План по казахскому языку на тему ?аздар ?айтып барады (8 класс)


Сабақ: 14 Ақтөбе қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі Күні: 26.02.15 Мұғалім: Жалғасбекқызы Г. Сынып: 8 «А,В» Оқушы саны: Келмегендер:
Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесі Белгілі бір оқыту мақсаты Т/Ж7 Өзіндік көзқарас Сабақ мақсаты
Кең көлемді әңгімелерге түрлі көзқарас білдіріп, дәлелді түрде жауап береді. Кейіпкерлерге мінездеме береді. Психологиялық көңіл-күйлерін анықтайды. Алдыңғы білім «Елге оралып, еңбегі жанғандар» (туған жерге оралған қандастарымыз жайында мәлімет жинау; жұмыстарды презентация, бейнебаян, ойтолғау түрінде қорғау). Жоспар
Жоспарланған уақыт Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері Оқыту ресурстары
Сабақтың басы
5 минут
2 минут
Сабақтың ортасы
20 минут

3 минут
7 минут Ұйымдастыру сәті.
Қызығушылықты ояту
Байтас қарттың туған жерінен жырақта болуының себебі неде деп ойлайсыздар?
Бұл – аштық. Үлкен мен кішіні, кәрі мен жасты бірдей қырған қасірет. Қазақ даласында 1921-1922 жылдары ғаламат аштық болған. Сол аштық жылдарынан жеткен бір жазбада: «Ит пен мысықты ұрлап, сойып жеу, шын мәнінде, індетке айналды. Осынау «бір кесім ет үшін» бірінің жағасын бірі жыртқандар жыртылып айырылды. Қу құлқыны үшін, бір хайуанның соңынан бірнеше адам жүгіріп бара жатады. Қалайда тірі қалудың қамын жасап, жанталасқан әлгі адамның өмірге құштарлығын түсіну үшін оның қуып жүрген хайуанды ұстаған кезіндегі қуанышын көрсеңіз ғой, аштықтың қасіретті сайқымазағын сонда түсінесіз». Міне, дәл осындай көріністер жайлы Орал губерниясындағы Елек аудандық аштарға көмек комитетінің 1922 жылғы 14 қаңтарындағы есебінде: «Кешке жақын көшеге шығу қорқынышты, адамдарды, әсіресе толық адамдарды аң сияқты аулауға шығатындар бар. Аштар өлгендердің етін жеп жатыр» – деп жазылған. Міне, осы аштық заманында жүрек жалғар дән іздеген бір топ халық бытырап, даланы кезіп кетті. Солардың бірі – бүгін біз сөз етіп отырған Байтас қарттың ата-бабасы болуы әбден мүмкін. Себебі жазушы шығармасында тарихи оқиғаны негізге алған. Қабдеш ағамыздың ең басты мақсаты – өз шығармасындағы кейіпкердің арманына жетіп, атамекеніне, кіндік қаны тамған жерге оралуы екен. Ендеше, жазушы мақсатына жетті.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Әңгімеде кездесетін мақал-мәтелдер мен нақылдар арқылы топқа бөлу:
1-топ – Өлмегенге өлі балық жолығады
2-топ – Түз несібесі – тәңірден
3-топ – «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
4-топ – Туған жердің түтіні де ыстық
Мағынаны тану.
1. Топтарға тапсырмалар таратылады:
1-топ – Шығармадағы Байтас қартқа мінездеме беріңіз. Қарт бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Кестені толтырыңыз.
Кейіпкер Шығармадағы іс-әрекеті Бойындағы адами қасиеттері
2-топ – Қаздар, жазушы және Байтас қарттың арасында қандай байланыс бар? Нақты дәлелмен жеткіз.
3-топ – Қарттың бойында көрініс тапқан сезім сипаттарын анықтап, дәлелдеңіз.
Қарттың бойындағы сезім сипаттары Болды Болмады Дәлел
Қапалану Құштарлық Шаттану Қысылу Сағыныш Еркінсу Түңілу Торығу Жалғызсырау Зерігу Үміттену Өкіну Қуану Қиналу 4-топ – Шығармадағы жер-су атауларына байланысты белгіленген маршруттарға болған оқиғаларды жазу.
2. Берілген тапсырмаларды өзара талдайды, сұрақтар қояды.
3. Тапсырманың толық орындалғанын нақтылап, бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
Жетістік критерийі:
-Шығарма мазмұны бойынша кейіпкерлерге мінездеме бере алады;
-Психологиялық көңіл-күйді анықтай алады;
-Көзге көрінбейтін детальдармен жұмыс жасай алады.
Сергіту сәті. «Маска» әдісі. 4 топтан 4 оқушы ортаға шығып, жасырылып тұрған маскаларды алып, топтағы оқушыларға кейіпкердің есімін атамай, сол образға кіріп, іс-қимылы мен сөздері арқылы танытады.
«Kahoot» әдісімен білімді бекіту (оқушыларға ұялы телефондарын қолдануға рұқсат беріледі):
Слайд
Кеспе қағаздар
«Қаздар қайтып барады»
Кестелер, сызбаларМаскалар
Интербелсенді тақтаСабақтың соңы
3 мин
Рефлексия.

