өз ролдерін бөліп алады.
2.әр оқушы өздеріне берілген тапсырмаларын орындайды, оқушылар тест жұмыстарын тіл бағытымен ауыстырып тест тексеріп шығады.
2 түсіну 4 мин Жаңа сабақ
1.тақырыпты ашу.\Ой қозғау\
Суреттер арқылы жаңа тақырып ашылуы.
Берілген суреттерден не көріп тұрсыздар?
Бүгінгі тақырыбымыз: «Солтүстік Қазақстанның шаруашылық географиясы».
Солтүстік Қазақстанның өнеркәсібіне келетін болсақ қара металлургия, түсті металлургия, құрылыс өнеркәсібін жатқызамыз.
Ауыл шаруашылығына келетін болсақ басты орынды жаздық бидай өсіруге маманданған, тамақ және жеңіл өнеркәсіп жатады.
Өз ойларымен бөліседі.
Оқушы назары мұғалімде
3 Қолдану 11мин әр топқа үлестірмелерді тарату.
1топ:Техникалық дақылдар?
2топ. Картадан Солтүстік Қазақстанның аудандарын көрсет?
3топ.Солтүстік Қазақстанның негізгі маманданған саласы? Топпен жауабын дайындап, топтан бір оқушы жауап береді.
4 Талдау 12мин Кластер стратегиясы арқылы тақырыпты зерттейді.
1 топ: «Металлургия»
2 топ: «Ауыл шаруашылығы»
3 топ: «Экологиялық мәселелер» Оқушылар топпен ізденеді, кластерді қорғайды.
5 Жинақтау 4мин Экспресс-сұрақтар
1.Солтүстік Қазақстанның ауданы…………..?(566мың км кв)
2.Орташа тығыздығы.................?(6,6 адам/км*кв)
3.Өнеркәсібі...........?(қара метеллургия, түсті металлургия, құрылыс өнеркәсібі)
4.Ең ірі ферроқорытпа зауыты..................?(Ақсу фер зауыт)
5.Мал шаруашылығы...............?(ірі-қара, қой, жылқы, құс, шошқа)
6.Көкшетауда қандай құралдар шығарылады.......(оттегімен демалдыратын аппарат, салмақ өлшейтін құралдар) Оқушылар лезде жауап беруге тиіс.
6 Бағалау 5мин Үй тапсырмасы §53 345-351бет.
Формативтік суммативтік бағалау.
кері байланыс Оқушылар күнделікке үй жұмысын жазады.
Көшбасшылар топ мүшелерін бағалау парақшысына тиісті бағаларын қояды.
«білемін», «білдім», «білгім келеді»
Үй тапсырмасы: §53 345-351бет.
Қолданған әдебиет тізімі: «Қазақстанның Экономикалық және әлеуметік географиясы» УсиковВ,Казановская Т, Зәбенова Г «Атамұра»2005.
Мұғалімнің қолы: