Предметная неделя по математике Сен білесі? бе? (2-класс)


Тақырыбы: «Сен білесің бе?»
Мақсаты:1) Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу. 3) Оқушылардың зейінін, ойлауын дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.Көрнекіліктер: суреттер,мақал-мәтелдер,логикалық есептер жинағы,геометриялық фигуралар,ребустар,сандар
Математикалық сайыстың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық
Сәлеметсіздер ме,ұстаздар,оқушылар! Қанекей ,балалар ортаға шығайық.
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Мұғалім:Бүгінгі 2-сынып арасында өтілетін «Сен білесің бе?» атты тақырыптағы сайысқа қош келдіңіздер!
Жас достарым мұны жақсы ұғайық,
Математика ғылымы құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәніне,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де,
Мүмкін емес есептерсіз түсіну,
Есебіңіз дүние кілті әлі де.
Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныстырайық.Сайысымыздың жоспарымен таныс болыңыздар:
Кемпірқосақтың жеті түсінде әр түрлі тапсырмалар алынған.1. Қызыл түс: «Ой қозғау» 2. Қызғылт сары түс: «Бейнелі сөз» 3. Сары түс: «Жалғасын тап»4. Жасыл түс: «Геометриялық пішіндер»5. Ашық көк түс: «Жасырынған сөз»
6. Қою көк түс: «Сиқырлы цифрлар»
7. Күлгін түс: «Жұмбақтар»

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын-дей келе «Ой қозғау» бөлімін бастайық.
1.Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
3. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
4. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
5. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?  Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
6.Торда 12 құс отыр. Оның 11-нен басқасы ұшып кетті? Торда қанша құс қалды?Жауабы:12 құс. (Тордан ұша алмайды)
7.2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды? Жауабы:2 сағат ойнайды
8. Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса,1 аяғымен тұрса неше пұт тартады? Жауабы: 1 пұт9.Бақытжанның 4 ұлы, олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар? Жауабы:5
2. Қызғылт сары түс: 2-бөлім:«Бейнелі сөз» 
Қосу ,азайту, шаршы

(қосу)

(азайту)

(шаршы)
3. Сары түс: 3-бөлім:«Жалғасын тап»
Математикалық сандар бар мақал-мәтелдердің жалғасын айту керек.1. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз2. Ер қаруы – бес қару.3. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі жетеді.
4. Жігітке жеті өнер де аз.5. Жұт жеті ағайынды.6. Екі қолға бір күрек.7. Отыз тістен шыққан сөз отыз елге жайылады.8. Ел құлағы елу.9. Жақсы қас болмас, 2 жаман дос болмас.
10. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.11. Бір тал кессең, он тал ек.12. Бес саусақ бірдей емес.13. 100 сомын болғанша, 100 досын болсын.14. Бір кісі қазған құдықтан 1000 кісі су ішеді.15. Бір жақсы дос, жүз туыстан артық.«Жалғасын тап» бөлімінің қорытындысын бағалау үшін кезек әділ қазыларға беріледі.4. Жасыл түс:4-бөлім: «Геометриялық пішіндер»
Геометриялық пішіндерден сурет салу.


5. Ашық көк түс:5-бөлім: «Жасырынған сөз»
А З Д І К У
З І О Т Т Т
А С Ш Е Ө Р
Й Ң Е Ң Б Е
Т Е Ң Д Е У
У Т Б І К С
Азайту,теңсіздік,шеңбер,теңдеу,төрт
6. Қою көк түс: 6-бөлім: «Сиқырлы цифрлар»




Шындықты алғаш таратқан,
Жыл, күніңді санатқан,
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан
Есеп емей немене?
Білмегенді білгізген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып, 
Пайдасын елге тигізген
Есеп емей немене?  - деп сайыстың 6 – бөлімін бастайық.
7. Күлгін түс: «Жұмбақтар» Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар Салдыраған 8 жерден таңбасы бар. Бұлбұлды жолға салып айдағанда, Салатын неше түрлі жорғасы бар.(Домбыра) Екі айнасы бар, екі найзасы бар, Төрт сылдырмағы бар, Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр) Тоғыз белбеу, қос жібек, Екі мұрын бір шүмек. (домбыра) Өзі 4 қанатты және 6 аяқты, Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты.(Инелік) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш) Қарнында бір көлдің балығы бар, Немесе жандының алыбы бар.(Кит) Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр - шиыр жолы көп. (Қалам) Екі ағайынды екеуі де бір үйде, Бірін - бірі көрмейді.(Көз)
Мұғалім: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ сына

Еңбегін жас математиктердің әділ сына, — демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.
Қорытынды:
Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған!
   Математиканы білмейсің, дұрыс өмір сүрмейсің!
Мұғалім: Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,
Бұның қызығын талай адам тыңдады.
Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі
Болса егер көңіл жақын таңдады.
Көңіл бөліп бұл сайысқа,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрермен баршаңызға
Мың алғыс, мың рахмет!