Үйге тапсырма: «Отаным десем ойыма...» деген тақырыпта шығарма жазу.
стикер
«Kahoot» әдісімен білімді бекіту:
1. Шығармадағы басты кейіпкер?
А) Байтас қарт
В) Төлеутай
С) Тұяқбай
Д) полицей
2. Байтас қарт қайда жол тартты?
А) атамекеніне
В) Қытайға
С) қалаға
Д) қырғыз еліне
3. Байтас қарттың үйдегі серігі?
А) қамшы
В) мылтық
С) қара домбыра
Д) кітап
4. Байтас қарттың немересі кім?
А) Төлеутай
В) Тұяқбай
С) Талғат
Д) Берікбол
5. Қарттың жолдағы азығы?
А) бір уыс малта
В) ет
С) тары
Д) қымыз
6. «Жолымдағы соңғы қатер» деп қарт қай кезде айтты?
А) өзеннің қатты ағысы кезінде
В) көкжалдың шабуылы
С) тамақ таусылған кез
Д) шекарадан өтетін уақыт
7. Байтас қарттың қасиетті заты?
А) тұмар
В) шаппа
С) дорба
Д) тақия
8. Байтас шал арман еткен дәм?
А) қымыз
В) қазы
С) шұбат
Д) бауырсақ
9. Аңшы қарттың өкінішті көзқарасы қай жерде байқалады?
А) бір топ арқарды көрген тұста
В) өзеннен өтер уақытта
С) туған жерге жеткен тұста
Д) жолазығы таусылған кезде
10. Қартқа қандай айып тағылған еді?
А) шекараға жақындауы және үйінде жасырын мылтығының бар екендігі
В) аң-құсты атқаны
С) Елге зық тауып бермеуі
Д) Немересіне дұрыс тәрбие бермеуі
11. Түрмеден шыққан қарияның жағдайы?
А) Немересінің өлімін естіп, өмірден түңілді
В) Немересімен қауышып, өзге елде қалды
С) Немересін ертіп, ұзақ сапарға шықты
Д) Отбасын құрды
12. Туған үйіне жетіп, тұмарын сөккенде, ішінен ...
А) топырақ
В) қан
С) шаш
Д) жусан
13. Қарияның жолдағы айқасы?
А) көкжалмен
В) аюмен
С) барыспен
Д) арқармен
14. Қарттың қасиетті тұмары қандай матадан тігілген?
А) барқыт
В) жібек
С) шыт
Д) мақпал
15. Қарттың арманы қанша жылдан кейін жүзеге асты?
А) 40
В) 30
С) 50
Д) 60
Топқа бөліну.
Өлмегенге өлі балық жолығады «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
Өлмегенге өлі балық жолығады «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
Өлмегенге өлі балық жолығады «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
Өлмегенге өлі балық жолығады «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
Өлмегенге өлі балық жолығады «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
Өлмегенге өлі балық жолығады «Қабырға– Базарым, қалың ел - Назарым»
Түз несібесі – тәңірден Туған жердің түтіні де ыстық
Түз несібесі – тәңірден Туған жердің түтіні де ыстық
Түз несібесі – тәңірден Туған жердің түтіні де ыстық
Түз несібесі – тәңірден Туған жердің түтіні де ыстық
Түз несібесі – тәңірден Туған жердің түтіні де ыстық
Түз несібесі – тәңірден Туған жердің түтіні де ыстық
Шығармадағы Байтас қартқа мінездеме беріңіз. Қарт бойынан қандай ерекшеліктерді байқадыңдар? Кестені толтырыңыз.
Кейіпкер Шығармадағы іс-әрекеті Бойындағы адами қасиеттері
Қаздар, жазушы және Байтас қарттың арасында қандай байланыс бар? Нақты дәлелмен жеткіз.
Қарттың бойында көрініс тапқан сезім сипаттарын анықтап, дәлелдеңіз.
Қарттың бойындағы сезім сипаттары Болды Болмады Дәлел
Қапалану құштарлық Шаттану Қысылу Сағыныш Еркінсу Түңілу Торығу жалғызсырау Зерігу Үміттену Өкіну Қуану Қиналу Төлеутай. Сен – Төлеутайсың! Оқушыларға есіміңді атамай өзіңді таныстыр.

Байтас қарт. Сен – қартсың. Оқушыларға есіміңді атамай еліңе жету үшін қандай қиындықтарды бастан өткергеніңді айтып бер.

Тұяқбай. Сен – Байтас қарттың әкесісің. Есіміңді атамай, оқушыларға өзіңді қалай таныстырар едің, әкенің образына кір.

Полицей. Бұл – сен. Байтас қартты қалай тұтқындап әкеткеніңді оқушыларға баяндап бер. Есіміңді атама.