Аша? саба?: Сурет саба?ы
№2 технологиялық карта
Білім беру саласы: « Қатынас» «Таным» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті : «Көркем әдебиет» , «Құрастыру», «Сурет»
Тақырыбы:Көктем тақырыбына салынған сурет бойынша әңгіме
Мақсаты :Көктем мезгіліне қатысты көркем сөздермен таныстыру;
көктем мезгіліне деген сүйінпеншілікке тәрбиелеу; еңбексүйгіштікке ,әдептілікке тәрбилеу ; балалардың сөздік қорларын,тіл байлықтарын дамыту. Ф. Фребель материалдарымен жұмыс жасауды үйрету;нүктелерден гүл құрастыруға үйрету
Қажетті көрнекі – құралдары :Тақырыпқа сай суреттер, Ф. Фребель материалдары № 10 қорапша; акварель, ақ қағаз
Қолданылатын технология: Ф.Фребель технологиясы
Әдіс тәсілі : көрсету түсіндіру ,ойын, сұрақ-жауап
Билиингвалды компонент :көктем –весна, март- наурыз
сәуір- апрель,мамыр-май
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Сәлемдесу
Шаттық шеңбері:
Балаларға бір- біріне жылы тілектер айтуды ұсынады.
Тәрбиеші жыл мезгілдері туралы слаид көрсетеді,баларға сұрақтар қояды:
-Бір жылда неше жыл мезгілі бар ?Атап айтайықшы.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінде неше ай бар?Атап айтайықшы.
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады
-Көктем мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?
Балаларды тыңдайды ,жауаптарын толықтырады
Балалар бір –біріне жылулық шеңберінде жақсы тілектерін айтады.
Слаидтағы суреттерді тамашалайды
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді
Іздену - ұйымдастырушы Тәрбиеші балаларға үш орталыққа бөлініп жұмыс жасауды ұсынады.Орталықтарда жасалатын жұмыс түрлерімен таныстырады.
1-ші:«Әдебиет орталығында»көктем мезгілі туралы тақпақ жаттау жұмысы жүреді
Мақсаты : балалардың сөздік қорларын,тіл байлықтарын дамыту
2- ші :«Өнер орталығында»Қызғалдақ гүлінің суретін салу жұмысы жүреді
Мақсаты : балалардың шығармашылықтарын дамыту
3-ші :«Құрастыру орталығында»
Ф. Фребель материалдарымен ( № 10қорапша «нүктелер») гүл құрастыру жұмысы жүреді
Мақсаты : Ф. Фребель материалдарымен жұмыс түрлерін дамыту
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын таза әрі ұқыпты жасауларын қадағалайды,қиналған балаларға көмектеседі.
7 минуттан соң балаларды орталықтардан ауыстырады
Сергіту сәті:
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл- жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құлпырғаны қызық-ақ
Жеті түрлі бояумен.
Бір кесегңн үзіп ап,
Үйіме әкеп қояр ма ем «Әдебиет орталығында»көктем мезгілі туралы тақпақ жаттайды
«Өнер орталығында»Қызғалдақ гүлінің суретін салады
«Құрастыру орталығында»
Ф. Фребель материалдарының «нүктелерінен»гүл құрастырады
Сергіту жаттығуын іс- қимылдарымен жасайды
Рефлексивті коррекциялаушы Қорытынды. Көрме ұйымдастырады.
Тәрбиеші балаларды ашық алаңда жинап, сұрақтар қою арқылы оқу іс –әрекетін қорытындылайды:
-Балалар,біз бүгін не үйрендік?
Жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды. Көрмені тамашалайды.
Сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек :жыл мезгілдерін біледі,ажыратып айтады.
Нені игереді : Қызғалдақ гүлінің суретін салады
Нені біледі :Көктем мезгілі туралы тақпақ жаттайды жаттайды