ДКСО д?ниеж?зі тарихы 9 сынып


Дүние жүзі тарихы пәнінен тест сұрақтары. 1. X ғасырда Ұлы Моравия мемлекетінің орнына құрылған мемлекет: Чех мемлекеті 2. Еуропада кең тараған славян тайпаларының бөлінуі: үш топқа 3. Орыс жерінде Киев Русі атты мемлекеттің құрылу кезеңі: X ғасыр 4. Киев Русінде христиан дінін қабылдау жылы: 988 жыл 5. Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалаған кінәз: Ярослав Мудрый 6. Ағылшын буржуазиялық революциясының басталуына түрткі болған оқиға: «Ұзақ парламенттің» шақырылуы 7. Секуляризация дегеніміз................ Рухани және әлеуметтік өмірдің дін ықпалынан босауы 8. ХҮІІІ ғ. Индустриялық өркениеттің отаны: Англия 9. Ағылшын буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: Абсолютизм және феодалдық тәртіптер жойылды 10. ХҮІІ ғ Англияда капиталистік қатынастардың дамуына ең басты кедергі болған жағдай: Абсолютті монархия мен ескі феодалдық тәртіптер 11. Еуропалық отаршылдық саясатты тудырған тарихи жағдай: Ұлы Географиялық ашулар 12. Англияда ХҮІ ғ. басталған қауымдық алқаптарды қоршаудың әлеуметтік-экономикалық салдары: Жерден айырылған шаруалар қалаларға шоғырланды 13. Шіркеуді епископтар мен шіркеу соттары билігінен және құпиялықтардан тазартуды жақтаушылар: Пуритандар 14. Ағылшын буржуазиялық революциясының нәтижесінде орныққан мемлекеттік басқару формасы: Парламенттік монархия 15. 1639 ж. Ағылшын королі І Карлдың парламентті шақыру себебі: Шотландиямен соғыстың басталуы 16. 1649 ж. диггерлер қозғалысында ұсынылған талаптар: Жердің қоғамдастырылуын 17. 1653 ж. Англияда қабылданған жаңа конституция – «Басқару жоспарының» мәні: Кромвель лорд-протектор болып тағайындалды 18. 1688 ж. Англияда орнаған мемлекеттік басқару жүйесі: B) Парламентті монархия 19. ХVІІ ғ. қалыптасқан Ағартушылық көзқарастың мәні: Қоршаған әлемді ғылым мен тәжірибе арқылы тану 20. Монарх өте сауатты, данышпан философ болуы керек деген қағиданы ұстанған ағартушы: Франсуа Мари Аруэ 21. Атеистер – .............. E) Құдайды жоққа шығарушы ағартушылар 22. Барлығы бірдей тең және ортақ мүлікке иелік ететін қоғам ең әділетті қоғам деп есептейтін француз ойшылы: C) Жан Мелье 23. Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні: Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады 24. ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар: Ағартушылар 25. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені: Виргиния 26. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар: 1775-1783 ж. 27. Отары бар мемлекет: Метрополия 28. АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі: «Тәуелсіздік декларациясы» 29. 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат: Бенжамин Франклин 30. АҚШ-тың тұңғыш президенті: Д.Вашингтон 31. 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі: Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды 32. 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі: Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы 33. АҚШ Конституциясы қабылданған жыл: 1787 ж. 34. ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі: Бас штаттар 35. Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға: E) Бастилияның алынуы 36. 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі: Абсолюттік монархияның құлауы 37. Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика: Франция 38. 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі: Француз революциясын тұншықтыру үшін 39. 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға: Францияның республика болып жариялануы 40. 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер: Якобиншілдер 41. Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы: Абсолюттік монархия жойылды 42. ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай: Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды 43. Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл: 1703 ж. 44. 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі: Ништад келісімі 45. Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы: І Петр 46. І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы: Кунсткамера 47. І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты: Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу 48. 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет: Швеция 49. Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы: «Сарайлар төңкерісі дәуірі» 50. 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы: Е.Пугачев 51. 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы: ІІ Екатерина 52. 1700-1721 жылдары болған соғыс: Солтүстік соғыс 53. ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет: Дели сұлтандығы 54. ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы: Бабыр 55. Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер: Вакф 56. ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер: Англия мен Франция 57. ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет: Осман империясы 58. ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай: Сипахилік жүйенің ыдырауы 59. 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған: Патрон Халил 60. ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі: Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді 61. ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты: Оқшаулану саясаты 62. 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы: Ли Цзычэн 63. 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты: Қытайға келуіне тыйым салды 64. Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл: 1635 ж. 65. Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы: Батыр қонтайшы 66. ХVІ ғ. соңында Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар: Сегундар 67. ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет: Жапония 68. ХVІІ-ХVІІІ ғ. араб әлемінде жүзеге аса бастаған саяси жағдай: Капиталистік-отаршылдық жүйенің ықпалына түсе бастауы 69. ХVІІ ғасырда Иранды билеген әулет: Сефевидтер әулеті 70. ХVІІ ғ. Ирандағы мемлекет меншігіндегі жер: Дивани 71. 1795 ж. АҚШ-пен бейбітшілік және достық туралы шартқа қол қойған араб елі: Алжир 72. 1869 ж. іске қосылған Суэц каналын салған мемлекет: Франция 73. ХVІІІ ғ. Иран халқының ауғандарға қарсы күресін басқарған ...... Нәдір 74. ХVІІІ ғ. Иран шахы Нәдірдің саяси беделінің түсу себебі: Үздіксіз жүргізген соғыстарының халыққа ауыр зардаптар әкелуі 75. Иранның Каджар әулеті тұсындағы астанасы: Тегеран 76. Каджар әулеті тұсындағы Иран жерінің әкімшілік аймақтары: Вилаеттер 77. ХVІІ ғ. Ирандағы отбасы меншігіндегі жер: Хассэ 78. Мәдениет пен мемлекеттіліктің өзіндік дәстүрлерін бұрын жасаған елдер: Шығыс елдері 79. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Еуропалық жаулап алушылар құрған сауда тірек пунктері: Факториялар 80. ХVІІ ғ. басына қарай Батыс Еуропа елдерінің ішінде сауда және отарлық біріншілікті иемденген мемлекет: Голландия 81. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Англияда «мемлекет ішіндегі мемлекет» атанған ерекше құрылым: Ост-Үнді компаниясы 82. ХVІІ-ХVІІІ ғ. Қытай, Жапония елдерінің шетелдік отаршылдарға елді тонатпау үшін ұстанған саясаты: «Жабық есік» 83. Қытай рыногын жаулап алу жолындағы «апиын соғыстарының» бастамашысы болған мемлекет: Англия 84. ХVІІІ-ХІХ ғ. Шығыс елдерінің экономикалық саяси және мәдени жағынан артта қалуының басты себебі: Еуропалық отаршылдардың тонаушылық саясаты 85. Метрополия дегеніміз..... Отар иемденген мемлекет 86. Экспансия саясатының мәні: Мемлекеттің өзінің ықпалын басқа елдерге түрлі әдістермен тарату саясаты 87. Дүние жүзінде отаршылдық жүйенің негізін қалағандар: Сауда компаниялары 88. Өздерінің бақытсыздығын машинадан көрген жұмысшылар: Луддашылдар 89. 1819 ж. Англияда лорд Ливерпуль кабинетінің әлеуметтік заң шығару саласында жасаған маңызды қадамы: 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салынды 90. 1764 ж. «Дженни» атты механикалық ұршықты ойлап тапқан инженер: Дж. Харгривс 91. 1765ж. Бу машинасын ойлап тапқан: Джеймс Уатт 92. Өнеркәсіп төңкерісінің мәні: Өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне өтуі 93. «Дүниежүзілік шеберхана» атанған мемлекет: Англия 94. ХІХғ. 30-50 жылдары Англиядағы пролетариаттың бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы: Чартизм 95. ХІХ ғ. Англияда ірі жер иеленушілердің, ірі кеме иелері мен саудагерлердің мүддесін қорғаған саяси партия: Консерваторлар 96. ХІХ ғ. соңында ағылшын экономикасының даму қарқынының төмендеу себебі: Шетелдерде ағылшын тауарларына жоғары салықтардың салынуы 97. 1804 ж. Рим папасы салтанатты түрде тәж кигізген император: І Наполен 98. 1799 ж. 9 қарашадағы Франциядағы мемлекеттік төңкерістің нәтижесі: Консулдық жүйе орнады 99. І Наполеонның өнеркәсіпке жасаған қолдауы: Өнеркәсіпке мемлекеттік жәрдем ақша мен сыйлық беріп отырды 100. Англияны экономикалық тұрғыдан күйрету мақсатында Наполеонның жүргізген шарасы: Құрлықты қоршауды жариялады