МОНГОЛ ШАП?ЫНШЫЛЫ?Ы. САБА? ЖОСПАРЫ
Күні:21.11.2015 Сыныбы:5 «А», «Б» Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер Сабақтың тақырыбы:§11. Монғол шапқыншылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өз тарихында қилы оқиғаларды басынан кешірген ортағасырлық қаһарман қала - Отырардың қалыптасуы мен монғол шапқыншылығы кезіндегі ерлікпен қорғанысы туралы білім беру.
Дамытушылық: Отырардағы қала мәдениетінің монғол шапқыншылығына дейінгі және монғол шапқыншылығынан кейінгі жағдайын салыстыра отырып оқушыларды ой қорыта білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Отырарлық азаматтардың, Қадырханның ерлігі негізінде оқушыларды адалдыққа, туған жерін сүюге, басқыншылық соғыс атаулыны жек көруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ .
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,кестемен жұмыс.
Көрнекілік: Шыңғысханның суреті(слайд), Отырардың күйреуін суреттейтін суреттер, «Шыңғысхан» - бейнефильмі.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен амандасу және түгелдеу
-Оқушы зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасы.§10.Ұлы Жібек жолы.(мазмұндау.)
Төмендегі сұрақ-тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап ойынын өткізу.
1.Жiбек жолы Қазақстандағы қандай қалалар арқылы өтeдi?
2.Ұлы Жiбек жолының қазақ елi үшiн қандай маңызы болды?
3. Қалалар қандай бөліктерден тұрған?
4. Түркістан, Сығанақ қалалары қазақ халқының тарихында қандай рөл
атқарды?
Сабақтың жоспары:
Отырардың қалыпьасу тарихы.
Отырар қорғанысы.
СКТ Отырар
- Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала.
- Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған.
-VI-VIII ғ. Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған.
-ІХ-Х ғ. Сырдың бойындағы басты қала.
-Қазақ хандығының сауда жөне экономикалық орталығы болған.
- Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі.
-Ұлы Жібек жолының бойында орналаскан қала.
Негізгі даталар
· 1218 жыл Шыңғысхан басқарған монғолдардың Жетісу өңіріне аттануы.
· 1219 жылы 150 мыңға жуық монғол қалың қолының Отырарға шабуылы.
· 1220 жыл монғолдардың Отырарды алуы.
Бейне роликті тамашалау.
Сабақты бекіту. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
А) б.з.б.Үғ. Ә) ХҮІғ. Б) ҮІ-ҮІІІғ.
2. Қала қанша дуалмен қоршалған?
А) 2 Ә) 3 Б) 4 3. Отырар қаласының билеушісі кім?
А) Қайырхан Ә) Қараша Б) Шыңғысхан 4. Моңғолдар Отырар қаласын қашан жаулап алды?
А) 1218жылы Ә) 1220жылы Б) 1221жылы 5. Ұлы құрылтайда Темучиннің Шыңғысхан атанған жылы?
А) 1205жылы Ә) 1208жылы Б) 1206жылы 6. Отырар қаласына керуенмен қанша адамдар келеді?
А) 450 Ә) 500 Б) 449 7. Отырар қаласы қанша ай жаулармен соғысады?
А) 4 Ә) 5 Б) 6 Тарихи тұлғаларды сәйкестендір
1.Қайырхан а Отырарлық сатқын
2. Шыңғысхан ә Отырар әміршісі
3. Қараша б Монғол империясы ханы
Сабақты қорытындылау.
INSERT әдісі.
Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §11.тест тапсырмаларын құрау.