Ма?танша?тар. Бас ?ріппен жазылатын с?здер.


Сабақтың тақырыбы: Мақтаншақтар. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бас әріппен жазылатын сөздерді ажырата білуге төселдіру; сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: ойындар, карточкалар,кесте т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(психологиялық дайындық)
Ал, балалар, бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
Сендер мына қолымдағы қызыл, сары, қоңыр гүлдіңқайсысын таңдайсыңдар?
Қызыл гүлді көп таңдаған оқушылардың көңіл күйлері өте жақсы, ал қоңыр, сары гүлді таңдаса, онда көңіл күйлері орташа деген сөз.
Бүгінгі сабақта қызықты тапсырмалар орындасақ, көңіл күйлерің одан да жаксы болады.
Сабақты бастамас бұрын сабақ мәнді өтуі үшін ережелермен таныс болайық:
Тыныштық сақтау;
Қол соғу;
Бірімізді тыңдау;
Ойымызды толық жеткізу;ІІ. Үй жұмысын тексеру кезең.
(буындардан сөз құрау)
III. Өткенді қайталау
Зат есім және бас әріптен жазылатын сөздер.
Зат есім дегеніміз не?
Зат есім кандай сұрақтарға жауап береді?
Кім? деген сұрақ кайда қойылады?
Не? Деген сұрақ кайда қойылады?
Бас әріптен жазылатын сөздер қандай?
IV. Тақтамен жұмыс.
Екі ағаш ілінеді. Бірінші ағаш не? сұрағы жазылған, екінші ағашқа кім? Сұрағы жазылған. Осы ағаштардың жанында жапырақтар жапсырылған. Әр жапырақтың артында сөздер жазулы. Оқушылар жапырақты алып, артын оқып тиісті ағашқа жапсырады.
V. Жаңа сабақ
Бас әріптен жазылатын сөздер
(Айдос, Раушан, Сәуле, Дидар, Жанибек, Аягөз, Аружан)
Жер су аттары да бас әріптен жазылады.
V.Оқулықпен жұмыс.223-жаттығу."Мақтаншақтар"
а)Әңгімені мұғалімнің оқуы.
ә) Оқушылардың оқуы.
б)Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:
Тайбек пен Маржан қандай балалар?
Берік пен Серікке көкесі қандай ақыл айтты?
Олар өз кемшіліктерін түсінді ме?
VI. Дәптермен жұмыс
Күннің ретін жазу.
Көркем жазу ( Ее әріпі, есік)
Оқушылар әңгіменің ішіндегі кісі аттарын теріп жазу тапсырылады.
VII. Сергіту сәті
Секіреміз топ-топ,
Шапалақтап көп-көп.
Иiлемiз оңға қарай бiр,екi,үш,
Иiлемiз солға қарай бiр,екi,үш.
VIII. Ата-анамен жұмыс.
Әр оқушы өз анасымен бірге отырады. Әр топқа шағын мәтін беріледі. Қиылған мәтіндерді құрастырады. Құрастырып болған соң ішінен кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табады.
IX. «Келші, келші, балашым...» ойыны
Көздері жабулы ата-аналар өз балаларын тауып алуы керек.
ҮІ. Қорытынды бөлім.
Рефлекция «Бағдаршам»
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Оқушылардың еңбегін мадақтау.