Д. Исабеков «Ата ?міті» («Дермене» хикаятынан ?зінді) ашы? саба?
Сабақтың тақырыбы: Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)
Сабақтың мақсаты:
1. Мәтін бойынша талдау жұмыстары арқылы шығарманың көтерген негізгі проблематикасын айқындау;
2. Ойталқы негізінде оқушылардың өзіндік көзқарастарын, ұстанымдарын қалыптастыру;
3. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сараптау арқылы ізгілікке тәрбелеу
Сабақтың типі: Іскерлікті және дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабағы
Сабақтың түрі: Интеграцияланған сабақ
Сабақтың әдісі: Проблемалық сұрақтар, мәтінмен жұмыс, талдау, жинақтау,
Пәнаралық байланыс: Өзіндік тану сабағы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Шаттық шеңбері
Бүгінгі сабағымыз адамгершілік дәрісі болғандықтан сөз басы ізгі тілекпен басталсын
Бүгінгі сабағымыз жүректеріңізге ізгілік нұрын құйсын.
«Өз-өзіңді танысаң – істің басы» дегендей, өзіңді таны, өзіңе сен, өзіңді сүй.
Өз ұстанымы берік азаматтықтың биігінен көрін.
Қазақтың көрнекті жазушысы Дулат Исабековтың қай уақытта да күн тәртібінен түспейтін адамгершілік мәселесін көтерген «Дермене» хикаятынан үзінді «Ата үміті» деп аталған. Өткен сабақта шығарма мәтінімен таныстыңыздар. Біз осы шығарма бойынша өтетін екінші сабағымызды өзіндік таным сабағы түрінде өткізбекпіз.
Әңгіме өзегі – Д.Исабеков «Ата үміті» («Дермене» хикаятынан үзінді)
- Қалай ойлайсыздар, үзінді неге «Ата үміті» деп аталған? Ғұмырының көбінен азы қалған, артындағы бес тұяғының төртеуінен соғыста, соңғысынан қарадай айырылған Тоқсанбай қарт неден үміттенеді, атаның үміті неде?
Біз шығармада үш-ақ кейіпкермен жүздестік, бірақ салмағы батпандай ой түйдік.
Шығарманың басты кейіпкерлері аталы-немерелі кейіпкерлерімізбен алғаш қалай, қайда жүздестік?
Ата мен балаға келіп қосылған бейтаныс адам қандай жан?
Алғашқы жүздесу, алған әсеріңіз?
Шығарманың сізді ерекше толқытқан тұсы
Шығармадағы оқиғалардың сіз үшін ең шиеленісті, түйінді тұсы
Шығарманың тақырыбы немесе көтерілген негізгі мәселе қандай?
Кейіпкерлер жүйесі
Ішке, сыртқа
+ -
Қарапайымдылық Дөрекілік
Адал еңбек Ұятсыздық
Әділетсіздік Ұрлық
Мейірімділік Қаталдық
Арлылық Өктемдік
Адалдық Дүниеқоңыздық
Сенгіштік Пасықтық
Қаламгер шеберлігі
Шығарманың соңындағы авторлық шешім қандай, оған сіздің көзқарасыңыз?
Өзің-ақ айтшы ғаламда мынау жеңудің бәрі жеңіс пе?
Ой түйін
РАФТ
Р - роль
А - аудитория
Ф - форма
Т – тақырып
«Соңғы сөзді мен айтамын» (Ізгілік ережесі)
Қорытынды
Бағалау
Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгейлі тапсырма: «Дермене» хикаятының толық нұсқасын оқу
Мүмкіндік деңгейлі тапсырма: «Даналы ойдан дән ізде»
(Ұлы адамдардық адамгершілік туралы айтқан қанатты сөздері)