Бас ?ріппен жазылатын с?здерді д?рыс жаза білу


Қысқа мерзімді жоспар
Сауат ашу
Мектеп: № 10
Күні:15.02 Мұғалім: Нуржанова Т.М
Сынып:1В Қатысқаны: Қатыспағаны:
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар 1.3.9.4. Бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін ,жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза білу.
Табыс критерийлері Барлық оқушылар білуге тиісті:
Бас әріппен жазылатын сөздерді біледі, айта алады.
Оқушылардың көпшілігі:
Бас әріппен жазылатын сөздерді біледі, жаза алады.
Кейбір оқушылар:
Бас әріппен жазылатын сөздерді біледі, жаза алады және мысал келтіре алады.
Осыған дейін меңгерілген білім Мұғалімнің көмегімен хат, құтықтау хат жаза біледі.
Тілдік мақсат Сабақтың барысы
Уақыт Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер
Қызығушылығын ояту
Басы
4 мин Балаларды шеңберге тұрғызу, қолдарыңа әртүсті қағаздар беру, сол қағаздағы түс бойынша бас әріппен айтылатын сөздерді айтады.
Қызыл түс-досының аты
Көк түс-анасының аты
Жасыл түс-әкесінің аты
Сары түс-қаланың аты
Осы бойынша топтарға бөліну.
Балалар, бүгінгі біздің мақсатымыз бас әріппен жазылатын сөздерді (адамдардың есімдерін ,жер-су аттарын, үй жануарларына берілген атауларды) дұрыс жаза білуіміз керек және сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады және дұрыс дыбыстай алуымыз керек. Түрлі-түсті қағаздар
Ортасы
35мин -Балалар, қандай сөздер бас әріппен жазылады екен?
-Кім мысал келтіреді?
Топ ішінде ақылдасып жауап беріңдер.
Жеке жұмыс
Өз тобындағы отырған балалардың аттарын әліпби ретімен жазып шығу,бір балаға балмұздақ таяқшасы арқылы оқыту.
Бағалау жүргізу.
Мәтінмен жұмыс
Пойызда екі оқушымен таныстым. Бірінің есімі – Ернар, екіншісінің аты –Дидар. Олар да Көкшетауға бара жатыр. Жас математиктерге арналған бес күндік оқуға шақырылған екен. Біздер Оқжетпес шыңы, Жұмбақтас, Бурабай көлі туралы әңгімелестік. Бірге қыдыруды жоспарладық.
Мәтінді мұғалімнің оқуы (2-3 рет тыңдау)
Топтық жұмыс (есте қалғаны бойынша бас әріппен жазылатын сөздерді жазу) (4 мин)
Постерлерін қорғау, тексеру (4 мин)
Жетістік критерийімен бағалаймыз.
*бас әріппен жазылатын сөздердің болуы
*кем дегенде 5 сөз болу керек.
Мәтінді топқа беріп тізбектеп оқып шығу
Балмұздақ таяғы арқылы қонаққа баратын баланы анықтап, мәтіннің мазмұнын айту.
Күн, бұлт, жаңбыр арқылы бағалау
Не себепті осылай бағаладыңдар?
Оқушылардың ойын білу
Топтық жұмыс
Оқушыларға суреттен қала атауларын тапқызу
Шектелген уақыт беру
Топтар бір-бірімен жұмыстарын ауыстырып тексереді. Тақтадағы экраннан дайын жұмыс үлгісін көрсету арқылы тексеру.
«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағалау
-Енді осы сабағымызды қорытындылау есебінде төлқұжат толтыруымыз керек.
-Төлқұжат не екенін білесіңдер ме?
-Балалар, төлқұжатқа өз аттарыңды, тектеріңді, әкелеріңнің аттарың және қайда тұратындарыңды жазасыңдар.
Жетті, талпынды деп бағалау Мәтін, ақ қағаз,маркер
Балмұздақ таяғы
Күн, бұлт, жаңбыр
Соңы
3 мин -
Кері байланыс
Бүгін сабақта не білдің?
Не қиындық туғызды?
Бүгінгі алған біліміңді қайда пайдалана аласың?
Жұпта кіммен жұмыс істеу қызықты болды? Неге?
Өзің үшін қандай құнды мәлімет алдың?
Рефлексия
«Бас бармақ» Қосымша мәліметтер
Өткізілген сабақ бойынша мұғалім жазбасы:
1.Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тиімділігі:
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді:
3.Оқушылардың белсенділігі:
4.Сабақтың мақсатына жету жолындағы қадамдардың маңызы:
5.Кездескен кедергілер мен оны еңсеру жолдары: