Саба? жоспары Ас атасы — нан
Сабақтың тақырыбы: «Ас атасы – нан».
Сабақтың мақсаты:
Дән тұқымымен таныстыру, бидайдан нан жасалатынын айта отырып, дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен, қолданылатынын, техникалардың аттарымен таныстыру. Диханшылардың еңбегімен таныстыру.Үлкендердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық мақсаты:Балалардың ақыл – ой белсенділігін арттыру. Өлең , мақал – мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту, жетілдіру;
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырманы орындауға, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру;
Білімділігі: Геометриялық денелер туралы ұғымдарын кеңейту, мүсіндеу арқылы қолмашықтарын жетілдіру. Еңбектерінің жемісін көру.
Жаңа сөздер: Наубайхана, диірмен, комбайн, дихан, қырман, масақ.
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, оқу әңгімелесу, сұрақ – жауап арқылы сөздердің мағынасын түсіндіру, сергіту сәті.
Көрнекілік құралдар: «Нан қалай келеді?» - сериялық суреттер, атрибуттар, нан түрлері, ұн және масақ.
Сабақтың барысы:
Сәлеметсіздерме балалар. Біздің бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр екен, қане қонақтармен амандасайық.
Психологиялық сәт:
Балалар сендердің көңіл күйлерің қалай?
Жақсы.
Олай болса көңілді болғанда не істейсіңдер? (қол шапалақтау)
Ренжігенде? (қабақ түйеміз)
Қорыққанда? (көздерін жұмады)
Таңқалғанда? (көздерін бақырайтады)
Қуанғанда? (күледі)
Ендеше біз бір – бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.
Күніміз жарқын болсын,
Аспанымыз ашық болсын.
Күніміз сәтті болсын,
Деніміз сау болсын.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
Бір жылда неше мезгіл бар?
4 мезгіл бар.
Кәне, атап шығайық.
Күз, қыс, көктем, жаз.
Күз мезгілдеріне қандай айлар жатады?
Қыркүйек, қазан, қараша.
Қазір қай ай?
Қазан айы.
Дұрыс, балалар, бүгін қазан айының (күні, апта аты)
Күз мезгілі берекелі, молшылығы көп мезгіл, бұл жыл мезгілінде жеміс – жидек пісіп, егін пісіп қамба астыққа толады.
Ғафу: «Ас атасы – нан,
Нан атасы – дән»
Мұстафа: «Жердің сәні – егін,
Ердің сәні – білім»
Нұрасыл: «Еңбек түбі – береке,
Көптің түбі – мереке»
«Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің наны тәтті»
Сергіту сәті:
Нан қиқымын шашпаңдар, (қолдарын бұлғайды)
Жерде жатса, баспаңдар. (2 рет)
Теріп алып қастарлеп, (Алақандарын жаяды)
Торғайларға тастаңдар. (Саусақтарының ұшымен себелеу қимылын жасайды)
Өлең оқып беру, мақал – мәтел айту.
Наргиз:
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
Диана:
«Ас атасы – нан».
«Нан бар жерде ән бар»
«Нан – тіршілік көзі».
Ғафу:
Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Ребус шешу.
Сабақты қорытындылау:
Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар.