Жусан. Бас ?ріппен жазылатын с?здер, 1-сынып


Күні: 22.04.15
Сыныбы:1
Пәні:Ана тілі
Тақырыбы: Жусан. Бас әріппен жазылатын сөздер.
Мақсаты: :
1. Оқушыларға жер-су аттарын бас әріппен жазылуын меңгерту;
2. Оқу дағдысын жетілдіру, сөздік қорын дамыту;
3 Оқушыларды туған жерін қадірлеуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: жусанның суреті, сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.
2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Барша жанды құрметтеп
Бас иеміз біз
ІІ. Өткенді қайталау:
«Сиқырлы қоржын» ойыны
Кім? Сұрағына мысал келтір
Не сұрағына мысал келтір
Кімдер сұрағына мысал келтір
Нелер сұрағына мысал келтір
Адам аттары қандай әріптен жазылады?
Ендеше, адам аттары бас әріптен басталып жазылады. Оларға кім? , кімдер? Деген сұрақтар қойылады.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Енді, балалар, тақтада тұрған сөзжұмбақты шешейік.
Табиғат құбылысы (жаңбыр)
Шаңырақ пен керегені қосатын не? (уық)
Нақты уақытты көрсететін не? (сағат)
Ең жақын адам (ана)
Ас атасы (нан)
Сонда, ортада бізде қандай сөз шықты? Жусан
Бүгінгі өтетін сабағымыз Жусан.
Жусан қандай шөп?
Ереже Жер –су аттары бас әріптен басталып жазылады: Алатау, Тараз, Өскемен
Жусан бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар.  Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.[1]Жусанның түрлері: ақ жусан, қара жусан, ащы жусанІҮ.Дәптермен жұмыс
Сәуірдің жиырма екісі
Сынып жұмысы
Көркем жазу жолы
Жж
Жандос
Сергіту сәті
226 – жаттығу Ребусты шешу
Шешуіндегі сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
Ақтау
Жұппен жұмыс
Әр жұпқа төрт жолды өлең беріледі. Қалып қойған сөздерді керекті сөздерден жазу
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Абай Құнанбайұлы
Алтын ұяң - Отан қымбат,Құт - берекең - атаң қымбатТуып - өскен елің қымбатКіндік кескен жерін қымбат
Алтай - Жайық арасы -
Жарты әлемдей даласы,
Ол - біздің Қазақстан!
Кенге толы қойнауы,
227 – жаттығу
Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып жаз
Менің елім – Қазақстан. Елімнің бас қаласы – Астана.
Ү. Қорытынды:

Бас әріппен қандай сөздер жазылады?
Адамның атын кіші әріппен жазуға болады ма?
VІ. Бағалау : жақсы қатысқан оқушыларды бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: 225-жаттығу мәнерлеп оқу, 227-жаттығу бет 141